Бөж саяси ойлар тарихындағы басқарудың «дұрыс» және «бұрыс» формалары


Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді : Тирания аристократия, олигархия, тимократия, демократия



бет2/3
Дата14.10.2022
өлшемі257,03 Kb.
#153141
1   2   3
Байланысты:
Бөж саясаттану

Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді : Тирания аристократия, олигархия, тимократия, демократия.
Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның прициптері-адамгершілік ар- намыс деп санады. Платонның ойынша адамдар қажеттіліктерін жеке -дара өтей алмайды. Олар бірігудің арқасында ғана қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады.
Ертедегі гректердің саяси ой- пікірін одан әрі дамытып фәлсафасын шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель б.з.б 384-322 ж.ж.)
Е
желгі грек философы Аристотельдің түсінігінде мемлекет отбасы секілді табиғи даму нəтижесінде пайда болған. Отбасы мен ауылдар –адамдардың өзара араласуының алғашқысы формасы. Мемлекет – араласудың жоғары формасы. Адам – саяси жануар жəне ол өзінің дамуын мемлекетке келіп тоқтатады. Ғалымның айтуынша, мұндай деңгейге барлық халықтар жете қойған жоқ. Мəселен, варварлар өмірдің саяси формасын жасауға қабілетсіз, өйткені олардың адами табиғаты жеткілікті деңгейде дамымаған еді. Платонның идеалды мемлекет туралы жобасымен келіспеген Аристотель саяси құрылымдар түрлерінің өзіндік классификациясын ұсынды. Ол мемлекеттің 3 дұрыс жəне 3 бұрыс түрін ерекшеледі. Аристотельдің мемлекеттерді дұрыс жəне бұрыс деп анықтау қағидасы адамдарға бақыт сыйлау үшін мемлекетке не қажет екендігіне негізделген. Мемлекетте заңдар болады жəне ол заңдарды билік мемлекет пен оның азаматтарын қорғау үшін пайдалануы тиіс. Ал азамат болу үшін бірқатар азаматтық құқықтарға ие болып, өзі тұратын елдегі мемлекеттік құрылымның негізгі қызметтерін атқаруы қажет, яғни заң шығару, əкімшілік жəне сот қызметтерінде жұмыс істеп, мемлекетте бекітілген құдайға сыйыну.

Аристотель дұрыс мемлекеттерге монархияны, аристократияны жəне политияны (республика) жатқызды. Оларды салыстырмалы түрде бағалай отырып, ол ең дұрыс мемлекеттік құрылым осы үш элемент үйлесім тапқанда ғана жүзеге асады деп қорытынды жасаған. Шектен шыққан жағдайда дұрыс мемлекет бұрыс мемлекетке, яғни монархия – тиранияға, қоластындағылардың мүддесін қорғауды көздемейді, аристократия – олигархияға, полития –демократияға айналады. Өзі атаған 3 дұрыс мемлекеттің ішінен Аристотель политияны ең дұрысы деп санады. Бұл форма – басқа түрлердің тек жақсы жақтарын алған жəне екі шектің ортасында тұр.
Бұрыс мемлекеттерде билік халық үшін емес өзі үшін өмір сүреді. Билікті өзі үшін ғана пайдаланған монарх тиранға айналады. Бір топ бай адам билікті қолдарына алып, оны өзге азаматтар есебінен өз байлығын көбейту үшін пайдаланған аристократия олигархияға айналады. Сондай-ақ, билікті ешкімге бағынбайтын тобыр (охлос) басып алатын жағдайлар да болады. Тирания – мемлекеттік құрылымның ең нашар түрі, ол қоластындағылардың мүддесін қорғауды көздемейді, керісінше оларға қарсы жұмыс істейді. Олигархия –аристократиядан туған жаңа форма, бай адамдардан құралған азшылық көпшілікті билейді. Демократия –кедейлерден тұратын көпшіліктің билігі. Аристотельдің ойынша, теңдіктің болмауы мемлекет ішіндегі көтерілістердің, толқулардың негізгі себебі.
Көне Грециядагы саяси ойдың дамуын біз үш кезеңге бөліп қарастырамыз. Алғашқы кезең б.э.д. IX - VI г.г. қамтиды; екінші кезең б.э.д. V - IV ғ.ғ. қамтиды; үшінші кезең б.э.д. IV г. екінші жарт. —II г. қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет