БөЖ 5 Тақырып: Мембранасыз клеткалық органеллалар. Клетка орталығы мен цитоскилет



бет4/8
Дата08.02.2022
өлшемі154,07 Kb.
#119376
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
СРО 5

Негізгі қызметтері
Олар жасуша цитоплазмасындағы магний иондарының концентрациясына байланысты диссоциацияланып (молек. ыдырауы) және реассоциацияланып (молекулалардың қайта бірігуі) отырады. Рибосомалар жасушада ақуыз синтезіне қатысатын құраушыларды ұстап тұру, оларды бір-бірімен байланыстыру қызметін атқарады. Эндоплазмалық тордың жарғақшасындағы рибосомалардың бірнешеуі бірігіп полирибосома құрайды. Олар жасуша жасуша тіршілігіне қажетті ақуызды синтездейді. Рибосомадағы ферменттер, магний мен кальцийдің тұздары зат айналым өзгерістеріне қатысады. Рибосомада минералдық элементтерден азот,фосфор, темір және мыс кездеседі. Эндоплазмалық торда және оның жасушаларында орналасқан биосинтез бен ақуызды тасымалдайтын бірыңғай жүйе болып саналады.Рибосома митохондриялар құрамында да болады. Бос рибосомалар жасушаның өзіне керекті протеиндерді, ал эндоплазмалық тор қабырғасындағы рибосомалар жасушадан сыртқа шығарылатын протеиндерді түзуге қатысады.
Микротүктер – клетканың беттік кешенінің туындылары. Олар клетка бетін ұлғайтып, сыртқы ортадан заттарды сіңіру қызметін атқарады. Микротүктер плазмалемманың ұзындығы 1-2 мкм, диаметрі 0,1 мкм болатын өсінділері. Гиалоплазмада актинді микрофиламенттердің ұзына бойлық шоқтары өтеді, сондықтан микротүктердің ұзындықтары өзгеріп отырулары мүмкін. Бұл – заттардың жасушаға өтулерін реттеудің бір түрі. Микротүктердің беті гликокаликспен қапталады. Сору белсенді түрде жүрген кезде микротүктер бір-біріне тығыз орналасады да, олардың гликокаликстері косылып кетеді. Осындай кешенді щеткалы жиек деп атайды. Щеткалы жиектің гликокаликсінің молекулалары ферментті белсенді болып келеді.
Қызметі
Биологиялық мембраналар клетканы тек қана сыртқа ортадан бөліп қоймай, сондай-ақ, өздерінің құрылымдары мен қызметтік ерекшеліктері бар, жеке-жеке аймақтарға – компартменттерге бөледі. Осындай компартменттермен байланысқан мембраналардың өздеріне сай ерекшеліктері болады. 7 мкм-ге жететін аса ұзын микротүктерді стереоцилиялар деп атайды. Олар кейбір, мысалы, есту және тепе-теңдік мүшелерінің сенсорлы клеткалары сияқты арнайы клеткаларда кездеседі. Олардың бастапқы сору қызметтері жойылады да, қызметтері алғашқы орналасуларын өзгертулерімен байланысты болады. Клетка бетінің конфигурациясының өзгеруі клетканы қоздырады, қозу нерв талшықтарының ұштарына беріледі, ал сигналдар орталық нерв жүйелеріне барады. Стереоцилияларды микротүктердің модификациясынан туындаған арнайы органеллалар ретінде қарастыруға болады.
Жасуша орталығы
Жасуша орталығы (клеточный центр) — адам мен жануарлардың барлық және кейбір өсімдік жасушаларында болатын, жасушалардың митоздық бөлінуін қамтамасыз ететін органелла. Жасуша орталығы - цилиндр тәрізді бір-біріне тік бұрыш түзіп орналасатын екі денешік. Бұларды центрольдер деп атайды. Центриоль қабырғасы әрқайсысы үш микротүтікшеден түзілетін 9 топтан тұрады. Ортасындағы осы екі микротүтікшеден түзілген. Бұл органоид жасушаның бөлінуі кезінде, бөліну ұршығын түзеді. Бөліну ұршығы хромосомалардың полюстерге ажырауын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет