Бизнесте табысқа қалай жетуге болады?



бет4/7
Дата16.12.2022
өлшемі1,32 Mb.
#162959
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
313978.pptx 2

Табыс факторлары

  • Табыс – қандай да бір мақсатқа жетудегі сәттілік, жұмыстағы жоғары нәтижелері үшін қоғам алдында қадірінің артуы. Кез келген кәсіпкер өз кәсіпкерлік ісінде табысқа талпынады. Кәсіпкерлік табысқа бірнеше фактордың ықпалымен жетуге болады:
  • сәттілік немесе бақ, «керек кезде керек жерде болу», «өз мүмкіндігін жібермеу»;
  • байқап көру және қателер тәсілімен белсенді іздену, әр түрлі нұсқаларды қолдану;
  • білікті есептеу және қолайлы нұсқаны таңдау;
  • өз қорларын пайдалану: білім, ептілік, қабілеттер жеке қасиеттер;
  • жоғары уәждеме, өз алдына қойған мақсаттарға жетуді қалау.
  • Сөзсіз, басты фактор болып өзі-өзі уәждемелеу болып табылады. Адамның дамуды қалауы, оны мақсатына жетелейтін ішкі күші. Уәждеменің күші мақсатқа жетудің жылдамдығын анықтайды.
  • Кәсіпкердің уәждемесі, ең алдымен, оның өзіне тәуелді. Өзінің оптимистік бағытыңызды сақтай алу, ертеңгі күнді көріп, оған бүгін әсер ете алу үлкен шеберлік. Сіздің оптимизміңіз сіздің қызметіңіздің нәтижесіне тікелей әсер етеді. Ширақ және көңілді болыңыз, стратегиялық ойлануды үйреніңіз, болашақты көріп, болжалдап, жоспарлаңыз. Позитивтік бағыт – табыс кепілі.

Әзіл сіздің міндетті серігіңіз болуы керек. Кез келген келіссөздер немесе сатылымдар күлімсіреу, күлкі, әзіл болған жағдайда сәттірек өтеді. Бірақ есте сақтаңыз, сіз күлкінішті емес, жеңіл және көңілді болуыңыз керек.

  • Әзіл сіздің міндетті серігіңіз болуы керек. Кез келген келіссөздер немесе сатылымдар күлімсіреу, күлкі, әзіл болған жағдайда сәттірек өтеді. Бірақ есте сақтаңыз, сіз күлкінішті емес, жеңіл және көңілді болуыңыз керек.
  • Табыстың тек сізге ғана емес, сізді қоршаған адамдарға да тәуелді екенін ұмытпаған жөн. Отбасының, достарыңыздың, жақындарыңыздың қолдауы сізді қанаттандырып, кез келген қиындықтарды жеңуге күш береді. Отбасының әл-ауқаты мен саулығы – кәсіпкердің басты мақсаттарының бірі.
  • Кәсіпкерлік пайда – кірістің ерекше бір түрі, жеке бизнес саласында коммерциялық табыс алып келетін жаңа идеяларды жүзеге асыру, техникалық және ұйымдық жаңалықтар енгізумен байқалатын іскерлік, ерекше шығармашылық белсенділік және жаңашылдық үшін сыйақы.
  • Пайданы қуғындау кәсіпкерлерді өзінің қаражатын тәуекелге тігуге, қызметкерлерді жалдап, тауар өндіруге немесе қызмет көрсетуге қажеттінің бәрін сатып алуға итермелейді. Пайда табу – өте күшті ынталандыру болып табылады.
  • Бірақ, пайда табу адамдардың бизнеспен айналысуына түрткі болатын жалғыз себеп емес. Жеке тәуелсіздікке ұмтылу және ұнатқан жұмысын өзіне қолайлы уақытта істеу мүмкіндігі, өз қабілеттерін ашып, отбасылық дәстүрді жалғастыру да ынталандыру болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет