«Бизнес этиасы» пәнінен қысқаша дәріс тезистері



бет14/40
Дата05.11.2023
өлшемі181,94 Kb.
#189850
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40
Байланысты:
be 2

Шешендік сөздің түрлері.
Қазіргі шешендік сөздер мақсатына, мазмұнына, сөйлеу шарттарына қарай беске бөлінеді:
1.Әлеуметтік- саяси шешендік сөздер. Бұларға осы тақырыптағы баяндамалар, сөйленетін сөздер, митинг, конференция, съезд, сессиялардағы сөздер, хабарламалар, радио, теледидардан ауызша жүргізілетін саяси- әлеуметтік шолулар жатады.
2.Академиялық шешендік. Бұған жоғары оқу орындарында оқылатын лекциялар, ғылыми баяндамалар, хабарламалар, шолулар жатады.
3.Сот ісінде қолданылатын шешендік сөздар. Прокурордың айыптау сөзі, әлекметтік айыптаушылар мен қорғаушылардың сөздері, адвокаттың, айыпкердің сөзі жатады.
4.Әлеуметтік- тұрмыстық шешендік сөздер. Мерейтойларда, салтанатты дастарқан басында, қабір басында, көпшіліктің алдында айтылатын сөздер жатады.
5.Діни қызметте қолданылатын шешендік сөздер (уағыз). Уағыздау, иман сөздері жатады. Таным мен білім, рухани дүниені дамыту, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда, адамзатты ізгілікке, қайырымдылыққа үндеуде тәрбиенің құралы ретінде шешендік сөздер тарихымыздың, қоғам мен мәдениетіміздің айнасы болмақ.
Шешендік сөздің түрлері.





Шешендік сөздің тектері

Шешендік сөздің түрлері

Стильде-
рі

Негізгі тілдік құралдар

1.

Әлеуметтік-саяси шешендік сөздер

Баяндамалар, мәжіліс, митинг, конферен-
циядағы сөздер, үгіт- насихаттық шолу, дипломатиялық сөз.

Публистикалық,рес-ми, ғылы-
ми

Афоризмдер, терминдер, фактілер, сілтемелер, қаратпа, қыстырма сөздер.

2.

Академиялық шешендік сөз.

Мектептегі, жоғары оқу орындарындағы лекция, баяндама, шолу, хабарлама.

Ғылыми, ресми, публистикалық

Фактілер, терминдер, салыстырмалар.

3.

Әлеуметтік- тұрмыстық шешендік сөздер.

Салтанаттарда, мерей
тойларда, дастарқанда, қабір басындағы сөздер.

Көркем әдеби, публистикалық

Мақал-мәтелдер, афоризмдер,тұрақты сөз тіркестері,













Оқшау сөздер, сөз айшықтары

4.

Сот ісінде қолданылатын сөз.

Прокурордың айыптау, адвокаттың қорғау, айыпкедің қорғану сөздері.

Ресми, сөйлеу, публистикалық

Іскерлік қатынас тілі, мақал-мәтел,риторикалық сұрау

5.

Діни қызметтегі шешендік сөздер.

Уағыз. Иман сөздері.

Сөйлеу тілі, публистикалық

Діни терминдер, имандылыққа үндейтін сөз орамдары.

Шешендік сөз сапалары.
Шешендік шығармашылық биікке көтерілген кезде көрінеді. Шешендік сөзде сөйлеу айшықтары мол болады. Сөйлеу айшықтары дегеніміз- тыңдаушыға әсерлі, сөйлеудің мәлерлілігін, экспрессивті мәнін күшейтетін синтаксистік құрылымдардың ерекшеленген формалары, оған шендестіру, градация, қайталау, риторикалық сұрау т.б. жатады. Шешендік сөздерде бейнелі эпитеттер, образды теңеулер, аллитерация, ассонанстар мол қолданылады.
Шешендік сөздерде мақал- мәтелдермен қатар өзгенің сөзінен келтірілген дәйексөз орын алады.Қыстырма, қаратпа сөздерді қолдану,тыңдаушы мен айтушыны жалғастыратын иә, жоқ, ал, керек, сияқты сөздері де кездеседі.
Шешендік сөздің сырты қандай сұлу болса, іші де сондай мазмұнды, терең мағыналы, “тыңдаушысын бордай езілтуі” негізгі шарт түрінде қала бермек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет