Бизнес-жоба мал шаруашылығы (Жылқы бордақылау) ип «даурен»


жылмен салыстырғанда 2022 жылы жұмыртқадан басқа азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтынудың төмендеуі байқалды



бет4/12
Дата18.12.2023
өлшемі457,54 Kb.
#197473
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
1Нуркен бп оригинал

2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы жұмыртқадан басқа азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтынудың төмендеуі байқалды.

Қала және ауыл халқының азық-түлік өнімдерінің негізгі топтарын тұтынуын салыстырғанда ең жоғары айырмашылық жұмыртқа, нан өнімдері және жарма өнімдері, сондай-ақ жемістерді тұтыну бойынша байқалды.Азық-түлік өнімдерінің негізгі топтарын орташа жан басына шаққандағы тұтынуының өңірлік аспектісін қарастыра отырып, тұтыну көлемі ең аз және ең көп келесі жетекші өңірлерді атап өтуге болады:

Азық-түлік өнімдерін тұтыну бойынша деректер тұрмыс деңгейі бойынша 12 000 үй шаруашылығын іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша есептелген.Орташа жан басына шаққандағы негізгі тамақ өнімдерін тұтынуы – қарастырылып отырған кезең ішінде үй шаруашылығының бір мүшесімен орташа тұтынған тамақ өнімдерінің (әрбір өнімнің түрі бойынша бөлек) саны. Ол азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерінің тұтыну көлемін үй шаруашылығының бар мүшелерінің санына бөлу жолымен есептеледі. Ірілендірілген топтар бойынша тұтыну құрамдастарды бастапқы өнімге қайта есептеу есебімен анықталады.






Мал шаруашылығы өнімдерінің жеке түрлерін өндіру

2023 жылғы қаңтар-наурызда мал мен құстың барлық түрлерінің тірідей салмақта шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгенінің көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,8%, сиыр сүтінің өндірісі тиісінше – 3,3% көбейді, тауық жұмыртқасының өндірісі 1,1% төмендеді.

Ауданда 16 өнеркәсіп орны, 7077 агроқұрылым, оның ішінде: 101 заңды тұлға, 6976 шаруа қожалықтары бар. 2022 жылдың 3 тоқсанындағы Түркістан облысындағы үй шаруашылықтарының азық-түлік өнімдерін тұтынуы ет және ет өнімдерін тұтынуы 15,3 кг құрайды. Аудандағы ірі, орта және шағын әртүрлі меншіктегі кәсіпорындардың өнім шығарып тұрғандары 46% құрайды. Мал шаруашылығы саласында 2022 жылдың 9 айындағы мал мен құс саны 1100164 басты құрады (ІҚМ – 61417 бас, жылқы – 19660 бас, түйе – 117 бас,уақ мал – 465369 бас, құс – 523601 бас). Есепті мерзімде ет (тірі салмақта) – 12079,3 тонна, сүт – 47468,8 тонна және 88,1 млн дана жұмыртқа өндіріп, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне өзіндік үлес қосып жатырмыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет