Бөлімі: Жаратылыстану Тақырыбы: Қыста құстарға қамқор боламыз Мақсаты



бет2/2
Дата18.08.2022
өлшемі18,83 Kb.
#148141
1   2
Байланысты:
қыста құстарға қамқор боламыз

«Қай құс жоғалды?» дидактикалық ойын

Алдын ала дайындалып қойған құс қауырсынын көрсетеді. Қауырсынды алақандарына салып, үрлеуге тапсырма береді. (Ұшады, жеңіл). Ең үлкен жəне ең кішкентай қауырсынды тапқызу. Оларды қолдарымен ұстатып, қандай екенін анықтату, салыстырту. (жұмсақ, үлпілдек, қатты).


«Құс – тірі тіршілік иесі» деген ұғымды түсіндіру.


Балаларға жануарлар мен құстардың қар үстіндегі суретін салады.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс істеу
Серуендеген кезде балалардың назарын құстарға аударту. Оларды құстардың жүрістұрысын, тамақты қалай жейтінін бақылауға шақыру ( жемді шоқып жейді). Құстарға нан қоқымын беруді ұсынады.

Шиқ-шиқ!
Жем шоқиды– шиқ-шиқ!
Дəн шоқып, томпиған бұл не құс? (Торғай)
Торғайдың фотосуретін немесе суретін қарап шығады.

Оның қауырсынының түстерін, көлемін анықтайды (қоңыр жəне сұр түсті, кішкентай құс).


Жемді шоқып тауысқан, Ұшып келді ... (сауысқан). Сауысқанды суреттейді: қауырсыны аққара түсті ірі құс. Торғайдың бір түрі, Қызыл кеуде, қара қанат. (Суықторғай) Суықторғайды сипаттайды: басында қара бөркі бар, арқасы сұр, ал, кеудесіндегі қауырсындары қызыл түсті.
Бір орнында тұрмас бұл құс, Кішкентай бұл – ... (сарышымшық).
Оның да басында қара түсті «баскиімі» бар, арқасы – жасыл-сары, бауыры – сары, қанаттары мен құйрығы – сұр түсті.
Қарқылдақ дауысты,
Танисың ба қара-сұр құсты? (Қарға)
Қарғаны суреттейді: басы, тамағы, құйрығы мен қанаттары қара түсті, денесінің қалған бөліктеріндегі қауырсындары сұр түсті.

«Бейбітшілік құсы» деп,


Атайды оны барша жұрт. (Кептер)
Көгершіннің қауырсыны сұр түсті.
Оларды қыстап қалатын құстар дейміз. Өйткені олар жылы жаққа ұшып кетпей, біздің өлкемізде қыстайды.
Тану үдерісіне қызыға кіріседі. Сұрақтарға жауап береді.
Жемнің суреттерін іріктеп алады: астық, нанның қиқымы, шетен, дəндер.
Тақтаға қыстап қалатын құстар суреті ілінген. Балаларға байқатпай олардың біреуін алып тастау. Балалар қайсы құстың кетіп қалғанын анықтайды.
Құс қауырсынының құрылымымен танысады. Ол қандай? Құрғақ қауырсынды жоғарыға лақтырады.Ол жерге қалықтап түседі; қауырсынды сулап лақтырады.Ол жерге бірден түсіп кетеді. Құстар қауырсындары су болып қалмас үшін жауыннан тығылады.
Құстардың қардағы іздерін қарындашпен қоршап көрсет.

Рефлексивтіктүзетушілік кезең

Балаларды тірек карточкалардың көмегімен (көңіл күйді білдіретін смайлдар) көңіл күйін білдіруге шақыру.

Балалар смайлды (күліп немесе мұңайып тұрған) таңдап алады, ненің ұнап, нені орындау қиынға соққанын анықтайды

Күтілетін нəтиже:


айтады:қыстап қалатын құстардың кейбірінің атауларын біледі;
түсінеді: қыста құстарды тамақтандыру қажеттігін біледі;
қолданады: құстарды сырт келбетіне қарай ажырата алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет