Бөкей Ордасы ауданы Мұратсай ауылы



Дата04.10.2020
өлшемі51 Kb.
#63992

А.Жанпейісов атындағы № 105 мектеп

Тәрбие сағаты


Достық қымбат өмірде

Бастауыш сынып пәнінің мұғалімі: Қалтаева Ж

2015-2016оқу жылы

Тақырыбы: «Достық қымбат өмірде»
Мақсаты:

а) оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, орны, достықтың шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру;

ә) берілген сұраққа толық жауап беруге үйрету;

б) Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, тату, мейірімді болуға тәрбиелеу, әр балаға өз досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін өз бойына сіңіре білуге үйрету.


Түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, түрлі-түсті қағаздар, плакат, слайд
Барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі:

2. Шаттық шеңбері

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ту ғып ұстап бірлікті,

Тату – тәтті жүреміз

Ән не жайлы болды?

Дос деген кім?

Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымызда не туралы әңгіме қозғаймыз?


. Кіріспе сөз Дос – ақылшы, көмекші, сырлас, жақын,адал, шыншыл деген ұғымды береді. Достық әрбір адамның өміріндегі ең қызықты да, қимас та, қиын кезеңде қасыңда жүретін адамның саған деген адал мінезі. Адалдықсыз достық болмайды. Ал адалдық деген – рухани тазалық. Достық - адамдардың бір – бірін жаны қалап, жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.

Досың бар ма? Ол кім?

Достық шынайы сезім бе,әлде жай ұғым ба?

Достық жасқа байланысты ма?

Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?

Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

Дос қандай болу керек?




Ой шақыру:

«Мен досыма сенемін, себебі мен .........» сөйлемді жалғастыру. (2 мин)

Әрбір адамға дос керек, өйткені....

Сыйластық бар жерде......


Достық

Поэзия минуты

Сұрақ-жауап:(доп арқылы) (5 минут)

1.Досың бар ма? Ол кім?

2. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?

3. Достық жасқа байланысты ма?

4. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

5. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?

6. Дос қандай болу керек?

 

Достық


Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:

—          Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

—          Достықтықтың екі түрі болады. Бірі — адал достық, екіншісі – амал достық.

«Енді оны қалай ажырата аламыз»  дегендерге:

—          Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өмірі қысқа болады, — деп жауап береді екен.

(Оқушылардың пікірлері тыңдалады)


Галлереяға саяхат

. Жағдаяттан шығу. (3 минут)

«Достық» және «Сыйластық» топтары



  1. Сенің ең жақын досың математика пәнінен үйге берілген тапсырманы орындамай келді, сен оған қандай көмек көрсетер едің?




  1. Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға

шамаң жетпейді. Сен не істейсің?

РЕФЛЕКСИЯ  «Досымның жүрегі» ойыны 
Үлестірілген жүрекшеге жақын отырған көршісіне жақсы қасиеттерін жазып кеудесіне жапсыру. 

.Қорытынды

Қорыта келгенде,менің сендерге айтарым:
Достықты қадірлей біліңдер
Досыңның кемшілігін кешіре біл. Достық бұл:

Д – дүниедегі
О - озық ойлы
С – сабырлы
Т – тұрақты
Ы – ыстық
Қ – қарым – қатынас.

Сергіту жаттығуы
«Достық үйін қалау»

«Бес саусақ бірікпей, ине қолға ілікпейді» дегендей бәріміз жұмыла бірауыздан алдымыздағы жүкті көтерейік.

1 топ: 2 топ


Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас

Дос егіз, дұшпан сегіз

Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды.

Жүз сом ақшаң болғанша,

жүз досың болсын

Жаман достан жау артық

Ағаш тамырымен, адам досымен мықты


3 топ



Айрылмастай досыңа,

Қайрылмастай сөз айтпа

Досыңды жамандама,

Доссыз қаларсың.



Досы жоқ адам тамыры жоқ ағашпен тең


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет