Аттестациядан өтетін педагогтардың портфолияға қажет құжаттарын рәсімдеуге арналған нұсқаулық
Құрылым:
1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет.
2 бөлім. Педагогтың кәсіби жетістіктерінің нәтижелері.
Бөлімдер мазмұны
1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет.
Міндетті түрде болуы керек:
- қала/аудан көрсетілген жұмыс орны;
- тегі, аты, әкесінің аты;
- атқаратын лауазымы;
- портфолионың рәсімделген жылы.
Рәсімдеу үлгісі:
«Абылай атындағы №78 гимназия» КММ
Алматы қ.
(қаріптер TIMES NEW ROMAN, кегль 14)
Сапарова
Айгүл Гулеевна
Өзін өзі тану мұғалімі
(қаріптер TIMES NEW ROMAN, кегль 36)
2022 ж.
(қаріптер TIMES NEW ROMAN, кегль 14)
педагог қызметкердің біліктілік санатын растау немесе беру туралы өтініші ( №1 «Педагог қызметкерлерін аттестациядан өткізу ережелері» қосымшасына сәйкес нысан бойынша).
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
білімі туралы дипломның көшірмесі;
ғылыми атақ берілгені туралы дипломның, куәліктің көшірмесі (бар болса);
еңбек кітапшасының көшірмесі;
берілген біліктілік санаты туралы сертификат пен бұйрықтың көшірмесі (бұрын біліктілік санаты бар адамдар үшін);
Біліктілік санаты ұзартылған жағдайда қайта рәсімдеу туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.
мәлімделген мамандық бойынша үздіксіз оқу курстарына қатысқаны туралы құжаттар көшірмелері;
қосымша пәндер бойынша өткен курстардың құжаттарының көшірмесі;
ұлттық біліктілік тестілеуінен өткендігі туралы анықтаманың көшірмесі;
Достарыңызбен бөлісу: |