бөлім. Бизнес-идея мен стартапты таңдау нарық және аймақ трендтері «Икигай» түсінігі



бет6/8
Дата11.11.2023
өлшемі27,3 Kb.
#190966
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2-лекция

2.2 Саланың трендтері


Кәсіпкерліктің салалық ерекшеліктері
Өткен сабақта сіз түрлі әдістерді қолдана отырып, бизнес-идеяларды қалай жасауға болатынын үйрендіңіз. Бұл сабақта біз таңдаған мамандық шеңберінде кәсіпкерліктің қандай ерекшеліктері мен түрлері болуы мүмкін екенін анықтауға тырысамыз.
Smell test
Ол сөзбе-сөз «иісін байқау» деп аударылатын Smell Test деп аталады. Өз идеяңызды «иіскеп көріңіз», егер иісі ұнамаса – оны өкінбей алып тастаңыз.
Smell Test-тің басты ережесі – ешқандай қосымша зерттеудің қажеті жоқ. Бұл екеудің – сіз бен сіздің идеяңыздың кездесуі.
1 Өлшемшарты. Қалау және төлеуге ықылас.
Әрбір кәсіпкерлік қандай да бір мәселені шешеді. Сіз тұсқағаз сатасыз – сіздің клиенттердің мұқтажы – үйін жөндеуге қажетті, өз қажеттіліктерін қанағаттандыратын әдемі тұсқағаз табу. Сіздің жеке асханаңыз бар – сіздің клиентердің мұқтажы – белгілі бір қаражатқа жайлы жерде отырып жүрек жалғап алу. Сіз обырға қарсы дәрі-дәрмек әзірлейсіз – сіздің клиенттердің мұқтажы – ауруды емдеу тәсілін табу. Сіздің бизнесіңіз қаншалықты маңызды мәселені шешеді және клиенттер сіздің шешіміңізге қанша қаражат төлеуге дайын – бар мәселе сонда.
Әлемде көптеген тамаша бизнес-идеялар бар: негізін қалаушысына қомақты капитал әкелуі мүмкін болып көрінетін инновациялық, тартымды бизнес-идеялар бар. Олардың негізін қалаушылар көбінесе өнім немесе сервис тұрғысынан қарайды және олардың өнімі өте жақсы, сапалы және т.б. деген тұжырым жасайды. Бірақ шын мәнінде, мәселе сіздің өніміңіздің қаншалықты жақсы екенінде емес, оны сатып алу-алмауында. Нәтижесінде, кез келген кәсіпкерлік сұранысқа келіп тіреледі, онсыз әлемдегі кез келген ең жақсы өнім өз өндірушісінің қоймасында шаң басып жатады.
2 Өлшемшарты. Сәйкестік
Өзіңіздің жеке әуестіктеріңізге, дағдыларыңызға, тәжірибеңізге, байланыстарыңызға назар аударыңыз. Олар сіздің идеяңызға сай келе ме? Сіз осы салада ең үздік болып табыласыз ба? Мүмкіндіктер қаншалықты зор болса да, егер оны сіздің жаныңыз қаламаса, оны тіпті қарастырудың қажеті жоқ. Мысалы, Әнуар тамақты дәмді дайындайды және тамақ істеу оған ұнайды делік. Ол ас үйде үнемі тәжірибе жасайды және достары оның аспаздық кештерін жақсы көреді. Ол аспазшы болар еді және уақыт өте келе келушілер арасында танымал болатын мейрамхана ашар еді. Бірақ ол оның орнына әкесінің құрылыс фирмасына жұмысқа тұрды. Әнуар қанша тырысса да, үйдің іргетасын қалауға қанша бетонның қажет екенін санаудан іші пысады және одан жаңа Айдын Рахымбаев шықпайды. Егер сіз мектепте бағдарламалау бойынша олимпиададан бірінші орын алған болсаңыз, филология факультетіне түскеніңіз түсініксіз болар еді. Егер сіз адамдармен сөйлесуді ұнатпасаңыз және сіздің барлық бос уақытыңызда скетчтер мен нобайларды салумен өткізетін болсаңыз, сізден ешқашан жақсы сатушы шықпайды. Бірақ керемет дизайнер шығуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет