Гериатриялық фармакологияның тәжірибелік кӨріністері ЖДР қаупін төмендету және жүргізілген фармакотерапияның сапасын жоғарылату мақсатында, қарт науқастарға дәрілік заттарды тағайындауда келесі негізгі қағадаларды сақтау қажет.
ДЗ тағайындамас бұрын дәрігерге керек:
Медикаментозды араласулардың пайдалылығын қарау;
Мұқият клинико-фармакологиялық анамнез жинау;
Тағайындауға арналған сол және басқа препараттардың белгіленген көрсеткіштерін қатаң сақтау (Диспепсиялық синдромда омепразол тағайындамау керек!)
Мүмкіндігінше фармакотерапиялық баламалары бар, «тиімділігі/қауіптілігі»арақатынасты таңдау
ФК/ФД жастық ерекшеліктеріне қарай дәрілердің өзара потенциалды әсерлесуінің қауіптілігін бағалау
Науқасқа препараттарды қабылдау үлгісін түсінікті және анық түсіндіру
Фармакотерапияны төменгі стартты дозадан бастау (орта жастағы науқастарға тағайындалатын дәрмектердің 30-50%)