Бұйырамын



бет4/14
Дата12.09.2020
өлшемі118,67 Kb.
#63729
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
құжаттарын қабылдау

      83. Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады. 


      84. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді. 
      85. Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады: 
      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 
      2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама; 
      3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 
      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 
      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 
      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
      7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); 
      8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі). 
      86. Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. 
      Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. 
      87. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. 
      88. Конкурс комиссиясының материалдары, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, сондай-ақ конкурстық iрiктеуден өтпеген тұлғалардың сауалнама, өтініш және өзге де құжаттары персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады. 
       89. Конкурстық іріктеуден өтпеген тұлғалардың өтініштері негізінде оларға осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қайтарылады. Көрсетілген құжаттардың көшірмелері алынады және олар персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады. 
      90. Осы Қағидалардың 85-тармағында көрсетілген құжаттарды сақтау мерзімі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 22 «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10345 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес айқындалады.

   3-параграф. Жалпы конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарастыру

      91. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады. 
      92. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды. 
       93. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.. 
      94. Шешім хаттама түрiнде ресiмделеді және комиссияның төрағасы, мүшелерi мен хатшысы қол қояды. 
      95. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі конкурс жариялаған мемлекеттік органның интернет-ресурсында және ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады. 
      96. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады. 
      97. Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

   4-параграф. Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу

      98. Әңгiмелесудің мақсаты кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау болып табылады. 
      99. Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді. 
      100. Кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығына сүйенедi. 
      Әрбiр кандидатпен әңгімелесу барысы жеке түрдегі хаттамамен ресiмделедi не техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді. 
      Кандидатпен әңгімелесу хаттамасына конкурс комиссиясының төрағасы, мүшелері, кандидат, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асырушы хатшы қолдарын қояды. 
      Конкурс комиссиясының техникалық жазба құралдарын қолданылғаны туралы конкурс комиссиясының қорытынды отырыс хаттамасында белгі жасалады. 
       Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға рұқсат беріледі. 
       Әңгімелесу барысында техникалық жазба құралдарының көмегімен белгіленген материалдар конкурс аяқталған сәттен үш айдан кем емес мерзім бойы персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады. 
       101. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

   5-параграф. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысы

      102. Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады. 
      103. Кандидаттарды бағалау нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысандағы бағалау парағына енгізіледі. 
      104. Конкурс комиссиясының шешiмi кандидат қатыстырылмай, ашық дауыс беру жолымен қабылданады. 
      105. Конкурс комиссиясының шешiмi егер отырысқа оның құрамының 2/3 кем емес бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi. 
      106. Комиссия құрамынан қатысушылардың көпшiлiгi дауыс берген жағдайда кандидат оң баға алады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурс комиссиясы төрағасының дауысы шешушi болып табылады. 
      107. Талқылау барысы мен конкурс комиссиясының шешiмi конкурс комиссиясының төрағасы мен мүшелерi, сондай-ақ хаттама жасауды iске асыратын хатшының қолдары қойылған хаттама түрiнде ресiмделедi. 
      108. Конкурс комиссиясы әңгiмелесуден өткен кандидаттарға конкурс нәтижесi туралы, ол аяқталғаннан кейiн бес жұмыс күн iшiнде хабарлайды. 
      109. Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

   7. Кандидаттың лауазымға орналасуы

      110. Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, мемлекеттiк органның басшысы, ал жауапты хатшы (аппарат басшысы) лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшы (аппарат басшысы) конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидатты жарияланған лауазымға қабылдайды. 
      Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жауапты хатшы (аппарат басшысы) кандидатты жоғары тұрған лауазымды тұлғаның келісімі бойынша лауазымға қабылдайды.

   8. Шағым жасау тәртiбi

      111. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады. 
      112. Осы Қағидалардың 110-тармағында көзделген мерзімнен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады. 
      113. Уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi келіп түскен шағымды қарайды және оның негізінде тексеру жүргізеді. 
      114. Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша осы Қағидалардың бұзылуы анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi Заңның 5-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізеді. 
      115. Уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң ұсынысы конкурс комиссиясының бұрынғы құрамымен оның отырысында қаралады. 
       Конкурс комиссиясы қабылданған шешiм туралы, ол қабылданған күннен бастап он жұмыс күн ішiнде, уәкiлеттiорганға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне және шағым берген конкурс қатысушысына немесе кандидатқа хабарлайды. 
      116. Конкурс қатысушылары мен кандидаттар өздерiне қатысты бөлiгiнде, сондай-ақ уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi конкурс құжаттарымен, тестiлеу және әңгiмелесу нәтижелерiмен таныса алады.

  «Б» корпусының мемлекеттік 


 әкімшілік лауазымына    
 орналасуға конкурс өткізу 
 қағидаларына 1-қосымша 

 Байқаушыға жадынама

      Байқаушының: 
      конкурс қатысушысы туралы ақпаратпен танысуға; 
      олармен әңгімелесуге қатысуға; 
      әңгімелесу өткізу рәсімі туралы ол аяқталғаннан кейін өз пікірін білдіруге; 
      әңгімелесу өткізу барысы туралы жалпы баға беруге; 
      конкурс комиссиясы отырысының хаттамаларымен танысуға
      конкурс комиссиясының жұмысы туралы мемлекеттік органның басшылығына және мемлекеттік қызметтік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға өздерінің пікірлерін жазбаша түрде беруге мүмкіндігі бар. 
      Байқаушы: 
      конкурс қатысушыларының жеке басы деректерін жариялай алмайды; 
      әңгімелесу өткізу процесіне араласуға, конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі жасай алмайды; 
      конкурс қатысушыларына қандай да бір жәрдемдесе алмайды; 
      конкурс комиссиясының мүшелеріне олардың шешім қабылдауында әсер ете алмайды; 
      нақты конкурс қатысушысы туралы, оның жеке қасиеттері туралы жария бағалай алмайды немесе пікірін білдіре алмайды.

  «Б» корпусының мемлекеттік 


 әкімшілік лауазымына    
 орналасуға конкурс өткізу 
 қағидаларына 2-қосымша 

___________________________ 
 (мемлекеттік орган)  

 Өтініш

      Мені___________________________________________________________ 
_____________________________________________________________________ 
_________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу 
конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын. 
      Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу 
және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi 
талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме 
аламын. 
       Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

      Қоса берілген құжаттар: 
_____________________________________________________________________ 
_____________________________________________________________________ 
_____________________________________________________________________ 
_____________________________________________________________________ 
_____________________________________________________________________ 
_____________________________________________________________________ 
_____________________________________________________________________ 
_____________________________________________________________________

__________                       ____________________________________ 
   (қолы)                              (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«____»_______________ 20__ ж.

  «Б» корпусының мемлекеттік 


 әкімшілік лауазымына    
 орналасуға конкурс өткізу 
 қағидаларына 3-қосымша 

Фотосурет орны 
(4х6)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет