Блум таксономиясы Орындаған: Махмут Асылзат


№ Блум таксономиясының оқу мақсаттарының негізгі категориялары



бет4/5
Дата08.12.2022
өлшемі172,56 Kb.
#161840
1   2   3   4   5
Байланысты:
Асылзат



Блум таксономиясының оқу мақсаттарының негізгі категориялары

Оқу тапсырмаларын бағалау критерийлері

4

Талдау
  • Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашу;
  • Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындау,
  • Фактілер мен олардың салдарының арасын ажырату;
  • Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындау.

5

Жинақтау
  • Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазу;
  • Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсыну;
  • Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолдану.

6

Бағалау
  • Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалау;
  • Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындау;
  • Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтау.

Жан-Жак Руссо «Баланың қызығушылығын сақтау үшін оны бірден қанағаттандыруға асықпаңыз. Шамасы келетін сұрақтарды қоя отырып, оған өзі жауап табуға мүмкіндік беріңіз. Бала бірдеңені сіз айтқаннан емес, оны өзі түсінгендіктен, көз жеткізгендіктен білетін болсын. Ол ғылымды жаттау арқылы емес, өзі жасау арқылы білуі тиіс. Егер сіз өзіңіздің беделіңіз арқылы оның ақыл-парасатына араласатын болсаңыз, ол ойланудан қалып, бөгде адамдар пікірінің ойыншығында айналады» деп жазған болатын. Ал өкінішке орай, тәжірибе көптеген мұғалімдердің Руссо айтқан «өзі жасау арқылы білу» қағидасын да, дидактиканың негізгі мақсаты - сабақта әрбір оқушының интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін ашатындай білімділік орта жасау екендігін де естен шығарып, «менің айтқанымды қайталап бер, пәленінші параграфты оқып кел, ережені жаттап ал» сияқты нұсқаулар беруі жиі кездеседі. Ал ойлану әрекетіне негізделген оқу тапсырмаларының мәні – қарама-қайшылықтарды табу және оларды шешу, демек жаңа ұғым, жаңа білім алу. Ойлау әрекетінің қайнар көзі-адамның бұрынғы тәжірибесі мен білімі. Ойлануды қажет ететін оқу тапсырмалары әдетте, проблемалық ситуация түрінде беріледі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет