Бұйырамын


орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік



бет8/14
Дата12.09.2020
өлшемі118,67 Kb.
#63729
түріКонкурс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу

      11. Уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді (бұдан әрі – Б» корпусының лауазымына кандидат) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуді азаматтардың өтініш білдіруі бойынша өткізеді. 


      12. «Б» корпусының лауазымына үміткерлер тестілеуге қатысу үшін тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүгіну арқылы өтініш (бұдан әрі – Өтініш) тапсырады. 
      «Б» корпусының лауазымына кандидат Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады. 
      «Б» корпусының лауазымына үміткерлер тестілеуге қатысу үшін құжаттарды «электрондық үкімет» веб-портал арқылы тапсыруға қатысты ақпарат пен қеңесті Мемлекеттік корпорацияда, уәкілетті органда немесе оның аумақтық бөлімшесінде ала алады. 
      13. «Б» корпусының лауазымына кандидат тестілеудің күнін және уақытын тестілеу өткізуге бар бос орындар негізінде таңдайды. 
      Тестілеуге жазылу «электрондық үкімет» веб-порталында қалыптастырылатын осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда тестілеу күні, уақыты және өту орны көрсетілген қолхатпен расталады. 
      14. «Б» корпусының лауазымына кандидат осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес тестілеу бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден оның өтінішінде көрсеткен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының санаты бойынша өтеді. 
      15. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тестілеуден өту үшін мән белгіленбейді. 
      16. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеудің осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген мәндерден төмен емес нәтиже алған «Б» корпусының лауазымына үміткерге осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысандағы тестілеу өткендігі туралы сертификат (бұдан әрі – Сертификат) беріледі. 
      Бірінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген сертификат екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымдар санаттарына жарамды. 
      Екінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген сертификат үшінші тестілеу бағдарламасына жататын «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымдар санаттарына жарамды. 
      17. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификаттар тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды. 
      18. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген мәндерден төмен нәтиже алған «Б» корпусының лауазымына үміткерлерге осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысанда мәндерден төмен нәтижелермен тестілеу өткендігі туралы анықтама беріледі. 
      Бұл жағдайда, қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап екі айдан кем емес мерзімнен кейін жол беріледі. 
      19. Сертификат оның қолданылу мерзімі ішінде жоғалған немесе бүлінген жағдайда «Б» корпусының лауазымына үміткерлер осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысандағы сертификаттың телнұсқасын электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгіну арқылы ала алады.

   4. Б» корпусының лауазымына үміткерлердің 



Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет