Бөлім: 9.3 Д Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары І нұсқа
Тапсырма -1 Суретте сары бұршақ өсімдігінің жасыл бұршақ өсімдігімен будандастырылуы көрсетілген. Бірінші ұрпақта қандай түс басым екендігін анықтаңыз. Барлық даралардың фенотипі мен генотипін тұжырымдаңыз.
Моногибридті будандасыру
а) Ата –ана генотиптерін белгілеңіз_______________________________
(1)
ә) Аналық дараның белгісін анықтаңыз____________________________
(1)
б) Аталық дараның белгісін анықтаңыз_____________________________
(1)
в) Гомозиготалы дараларды өзара бір-бірімен будандастыру кезінде қандай заңдылық орындалатынын тұжырымдаңыз _____________________________________________________________
(1)
г) Бірінші ұрпақтағы қандай түстің басым екендігін жазыңыз (1) ____________________________________________________________
д) Мендельдің біркелкілік заңы бойынша бірінші ұрпақтағы генотип пен фенотипті көрсетіңіз (2)___________________________________________________________
Тапсырма-2 Иттерде қысқа аяқтардан қалыпты ұзын аяқтары басым. Гетерозигота мен ергежей гомозиготадан қандай ұрпақтар күтуге болады? Барлық дараның генотипі мен фенотипін сипаттаңыз. (3)
Тапсырма-3 Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау заңдылығына сүйеніп, берілген есепті шығарыңыз. Гемофилиямен ауыратын ер адам дені сау әйелге үйленген. Осы отбасында дені сау балалардың дүниеге келуі мүмкін бе? (3)Тапсырма-4 Шешесі гомозиготалы ІІ топ, әкесі ІҮ топ . Ұрпақтарының қан тптары қандай болады?
А) ІІ, ІІІ, ІҮ; Б) І, ІІ, ІІІ С) ІІІ, ІҮ Д) ІІ,ІІІ
(2)
Достарыңызбен бөлісу: |