Бейімбет Майлин 1937 жылы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның кесірінен 1938 жылдың 26 ақпанында сұраусыз атылды.
Бейімбеттің өмірі мен шығармашылығын жан-жақты зерттеген Тоқтар Бейісқұловтың көрсетуінше, әйгілі жазушыны айыптайтын сот отырысы 26 ақпанда 12.30-да басталып, 12.45-те аяқталған.
Ұлттық әдебиет классигінің өмірін жалғыз оққа байлаған үш-ақ адамның шешіміне небары 15 минут уақыт кеткен.