Әр түрлi кезеңдерге және әртүрлi пайыздық ставка бойынша 1доллардың
ағымдағы құны дисконттау кестесiнде келтiрiлген.
Жоғарыда мысалға қайта оралсақ: 4жылдан кейiн инвестицияның құны $5000
болу үшiн 6%-дық ставкамен төмендегi сома салынуға тиiстi:
PV = 5000* [1/(1,06)
4
]=5000*0,792= $3960
Күрделi пайыздарды пайдаланып бiр жолғы салымдардың болашақ
(келешек) немесе ағымдағы (келтiрiлген) құндарын анықтауда төмендегi
негiзгi өзгермелi шамалар қолданылады:
1.
пайыздық ставка
2.
кезеңдердiң саны
3.
болашақ құн
4.
ағымдағы (келтiрiлген) құн
Көптеген жағдайларда бизнесте бiр жолғы салымдардың болашақ және
келтiрiлген (ағымдағы) құндары белгiлi болғанымен кезеңдердiң саны немесе
пайыздық ставка белгiсiз болып қалады. Егер жоғарыда аталған төрт
өзгермелi шамалардың үшеуi белгiлi болса төртiншiсiн анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: