Бөлім: III. Мәдени мұра Педагогтің Т. А.Ә



Дата18.05.2022
өлшемі466,11 Kb.
#143727
Байланысты:
қмж домбыра асыл мұра-1




Бөлім:

III.Мәдени мұра

Педагогтің Т.А.Ә.

Абишева Ф.М

Күні:

11.05.2022ж

Сынып: 4 «ә»

Қатысушыларсаны:

Қатыспағандарсаны:

Сабақтың тақырыбы

Домбыра- асыл мұра

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.1.1.1 домбыра аспабының құрылысымен, шығу тарихы мен таныстыра отырып, домбыраның ән-күй өнеріндегі алатын орнын түсіндіру;

Сабақтың мақсаты

Тыңдаған шығармасын сипаттай алады.Үйренген әннің формасын анықтайды. Домбыра құрылымын анықтайды.
музыкалық шығармашылық жұмыстарды жасау үшін өз идеясын ұсынады .

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушыныңәрекеті

Бағалау

Ресурстар

5 минут

Сәлемдесу, түгендеу
Психологиялық ахуал орнату.
Топқа бөлу
«Түрлі-түсті қағазға салынған музыкалық аспаптар» арқылы топқа бөлу

Топ басшысы сынытпа кім бар, кім жоғын айтады.
Оқушылар бір-біріне жағымды тілек айтып, жағымды ахуал орнатады.
Оқушылар музыкалық аспаптар салынған қағаздарды алып, сол бойынша топқа бөлініп отырады.




А4 қағазы

4 минут

Үй тапсырмасы
«Хор» әдісі
«Көк тудың желбірегені» әні

Мұғалім берген әнді хормен орындайды.

Мұғалім тарапынан «Мадақтау» әдісі бойынша бағалайды

Интербелсенді тақта




Сабақтың басы 10 минут

Мұғалім интербелсенді тақтадан домбыра туралы бейнесабақ көрсетеді.
Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада,классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.

Оқушылар тыңдайды, өз ойларын айтады.




https://youtu.be/6SMvAireyHY




«Шындық-жалған» әдісі
Дәптермен жұмыс
Мұғалім интербелсенді тақтаға сұрақ-жауап тапсырма береді


Оқушылар берілген тапсырманы орындайды.

Оқушылар өздерін бағалайды.

Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы 15 минут

«Тыңдау және талқылау» әдісі
«Ақсақ құлан» мултьфильм көрсету


Оқушылар домбыраның аңызымен, домбыраның шығу тарихымен танысады.




https://youtu.be/N3HYjpBEpoA




«Постер қорғау» әдісі

  1. Домбыра тобы


Домбыраның құрылысы.

  1. Қобыз тобы


Домбыраның шығу тарихы.

  1. Жетіген тобы


«Ақсақ құлан» күйін талқылау

Берілген тапсырмаларды топпен бірге орындайды, қорғайды.



Оқушылар топ болып әр топтың тапсырмаларын бағалайды.

Плакаттар

Сергіту сәті 4 минут

«Музыкалық пауза» әдісі.
Мұғалім күй орындайды.

Оқушылар тыңдалған күйдің атын атайды.

Мұғалім тарапынан «Мадақтау» әдісі бойынша бағаланады.

https://youtu.be/8co-kbJx0RA

Сабақты қорытындылау 3 минут

«Сұрақтар ілмегі» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

Оқушылар сабақта алған білімдерімен сұрақтарға жауап беру арқылы, сабақты қаншалықты меңгергендерін айтады.




Интербелсенді тақта.
Оқулық.

Кері байланыс 2 минут
Үй тапсырмасы
2 минут

«Домбыраны сәндеу» әдісі

«Күй атасы-Құрманғазы» туралы мәлімет іздеу және баяндау.

Оқушылар домбыраны түрлі-түсті бояуларға бояп сабақты қаншалықты түсінгендерін көрсетеді.




А4







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет