Диференциальді диагностикасы
Іш қуысының аурулары (перфоративті жара, жедел холецистит, жедел ішек өтімсіздігі, жедел аппендицит)
Іш астар арты аурулары (бүйрек патологиясы, паранефрит, флегмона)
Кеуде клеткасының аурулары (миокард инфарктісі, плеврит, пневмония)
Инфекциялық аурулар – іш сүзегі
Қан аурулары – Шенлейн-Генох ауруы.
Емі:
Ауырсыну синдромын жою, ұйқы безі өзегі және өт жолдары гипертензиясын жою: к/т-ға глюкоза-новокаин қоспасын жіберу, новокаин блокадасы, спазмолитиктер енгізу;
Функциональдық тыныштық және ұйқы безінің секреторлы-ферментті белсенділігін тежеу (аштық, жергілікті гипотермия, антацидті заттар, Н2-рецепторларының блокаторлары (циметидин 1таб х3рет немесе 2мл х 4рет к/т), протез ингибиторлары (контрикал 100-200 мг/тәулігіне №7-10 күн), цитостатиктер (5-фторурацил 5% 5мл күн ара №3 рет.
Панкреатикалық ферменттерді инактивациялау: протеаз ингибиторлары (контрикал, цалол, гордокс т.б.) тәуліктік дозасын жіберу.
Су-электролиттік және сілтілі-қышқылды тепе-теңдіктің бұзылысытарын жою, белок және заталмасу процесін түзету: натрий гидрокарбонаты, плазма, альбумин және т.б.
Интро және экстракорпаральді детоксикация: диурезді жылдамдату, лапороскопиялы перитональді диализ, плазмоферез.
Аурудың іріңді асқынуларының алдын алу:
кең спекторлі антибиотиктерді қолдану (цефалоспориндер, макролиттер пенициллин қатырының преператтары және т.б.).
Жедел панкреатит 2 бағыт бойынша өтеді:
асқынбаған ағым
асқынған ауыр ағым.
Асқынған жедел панкреатиттің жиі кездесетін симптомдары: ауырсыну, құсу, паралитикалық илеус, шок, коллапс. Ұйқы безінің некрозы 7-11 процент жағдайда кездеседі. Ауыр интоксикация, жүрек-қан тамыр жүйесінің бұзылыстары, іш қуысындағы сұйықтық, қандағы Са деңгейінің төмендеуі (майлы некроз).
Өлім – 50 проц. кездеседі. 1-2 күні шоктан, 5-6 күні перитонитпен, интоксикациядан қайтыс болады.
Достарыңызбен бөлісу: |