Бұйырамын


алуға үміткерлерды Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге



бет10/14
Дата12.09.2020
өлшемі118,67 Kb.
#63729
түріКонкурс
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
алуға үміткерлерды Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге 
арналған тестілеу бағдарламалары

      1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлерды Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеу үш бағдарламадан тұрады: 


      1) бірінші бағдарлама, осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген лауазымдарды қоспағанда, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымдарына (бұдан әрі – «А» корпусының лауазымдары) арналған және Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (10 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (10 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (10 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестерді қамтиды. 
      Бірінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды. 
      2) екінші бағдарлама «А» корпусы лауазымдарының екінші санатына арналған және Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (10 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (10 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (10 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестерді қамтиды. 
      Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды. 
      3) үшінші бағдарлама «А» корпусы лауазымдарының бірінші санатының екінші тобының үшінші кіші тобына арналған және Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (10 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (10 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестерді қамтиды. 
      Үшінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 70 минутті құрайды. 
       2. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлер үшін тестілеуді өту мәні әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 10 жауаптан кем дегенде 7 дұрыс жауапты құрайды.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, 


 мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға 
 орналасуға үміткерлерді тестiлеуді 
 ұйымдастыру, бағдарламалары мен   
 қағидаларына 2-қосымша       

нысан

Қазақстан Республикасының            
Мемлекеттік қызмет істері министрлігі 
_____________________________________ 
тел._________________________________ 
эл. мекенжайы _______________________

 Өтініш

      Мені «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына ___ санатына орналасуға ____ бағдарлама* бойынша тестілеуге жіберуіңізді сұраймын. 
      Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін. 
      Тестілеу өту мекенжайы: ______________. 
      Тестілеу өтуді қалаған күні: _________. 
      Тестілеу өтуді қалаған уақыты: _______. 
      *Ескертпе: Тестілеу бағдарламасы үміткердің таңдаған санатын ескере отырып автоматты түрде анықталады.

      «___» ___________________ 20 __ ж..

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, 


 мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға 
 орналасуға үміткерлерді тестiлеуді 
 ұйымдастыру, бағдарламалары мен   
 қағидаларына 3-қосымша       

нысан

 ҚОЛХАТ

      «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға 
үміткердің _____________________________________ өтініші қабылданды. 
        (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) 
      Тестілеу өту күні: ____________________________________________ 
      Тестілеу өту уақыты: __________________________________________ 
      Тестілеу өту мекенжайы: _______________________________________ 
      Ескертпе: Тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған «Б» корпусына үміткерлер қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап үш айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді. 
      Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның автоматтандырылған тестілеуді өтуге тіркеу жүйесімен «электрондық үкімет» порталы арқылы берілді.

      «___» ___________________ 20 __ ж.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, 


 мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға 
 орналасуға үміткерлерді тестiлеуді 
 ұйымдастыру, бағдарламалары мен   
 қағидаларына 4-қосымша       

 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет