Бизнес-план жоба атауы: «таза су» су бұрғылау жұмыстары Жобаны орындаушы



бет1/2
Дата05.10.2022
өлшемі0,97 Mb.
#151849
түріБизнес-план
  1   2
Байланысты:
БИЗНЕС план Ербол
432551577056 №5 Лекция


БИЗНЕС-ПЛАН


Жоба атауы: «ТАЗА СУ» су бұрғылау жұмыстары
Жобаны орындаушы: Еділбай Ербол Мухитұлы

Алматы облысы, 2022 жыл


Мазмұны

Проект резюмесі


Жалпы ақпарат
Проект сипаттамасы
Қызмет сипаттамасы
Қызметтік жоспар
Маркетинг
SWOT-талдау
Тәуекелдерді талдау
Қаржылық есеп


МЕМОРАНДУМЫ

Бизнес-жоспардағы барлық ақпарат өте құпия болып табылады.


Бизнес-план құрылымы және ақпаратымен тек кәсіпкер немесе оның өкілінің рұқсатымен ғана танысуға болады.
Бизнес-планмен танысқан адам ішіндегі ақпаратты таратпауға өзіне жауапкершілік алады, тек автордың алдын-ала рұқсатымен ғана ішіндегі ақпаратты таратуға болады.
Бизнес-планның өзін немесе ішіндегі ақпаратты көшіруге, өзгертуге және үшінші адамдарға беруге тыйым салынады.

Басшысы __________________ Еділбай Ербол Мухитұлы
1. Жоба резюмесі
1.1. Кіріспе
«Таза су» - ауылды ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған қызмет түрі. Еліміздегі таза ауыз-су мәселесі ең актуалды мәселелердің бірі. Жобаның негізгі мақсаты – ауыз суға мұқтаж үйлерді арзан, тиімді бағада сумен қамтамасыз ету. Біздің компания нарықтағы ең арзан бағаны ұсынып отыр. Және біздің қызметтің ең тиімділігі – ай сайын аз қамтылған отбасыларды ауыз-сумен тегін қамтамасыз ету. Осы арқылы ауылдағы су мәселелерін шешсек мақсатымыздың орындалғаны.
Нарықта су шығару компаниялары баршылық. Бірақ біздің компанияның қызметі ауыл аймақ үшін ауадай қажет.
Өзімнің тұрғылықты мекен-жайым бойынша суы жоқ ауыл, жаңа микрорайондар өте көп. Дәл қазіргі таңда ­­­­­­­­­­­­­____________________сияқты кішігірім, ауыл тұрғыны аз елді-мекендерінде су құбырлары мүлдем жоқ. Мемлекет тарапынан ешқандай бұрын-соңды жұмыстар жасалынбаған.
Тұрғындар бірнеше шақырым жерден су тасып, кейбірі лас су ішуге мәжбүр.
Осындай жағдайларды көре тұрып, осы мәселелерді шешу жолында не жасай алатынымды ойлану барысында осы идея келді. Негізгі ақылы тапсырыстармен қоса, ай сайын 2 үйге тегін су шығару немесе шағын ауылға ортақ су құбырын жасау арқылы ауыз-су мәселелесін шешеміз.
Жер астынан шығатын су өте таза, мөлдір, пайдасы зор. Бұл тереңдікте судың бойындағы бар дәрумен сақталады. Осы арқылы тұрғындардың дені сау болатыны анық.
Су арнайы құрылғы арқылы маманның қадағалауымен жер астынан 50м тереңдіктен шығарылады. Жердің қатты немесе жұмсақ, құнарлы немесе құнарсыз болуы жұмысқа әсер етпейді. Құрылғының арнайы доңғалақтары болады, соның есебінен көлікке тиеу арқылы жан-жаққа жылжыту мүмкіндігі болады. Жалпы су шығару уақыты 1 орынға 4-5 сағатты құрайды. Жер асты суын шығару арқылы тек 1 үй ғана емес, бірнеше үйге ортақ қазып, ортақ құбыр орнатуға болады. Бұл арқылы бірнеше үй бірігіп ақшасы үнемделеді және тегін қызмет көрсету барысында бір жасағаннан бірнеше үйді қамту мүмкіндігі болады деген сөз.
Қай жақтан алсақ та біздің қызметтің пайдасы оразан зор екендігіне сенімдіміз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет