Болатты өндіру әдістері



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#83005
1   2   3   4
Байланысты:
1 Сураққа жауабы ТПМП (1)

Мартенді өндіріс

Мартен пешінде болат балқытуды мартен өндірісі дейді.


Мартен пеші жалынды регенеративті пеш, жұмысшы кеңістігі горизонталь. Мартен пеші сұйық шойынмен де, қатты шойынмен де жұмыс жасайды. Мартен пешінде табиғи газды немесе мазутты немесе домна мен кокс газдарының қоспасын жағу арқылы жылу алынады. Экзотермиялық реакциялардың жылуы мартен пешіне жеткіліксіз.
Мартен пешінің схемасы 1.3 – суретте көрсетілді.



1.3 – сурет. Мартен пешінің схемасы


Мартен пеші келесі бөліктерден тұрады: түппен (7), төбемен (3), тесіктері (9) бар алдыңғы қабырғамен және артқы қабырғамен шектелген жұмысшы кеңістік (4); оң (1) және сол (5) бұрыш бастар; каналдардан(2); шлак ұстағыш; регенераторлар(6,8); каналдар; клапандарды ауыстыру жүйесі; түтін құбыры.


Жұмысшы кеңістікте (4) балқыту процессі орындалады. Каналдар (2) пешке отын мен ауа беруге және жанудан шыққан өнімдерді әкетуге арналған. Шлак ұстағыш жану өніміндегі шаң мен шлактың ұшып шыққын элементтерін отырғызуға арналған. Регенераторлар (6,8) пешке берілетін ауа мен газды қыздырады.
Мартен пеш симметриялы, тік өсінің оң және сол жақтарының құрылысы бірдей.
Отын мен ауа жұмысшы кеңістікке (4) кезекпен оң және сол жақтағы каналдармен беріледі, ал жану өнімі қарсы жақтағы каналмен шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет