«Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты


Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры



бет47/56
Дата05.02.2022
өлшемі6,67 Mb.
#6245
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   56
Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры – 1934 жылы 13 қаңтарда М. Әуезовтың либреттосына жазылған «Айман–Шолпан» музыкалық спектаклімен ашылды. Қойылым барысында Иван Коцыктың өңдеуімен жазылған қазақ халқының халық әндері мен күйлері орындалды. Спектаклдің қол жеткен табысы орасан болды, барлық ел жаңа театрдың ашылғанынан хабардар болды.
Абай атындағы Қазақ мемл. акад. Опера және балет – қазақтың тұңғыш кәсіби музыкалық Т. 1933 жылы Алматы қаласында музыкалық студия ретінде құрылды. 1934 жылы музыкалық Т., ал 1937 жылдан Қазақ опера және балет Т– деп аталады. 1941 жылы академиялық мәртебесі, 1945 жылы Абай есімі берілді. Композиторлар Е.Г. Брусиловский, А. Жұбанов, М. Төлебаев, Л. Хамиди, режиссер Ж. Шанин, әншілер Қ. Жандарбеков, Қ. Байсейітов, К. Байсейітова, М.Ержанов, Ғ.Құрманғалиев, Ү.Тұрдықұлова, биші Ш.Жиенқұлова, т.б. ұлттық опералық музыканың негізін қалады. Театр 1934 жылы 13–қаңтарда М.О. Әуезовтің «Айман – Шолпан» (режиссер Шанин мен Жандарбеков, музыкасы И.В. Коцыктікі) музыкалық драмасымен ашылды. Осы жылы Б. Майлиннің «Шұға» (режиссері Д.Д. Мацуцин, музыкасы И.В. Коцык және С.И. Шабельскийдікі) музыкалық драмасы көрсетілді. 1934 жылы Брусиловскийдің халық музыкасының негізінде жазылған тұңғыш ұлттық операсы «Қыз Жібек» қойылды. Одан кейін «Жалбыр» (1935) және «Ер Тарғын» (1937) операларын қойып т. ұжымы үлкен шығармашылық табысқа жетті. Т–ға алғаш Шанин мен Жандарбеков, кейін Байсейітов, В.Ю. Жданов, Ю.Л. Рутковский режиссерлік етті, көркемдеуші суретшісі А.И. Ненашев, дирижері Ф.А. Кузьмич, хормейстері А.В. Преображенский болды.
Т. ұжымы 1936 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде «Қыз Жібек» пен «Жалбыр» операларын көрсетті. 1940 жылдары Т. труппасына М.Абдуллиндер, С.Әбжанов, Ә.Үмбетбаев, Ш.Бейсекова, Б.Досымжанов, Р.Мұсабекова, Ә.Мұсабеков, т.б. әнші–әртістер қосылды. 2–дүниежүзілік соғыс жылдары Алматы қаласына келген орыс музыка өнерінің қайраткерлері (әншілер М.Д. Михайлов, С.Ф. Большаков, дирижер В.И. Пирадов, балет артисі Г.С. Уланова т.б.) қазақтың опера және балет өнері кадрларының шығармашылық жағынан өсіп, жетілуіне, орыстың классикалық музыка дәстүрін игеріп, үйренуіне тікелей ықпал етті. Т. сахнасында орыс әнші–әртістері (Н.К. Куклина–Врана, Н.Н. Самышина,
А.И. Круглыхина, А.П. Казакевич, Э.И. Епонешникова; Б.А. Бухаров,
А.Г. Черкашина, В.В. Харитонов, О.А. Симонова, т.б.) классикалық операларда қазақ әншілерімен бірге өнер көрсетті. Т. сахнасында ТМД елдері компаниялары А.М. Магомаевтің «Наргиз» (1941), З.П. Палиашвилидің «Даиси» (1943), Н.Г. Жигановтың «Алтыншаш» (1947), т.б. опералары қойылды. Жұбанов пен Хамидидің «Абай» (1944) операсының қойылуы ұлттық опера өнерінің елеулі кезеңі болды. Брусиловский мен М.Төлебаевтың «Амангелді» (1945), Төлебаевтың «Біржан – Сара» (1946), Жұбанов пен Хамидидің «Төлеген Тоқтаров» (1947) опералары қойылды. Театрда А.В. Селезнев, Ю.П. Ковалев, Д.Т. Әбіров сияқты балетмейстерлер, И.И. Зак, Ғ.Н. Доғашев сынды дирижерлер жемісті еңбек етті. Опера т. Қазақстанда музыкалық шығармашылық пен ұлттық әншілік–орындаушылық өнердің дамуында үлкен рөл атқарды.
Т. ұжымы 1958 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып, «Абай», «Біржан – Сара», «Дударай» опералары мен «Достық жолымен» балетін көрсетіп, үздік өнерлерімен танылды. 1970–жылдардан Қазақстан композиторлары Е.Рахмадиевтің «Алпамыс» (1972), «Тың тынысы» (1980), Қ.Қожамияровтың «Садыр палуан» (1977), С.Мұхамеджановтың «Жұмбақ қыз» (1971), «Ақан сері – Ақтоқты» (1982), Ғ. Жұбанованың «Еңлік – Кебек» (1975), «Жиырма сегіз» (1981), «Құрманғазы» (1987), Ғ.Жұбанованың «Қарагөз» (1990) опералары, т.б. спектакльдер қойылды. Т–да әр маусымда 40–тан аса опера және балет қойылып, жыл сайын оның репертуарына 5–6 жаңа спектакль қосылып отырды. Т. – Еуразия аймағындағы классикалық өнердің ең ірі орталықтарының бірі болып табылады. Оның сахнасында К. Байсейітова, Қ. Байсейітова, Қ. Жандарбеков, М. Ержанов, Ж.Елебеков, Ә. Үмбетбаев, Б. Досымжанов, Р.Жаманова, Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, т.б. өнер көрсетті. Қазіргі уақытта Т. әртістері Н.Үсенбаева, С.Байсұлтанов, Ж.Баспақова, М.Мұхамедқызы секілді белгілі әншілер, С.Ищанова, У. Кенжебеков, Д.Дүтмағамбетова тәрізді әр түрлі халықар. байқаулардың лауреаттары қазақ операсының табыстарын көптеген елдер театрларының сахнасында паш етіп келеді. Кейінгі жылдары театр режиссерлары Ғ.Есімов, Л.Иманғазина, Ф.Сапаров отандық және шет ел композиторларының классикалық шығармаларын жаңғыртып, сахналап жүр.
Т. ғимараты 1941 жылы археолог Н.А. Простаков, Т.Қ. Бәсеновтің жобасы бойынша ірге көтерген. 1996 – 2000 жылдары күрделі жөндеуден өткен ғимарат қазақтың ұлттық сәулет өнері жетістіктеріне негізделе отырып, орыс классикалық архитектурасымен үйлесімді өзіндік тың архитектуралық шешімін тапқан. Ғимарат құрылысының композициялық орталығы – 1170 орынды көрермендер залы. Сахна жақсы көрінеді, дыбыс естілуі анық. 2–қабатта ғимарат интерьерін көріктендіре түсетін кең фойесі бар. Капительді бағаналар, қабырға өрнектері оюлы басқыш қоршаулары, жалпы ғимараттың ішкі еңсесін сәулеттеуде негізгі рөл атқарған қазақтың дәстүрлі ою–өрнек үлгілері (қошқармүйіз, ырғақ, жапырақ гүл, сыңар мүйіз, т.б.) ғимарат архитектурасында кеңінен қолданылған. Оның екі қапталы мен алдыңғы жағындағы бақ, хауыздар ғимарат әсемдігін әрлендіре түскен. Т–дың екі қапталындағы бақтарға М.О. Әуезов (1967, мүсіншісі Т.С. Досмағамбетов) пен Ж.Жабаевтың (1971, мүсіншісі Х.Е. Наурызбаев, екеуінің де архитекторы М. Меңдіқұлов) ескерткіштері қойылған. Қ. о. және б. т. Ленин орденімен марапатталған (1959).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет