Бөлімі: Қазақ тілі Тақырыбы: Жануарлар әлеміне саяхат Мақсаты



бет1/2
Дата27.05.2018
өлшемі233,17 Kb.
#40914
  1   2

Рудный қаласы әкімдігінің «№12 балалар бақшасы» КМҚК



Тақырыбы:«Жануарлар әлеміне саяхат»

Орындаған: Хусаинова А.Б.




Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қазақ тілі

Тақырыбы: Жануарлар әлеміне саяхат

Мақсаты:Балалардың жануарлар туралы білімдерін қорытындылау, үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажырата білу дағдыларын жетілдіру, ой - өрістерін дамыту. Сөз байлықтарын арттыру. Сөздік қорларын молайту. Сондай - ақ қазақ тіліне ғана тән дыбыстарды дұрыс айтуларын қадағалау.
Балалардың ауызекі сөйлеу дағдысы мен қисынды ойлау, ойға сақтау, сауатты сөйлеу қабілеттерін дамыту, білімге деген құштарлықтарын арттыру.
Тіл мәдениетін жетілдіру. Қазақ тілін қастерлеуге, қамқорлық жасай білуге үйрету. Адамгершілікке, ұйымшылдыққа және кез келген тапсырманы жауапкершілікпен атқаруға, көмек бере білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үй жануарлары, жабайы аңдар, схема, сиқырлы қорапша, пазлдар, смаиликтер, электронды суреттер, доп.

Билингвалды компонент: үй жануарлары- домашние животные, жабайы аңдар- дикие животные, үлкен-большой, кішкентай-маленький.

Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Қалдарың қалай?
- Көңіл - күйлерің қалай?
- Балалар, бүгін бізге көп қонақтар келіпті. Қанекей, қонақтармен амандасайықшы.
- Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Өте жақсы, балалар! Қонақтармен амандастық, енді осындай тамаша көңіл - күймен шаттық шеңберін құрайық:

Шаттық шеңбері:

Сәлем бердік Алтын күн!

Сәлем бердік Жер ана!

Сәлем бердік баршаға,

Біздің балабақшаға!

- Жарайсыңдар балалар.

Балалар, қазір біз сендермен «Сұрақ-жауап» ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның шарты қойылған сұрақтарға жауап беру. Мен қай балаға доп лақтырсам сол бала сұраққа жауап береді.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем қандай?

- Көктем айлары нешеу?

- Көктем айларын ата?

- Сенің жасың нешеде?

- Онға дейін сана.

- Көктемнің хабаршысы қандай гүл?

- Саған көктем ұнайды ма?

- Фрукты қазақша қалай болады?

- Көктемде күн қандай болады?

- Жарайсыңдар, балалар!



Телефонға хабарлама келеді.

  • Балалар, бұл ферма иесінен келіпті. Бұл хабарламада ол үй жануарлары мен жабайы аңдардың араласып кеткені жайлы жазыпты. Дереу, сендердің көмектерің қажет. Бірақ оларға көмекті оларды қазақ тілінде дұрыс атаған балалар ғана бере алады.

Дидактикалық ойын: «Не қайда мекендейді?» Үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажырату. Оларды қазақ тілінде атап, түсіндіру қажет.

  • Балалар, қане үй жануарлары туралы тақпақты есімізге түсірейікші. Балалар тақпақ айтады:

Быстро скачет ат-лошадка,

Ит-собака сторожит.

Кот-мысық сидит на солнце,

Глазки щурит да молчит.

  • Жарайсыңдар, балалар!

  • Енді келесі тапсырманы орындайық.

Дидактикалық ойын: «Ненің төлі?» Жануарлардың дауысы арқылы енелерін төлдерімен табыстыру. Оларды табыстырғаннан кейін бір-бірімен салыстыру. Мысалы:



Сергіту сәті: Сергіту сәтін теледидардағы жаттығулар арқылы орындау.

  • Ал енді келесі тапсырманы орындауға көшейік.

Дидактикалық ойын: «Дауысынан тап» Үнтаспадағы жануарлардың дауысы арқылы оларды тану.

Мысық туралы тақпақ айту.

Беті қолын жуады,

Тышқандарды қуады.

Тазалықты сақтайды,

Анам оны мақтайды.

  • Жарайсыңдар, балалар! Бұл тапсырманы да бұлжытпай орындап шықтыңдар. Олай болса, келесі тапсырманы да орындайық. Дайынсыңдар ма?

Дидактикалық ойын: «Не артық». Берілген суреттерден ненің артық екенін табу.










  • Жарайсыңдар, балалар! Ал енді, үстел үстінде жатқан пазлдарды жинайық. Балалар үй жануарлары мен жабайы аңдардың пазлдарын жинайды.


Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет