табысындағы инвестордың үлестік қатысуы 10 000 теңгені құрайды (40 000 *
25% : 100).
Осы сомаға «Арман» акционерлік қоғамы инвестицияларының
баланстық құны өседі және үлестік қатысудан алынған табыс ретінде
танылады. Дивидендтің хабарланған сомасы 3750 теңге (15 000 * 25% : 100)
инвестицияның баланстық құнын төмендетеді. Сөйтіп, 2007 жылдың 1
қаңтарына инвестициялардың құны 73 750 теңгені құрайды (67 500 теңге +
10 000 теңге – 3750 теңге).
Егер инвестиция салынған компания шаруашылық қызметінің
нәтижесін есепті жылы зиянмен аяқтаған болса, онда инвестор ол
компанияның зиянындағы өзінің үлестік қатысуын мойындайды, яғни есепке
алады. Мұндай кезде инвестиция салынған компанияның зиянындағы
инвестордың үлесіне инвестицияның баланстық құны төмендейді.
Мысалы: «Бөбек» АҚ 20111жылғы 1 қаңтарға 20 000 теңгеге зиянды
көрсетті. Дивиденд есептелінген жоқ. «Арман» акционерлік қоғамы «Бөбек»
акционерлік қоғамының зиянындағы үлесінің сомасына 5 000 теңгеге
инвестицияның баланстық құнын азайтады және оны үлестік қатысудан
шеккен зиян ретінде мойындайды (есепке алады). Сөйтіп, 2011 жылғы 1
қаңтардағы инвестицияның құны 68 750 теңгені (73 750 теңге – 5 000 теңге)
құрайды.
Егер тәуелді серіктестіктің зиянындағы инвестордың үлесі
инвестицияның баланстық құнына тең немесе одан жоғары болса, онда
зияндағы үлес инвестицияның баланстық құнын төмендетеді, ал
инвестицияның құнынан асып кеткен сома баланстан тыс көрсетіледі.
инвестор тәуелді серіктестіктің таза табысындағы өзінің үлестік қатысуын
тек таза табыстағы оның үлесі таза зияндағы үлесіне тең болғанда ғана
қайта көрсете алады.
Достарыңызбен бөлісу: