«Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты



бет48/56
Дата05.02.2022
өлшемі6,67 Mb.
#6245
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   56
Тектілік кісілік құндылық ретінде қазақ халқының күнделікті тіршілігіне етене еніп кеткен. Оның нақтылы көріністеріне жататындары: ата–баба аруағын ардақтау, ата–ана алдындағы перзенттік борышын ақтау, ағаны арқа тұту, құданы құдайдай сыйлау, күйеу баласын туған ұлындай көру, қыз баланы ерекше құрметтеп, әпке – екінші ана, «келіннің аяғынан, қойшының таяғынан», «келін келді – құт–береке келді», «балалы үй базар», «бала бауыр етің», «бір үйде қанша болсаң, бір–біріңе қонақсың», «жақсы жеңге – анадай абзал», «Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін», «төрт аяқтыда бота тату, екі аяқтыда бөле тату», «інім де, інім дегенше – күнім де», «ағасы бардың жағасы бар» және т.б.
Бұл ұғым ортағасырлық түркі философиясында да жан–жақты қарастырылған (әл–Фараби, Жүсіп Баласағұн және т.б.). Дәстүрлі қазақ мәдениетінде Т. рулық және генетикалық қатынастардың басым мүдделілігін білдіреді. Т–тің нақтылы тарихи формасына жеті аталық үрдіс жатады. Қазақтың «жеті атасының атын білген бала, жеті рулы елдің қамын жейді» деген нақыл сөзі бар. Жеті аталық үрдісті әдебиетте инцестке тыйым салудың дәйекті түрі десе, көптеген зерттеушілер жеті аталық үрдісті «туысқандық қоғамның» айқын көрінісі деп қарастырады.
Миф, әфсаналардан бастап ортағасырлық жырауларға дейін әйел Т–гінің маңызы туралы талай ғибрат сөздер айтылған: Шығыс халықтарының ішінде қазақ сияқты санаулы ғана халықтың әйелдері бетіне паранжы салмай, дидарын ашық ұстап, қымсынбай еркін жүруі де көшпелілер өмірінде әйел баласы ер адаммен бірдей, тең дәрежеде болғандығынан шығар. Әйел–ананы құрметтеуге, қастер тұтуға деген дархан этиканың қалыптасуына не себеп?! Себеп біреу–ақ, ол – көшпелі өмір салтынан туындайтын әлеуметтік қажеттілік демекпіз. Талдаңқырап айтқанда, көшпелі өмір салтында әйел–ана еш уақытта еңбектен қол үзіп ажыраған емес. Яғни отбасы бақыты, ру амандығы, ел тағдырына қатысты қазақ әйелдерінің қоғамдық жауапкершілігі ерлерден еш кем болмаған.
Т. дәстүр жалғастығымен айқындалады және өмір сүріп отырған әлеуметпен үйлесімдікті талап етеді:
Өз басыңды зорайтып,
Теңдес қайдан табарсың?
Қарияларын жамандап,
Кеңес қайдан табарсың?
Қарындасын жамандап
Өзіңе туған табылмас (Асан Қайғы).
Егер тарихи арғы текке назар аударсақ, онда бұл түсінік “аталы” сөзімен айқын берілетіндігін байқауға болады. Текті адам деп құрметті ата–бабалары бар кісі айтылады. Қазақы түсінікте тарихи арғы тек аруақ ретінде құрметтеледі. Алайда Т. өзімен–өзі кісілік құндылық бола алмайды. Өйткені:
Жаманнан туған жақсы бар,
Адам айтса нанғысыз.
Жақсыдан туған жаман бар,
Күндердің күні болғанда,
Бір аяқ асқа алғысыз (Асан Қайғы).
Эталон ретінде алынған тарихи арғы тек (аруақ) идеализацияланған бейнеге жатады. Мысалы, Ноғайлы дәуірінде осындай дәрежеге жеткен кісіге Едіге жатады. Ноғайлы–қазақтың “Едіге батыр” жырында ол керісінше, тарихи тұлға, ел қамқоршысы, аты аруаққа айналған адам ретінде жырланады. Эпоста Едіге Түкті Баба Шашты Әзиздің ғажайып түрде дүниеге келген ұлы ретінде түсіндіріледі. Түкті атадан жаралуы Едігені текті етеді.
Халық даналығында Т. бірнеше мағынада қолданылады. Оның біреуі – қауымнан, қалың бұқарадан өзінің ерекше қасиеттерімен бөлініп шыққан текті кісі. Бұл, әсіресе, Темір би, Абылай хан және батырлар суреттемелерінде айшықтана түседі. Текті адам “көпшіліктен” өзгеше жаралған тұлға. Көпшілік, әдетте, өзінен суырылып шыққанды ұнатпайды. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы түсінік бойынша көпшілікті аталы (текті) кісі басқару қажет. Текті адамның өмір кредосын былай түйіндеуге болады: бұл дүниеде толыққанды өмір сүріп, халық жадында өз ерлігі және елдігімен мәңгі қалу.
Т. – адамның болмысындағы ата–бабасынан берілетін жақсы қасиеттердің рухани сабақтастықпен берілуі, оның ұрпақтан ұрпаққа парасаттылықтың үлгісі ретінде жалғасуы, ділде сақталуы. Т. құбылысының өзіндік бітім–болмысы адамның жеке ғұмырында кездейсоқ қалыптаспайды. Ол үшін кісіге ата–бабалардан берілетін дүниетанымдық, ділдік, психологиялық және т.б. бейімділіктері болуға тиісті. Дегенмен адамды бекерден бекер көпшілік «текті жан» деп атамайды. Ол үшін адамның әлеуметтік ортада өзін жақсы жағынан көрсете білуі де тиіс. Яғни, Т. адамға ағзаның құрылымындағы гендік түрде беріле салатын биологиялық қасиеттер ғана емес. Сонымен қатар адамның қоғамдық ортадағы өзін–өзі жетілдіру арқылы белгілі бір биік беделге жетуі де таза Т. деп танылмайды. Әрине, өзінің жеке басының кемшіліктерімен, анайы іс–әрекеттерімен күреспеген жанды халықтың қырағы көзі теріс бағалап отырған. Сондықтан қандай текті жерден адам шыққаныменде ол өмірде өз жолын таба алмаса, өзінің қарайған жеке басының ғана мүддесінің аясынан, ауқымынан аса алмайтын жан болса, онда оның барша халық үшін жарытымды қадірі де болмаған. Яғни Т. негізгі өлшемдерінің бірі адамның халқының нағыз азаматына айналуы болып табылады. Осыған орай “Жаманнан жақсы туады адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туады бір аяқ асқа алғысыз” дейді халық. Жоғарыдағы нақыл сөздер Т. кейде тұқымдық жолмен тікелей беріле салмайтын кездері болатындығын, кез келген адамның «текті жан» атануына мүмкіндіктер бар екендігіне мегзейді. Т. жолындағы адам әрқашанда Ақиқат заңдылығының әлеуметтік ортада орныға түсуіне өз үлесін қосады. Сондықтан ол өзінің тұлғалық руханилығының нығая түскенін қалайды, осы жолдағы барлық ауыртпалықтарды көтеруге дайын екенін білдіреді. Ал пендешіліктің, нәпсіқұмарлықтың теріс жолына түскен азамат тіршілікте тексіздіктің шырмауына шырмала түседі, ол көбінесе жасампаздық істерден гөрі табиғи сұраныстарының қисынымен өмір сүргенді қалайды. Бірақ ол өзінің жеке басының мәртебесін көтеру мақсатында әртүрлі айлы–шарғыға баруы мүмкін. Өзін–өзі әлеуметтің алдында бекіте түсу үшін ол үнемі ұлылар санатына қосылуға ұмтылады, кішкентай жетістіктерін зорайта көрсетуге тырысады. Осындай жасанды әрекеттер нағыз шынайы Т. қалыптасуына әкелмейді. Өйткені, нағыз текті адам барынша қарапайым, сыпайы, мейірімді, кешірімді болып келеді, әлсіздерге қол ұшын беріп отырады. Оның тұлғалық рухани көкжиегі ешкімді шеттетпеуге, төмендетпеуге итермелейді. Ал Т. іздеген пенде көптеген томдардан тұратын шығармалар жазғанымен, көптеген атақтарға, материалдық игіліктерге қол жеткізгенімен ол шынайы рухани биікке көтеріле алмауы мүкін. Себебі, кісінің нағыз Т. тарихтың өзі сараптан өткізіп береді. Бұл сынақтан өтудің бірден–бір жолы адами руханилықтың құрылымын дүниетанымда нығайта түсу, халқының мүддесі үшін аянбай қызмет ету болып табылады. Міне, осындай Т. танылған азаматтар саны көбейген сайын қоғамдағы көптеген қайшылықтар шешімі тезірек табылады.


ТЕЛЕДИДАР телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеуді радио сигналдарын күшейту мен түрлендіріп арналған теле, радиоқабылдағыш. Т түрлі түсті, ақ–қара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады. Т–дың негізгі ерекшелігі бейне мен сүйемелдеуші дыбыс радиосигналдарын бір уақытта күшейту және түрлендіру Т әдетте супергетеродинді сұлба бойынша құрастырылады. Оның нұсқалары сүйемелдеуші дыбыс сигналдарын күшейту және бөлу әдістері бойынша бөлінеді. ХХ ғасырдың соңында ертеден қолданылып келген кинескопты Т–лардың орнын сұйық кристалды, плазмалы Т–лар басты. Сұйық кристалды Т. кескін айқындылығының, сапасының жоғарылығы бойынша қолданыстағы Т–дың ең озық түрі болып саналады.
Телевизиялық хабардарлың арнайы ерекшеліктерінің (информацияның жан–жақтылығы, және көрнекілігі, кез келген шалғай қашықтан хабар көрсетуі, уақиғаға «араласып кетуі» әсерінің және көріністің өзгеруі) болуы әсіресе организмі мен жеке басы әлі қалыптасып бітпеген жасөспірімдерге және балаларға сезімдік және психологиялық үлкен әсер етеді. Егер Т. хабарларды талғамастан немесе бәрін түгелдей (кейбіреулер көп жағдайда осылай істейді), отбасы мүшелерінің құрамын, жас ерекшеліктерін, білім дәрежесін, денсаулық жағдайын, сонымен бірге отбасыныңның пәтер жағдайын ескермей көре бергеннің пайдасынан гөрі зияны көп, оқуға және өз бетінше кітап оқуға кедергі жасайды, спортпен шұғылдану және таза ауада болу уақытын азайтады, тынығу уақытын кемітеді және адамның жүйке жүйесіне өте көп күш түсіреді. Балаларға ерекше «телевизиялық режим» орнату керек. Дәрігерлердің жүргізген арнайы зерттеулері 14 жасқа толмаған оқушылардың күніне көретін телевизиялық хабарларының ұзақтығы 1 сағаттан аспауы керек екенін көрсетеді. Ересек оқушылар хабарларды үзіліссіз 2 сағаттан артық көрмегені жөн. Т–ды жұмыс және демалыс режимдерін бұзбай, отбасы мүшелерінің ұнататын және талап–тілегіне сай келетін, олардың барлығына пайдасы бар хабарларды алдын–ала таңдап алып, дұрыс пайдалану қажет. Апталық бюллетендерде, орталық және жергілікті газеттерде жарияланатын Т. хабарлар бағдарламасын пайдалана отырып өз отбасыңыздың көретін телевизиялық жоспарларын жоспарлап, белгілеп қойғандарыңыз жөн. Т. хабарларды ала көлеңке жарақта көрген дұрыс, себебі кескіннің айқындылығы мен бөлменің қараңғылығының арасындағы айырмашылық алшақ болғанда көз тез талады. Экраны үлкен телевизорды 2—3 метрдей қашықтықта отырып көрген дұрыс, себебі бұдан жақын отырған кезде экраннан көрінетін кескіннің айқындылығы нашарлап, көз талады. Т. экранының ортасы отырған адамның көз деңгейінің биіктігіндей болуы қажет. Т–ды жатып көруге болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет