Бүйрек қызметтері Бүйрек даму ақауларының этиологиясы



бет5/8
Дата14.04.2022
өлшемі402 Kb.
#139353
1   2   3   4   5   6   7   8

Қосымша бүйрек

  • Бұл сирек кездесетін бүйректің ақауына жатады. Қосымша бүйрек жеке қанмен қамтамасыз етіледі және жеке несепағары болады, яғни жеке несепағармен немесе негізгі бүйректің несепағарымен қамтамасыз етіледі.
  • Кейде бұл эктопиялық орналасуы мүмкін, сол себепті зәр үнеі бөлініп тұрады. Қосымша бүйрек қалыптыға қарағанда төмен орналасады. Және төменгі бел омыртқада не мықын аймағында, сирек жамбаста орналасады. Олардың өлшемдері – вариабельді, алайда жиі көлемі кішірейген.

Шама-Көлемінің аномалиялары

  • Бүйректің гипоплазиясы – қалыпты гистологиялық құрылысымен және бүйректің функциясының белгілерінің болмауы. Гипоплазия көбінесе біржақтық, алайда екіжақтылық болуы мүмкін.
  • Біржақтық гипоплазияда науқас емді тек патологиялық үрдісте қажет етеді. Бұл әдетте пиелонефрит, яғни көбінесе бүйректің әжімделіп және артериялық гипертензиямен көрінеді. Бұл кезде нефроэктомия жасайды.

Орналасу аномалиялары немесе бүйректердің дистопясы

  • Жамбас дистопиясы біршама сирек кездеседі және бүйректің жамбаста орналасуымен сипатталады: еркектерде ол тік ішек пен қуықтың арасында, әйелдерде жатыр мен тік ішектің арасында орналасады.
  • Мықын асты дистопиясы неғұрлым жиі кездеседі, мұндайда бүйрек мықын асты шұңқыршасында орналасады. Бұл аномалияның неғұрлым жиі болатын көрінісі іш ауырады, ол дистопияланған бүйректің көрші органдар мен жиі нерв өрімдеріне батуынан болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет