Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдастырушы-лық ізденістік
Рефлисиялық-түзетушілік
|
Кіріспе әңгіме
Шаттық шеңберіне дөңгелене тұрғызып, өлең жолдарын айтқызу.
Армысың, ардақты Аспан ата!
Армысың, мейірімді Жер-ана!
Армысың, шұғылалы алтын күн!
Күліп шықты күн бүгін
Балалар, қараңдаршы мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?
-Бұл заттар не үшін керек?
-Қай мезгілде тебуге болады?
Балалар сырғанап ойнап жүр екен.
-Қандай ойындар ойнап жүр?
Сен кіммен ойнайсың?
Балалар сырғанап ойнап жүр екен.
Олардың көңілдері жақсы, көңілді.
Маған Оңтүстік Қазақстаннан
Ғауһар қонаққа келді.
Ал, Ғауһармен амандасайық.
Балалар, қалай ойлайсыңдар,
оларда ауа-райы қалай екен?
Қар жауады, бірақ тез еріп кетеді.
Осы, Ғауһар қыста қандай ойындар ойнайтынын білмейді екен.
Ендеше, балалар Ғауһарға әңгімені айтып берейік.Оны таспаға жазайық. Ал Ғауһар болса достарына апарып тыңдасын.
-Бізде қыс қандай екен?
-Балалар,қандай ойындар ойнайды екен.
Балалар, әңгіме түсінікті және қысқа болуы тиісті.
-Қалай болатынын ойланып көрейікші.
-Не туралы әңгімелесеміз?
-Біз қыс қызықтары туралы әңгімелесейік.
Түсінікті болу үшін біз әңгіменің
Жоспарын құрып алайық.
-Әңгімеміз не туралы болады?
Серігіту сәті:
Шаңғы,шана сайла
Конькиіңді байла
Думандатып ойна
Қыс қызығын тойла.
-Қызықты әңгіме болу үшін,біз
Жоспарды қолданайық.
-Ойнау үшін бізге нелер керек?
1.Коньки,шана,шаңғы,аққала.
-Қалай киінеміз?
2.Тон,қолғап,құлақшын,пима.
-Кіммен ойнайсың?
3.***/**Мен..... ойнаймын.
-Сендер ойнағанда көңілдерің қандай болады?
4.***/***Көңілді болады.
-Қыс қызығы туралы кім айтып береді?
-Кел...айта ғой.
Өте жақсы.
Тамаша.Жарайсыңдар,балалар.
Кел...айта ғой.
-Қыс қызығы туралы кім айтып береді?
-Кел...айта ғой.
Менің ойымша қыс қызықты,
Тамаша. Қыста аяз,суық болады.
Қар жауады. Мен қардан аққала жасап ойнаймын. Алақай,мен шаңғы тебемін.
Өте жақсы.
Кел ....айта ғой.
Маған қыс ұнайды.
Қыс әдемі, аппақ.
Қар жылтырайды.
Мен әкеммен,
Шешеммен қар лақтырып ойнаймын.
-Тамаша.
Көңілді қыс.Мен қыста шаңғы, шана, коньки тебемін.
-Жарайсыңдар,балалар.
-Сендерге түсінікті болды ма?
-Әңгімені оқуға да,тыңдауға да болады.
-Әрине, бәрің айтып үлгермедіңдер?
-Кім үлгермеді, оларды мына альбомға жазамыз.
Ал Ғауһар әңгімелеріңе өте риза.,рахмет айтуда.Оның достары әңгімені тыңдап болған соң,біздің жаққа қонаққа келуге тырысады.
Ал балалар Ғауһармен қоштасайық.
|
Бәрі бірге қайталап, амандасады.
Балалар заттардың атын айтады.
Не үшін керектігін айтады.
Шана,шаңғы тебеміз.
Қыс мезгілінде.
Аққала жасап жүр.Шаңғы теуіп жүр.
Кіммен ойнайтынын айтады.
Балалар амандасады.
Жылы, қар жоқ.
Ойланайық
Шаңғының қимылын көрсетеді.
Конькилерін байлап көрсетеді.
Қолдарын жоғары көтереді.Қолдарын шапалақтайды.
Коньки,шана,шаңғы,аққала.
Тон,қолғап,құлақшын,пима.
Балалар кіммен ойнайтындарын айтады.
Көңілді болады.
Менің ойымша қыс қызықты, тамаша, Қыста қар жауады, аязсуық болады.
Мен қардан аққала жасап ойнаймын.
Алақаймен шаңғы тебемін.
Маған қыс ұнайды. Қыс әдемі, аппақ. Мен әкеммен, шешеммен қар лақтырып ойнаймын.
Мен айтамын.
Сау болыңыз,
Ғауһар!
|