Бөлімі Көркем әдебиет Тақырыбы



Дата25.01.2017
өлшемі43,05 Kb.
#7759
Күні: 20.01.2016

Бөлімі

Көркем әдебиет

Тақырыбы

Әкесі мен балалары

Мақсаты

  • Сурет бойынша әңгіменің мазмұнын мәнерлеп жеткізу; көркем шығарманы тыңдауға деген қызығушылығын арттыру және оның мазмұнын түсіне отырып әңгімені аяқтауға дағдыландыру, татулыққа, достыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер

әкесі мен балалары туралы суреттер, жұмыс дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

Билингвалды компонент

әке-отец, балалары-дети, сыпыртқы-веник.

Сөздік жұмысы

Сыпыртқы, шыбық.




Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр сәніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.



Ұйымдастыру-іздестіру

Кіріспе әңгіме

-Балалар, үйде сендерді қандай жақсы сөздермен еркелетеді?

-Біз бүгін белгілі орыс жазушысы Лев Толстойдың «Әкесі мен балалары» деген әңгімесімен танысамыз.

Әңгімені мәнерлеп оқып береді.

-Әкесі балаларына қандай ақыл айтты?

-Балалары оның ақылын тыңдады ма?

-Сыпыртқы неге сынбады?

-Жеке-жеке сындырғанда неге сынды?

-Әкесі балаларына осылайша ұрыспай тату болсаңдар, сендерді ешкім де ренжіте алмайды деген ойды білдірмек болды.
Сөздік жұмыс

Сыпыртқы- үй сыпыратын зат, шыбық – сыпыртқының жеке-жеке талдары деген мағынаны білдіреді.


Билингвалды компонент: әке-отец, балалары-дети, сыпыртқы-веник
Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды соғайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық.
Сұрақ-жауап


  • Әңгіме қалай аталады?

  • Әкесі балаларына қандай ақыл айтты?

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.
Балалармен жеке жұмыс жүргізу.
Мақал жаттау

«Бірлік болмай, тірлік болмас»


Балалардың жауаптары.


Балалар әңгімені мұқият тыңдайды.
-Балаларым, тату-тәтті өмір сүріңдер! – деді.

-Балалар әкесінің айтқанын тыңдамады.

-Сыпыртқының шыбықтары көп болғандықтан мықты.

-Жеке шыбық әлсіз болады.


Сөздердің мағынасын түсінеді.

Қайталайды:

әке-отец, балалары-дети, сыпыртқы-веник.

Балалар қимылмен көрсетеді.

Балалардың жауаптары.

Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.


Балалар мақалды жаттайды.

Рефлексифті-түзетушілік

-Бауырлар бір-бірімен тату болуы керек.

-Үлкендердің айтқан ақылын тындаған жөн.



Балалар өз ойларын білдіреді.


Тексерілді:

Күні: 20.01.2016 Пәні: Сурет салу


Тақырыбы: Киіз үй.

мақсаты: Балаларға киіз үйдің суретін салып, оны ою-өрнектермен әшекейлеп безендіруді үйрету; түс және ырғақты сезінулерін дамыту; ой қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Педагогқа керекті құралдар: киіз үйлер және олардың әртүрлі суреттері, гуашь, бояу, қылқалам, су, қарындаш, қолорамал.

Балаларға керекті құралдар: гуашь, бояулар, қылқаламдар, су, қарындаштар, қолорамалдар.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Педагог балаларға жұмбақ жасырып, дұрыс жауабын тапқаннан кейін киіз үйді көрсетеді.

Аспан түрді түндігін

Жерге сәуле жайылады.

Неткен ашық күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы!


Ерте кезде қазақ халқының табиғатының ерекшеліктеріне қолайлы баспана киіз үй жайлы түсіндіреді. Күнделікті қолданатын үйлер он сегіз қанаттан, ең үлкені отыз бес керегеден тұрады. Кейбір үйлердің керегесі алты қанатты болып келеді. Киіз үйді шебер адамдар қазақ халқының ою-өрнектерімен безендірген.

Балаларға «киіз үйді құрамыз» сергіту жаттығуын жасату.

Уық деген немене,

Уыз жегің келе ме?

Қай әріптен атаулар,

Басталып тұр атаңдар.


Суретті салу жолдарын көрсете отырып, киіз үйді ою-өрнек элементтермен әшекейлеуде қалай орналастыру керектігін балаларға көрсетеді.

Балалар жұмыс дәптеріндегі жұмысты орындау тәсілдеріне сүйене отырып, тапсырманы орындайды.

Педагог тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалап, бақылайды.
Оқу іс-әрекетін қорыту.

Оқу іс-әрекетті қорытындылай келе таза, ұқыпты, дұрыс салынған суреттер иесін бағалап, мақтау.




Тексерілді:
Каталог: uploads -> doc -> 02fd
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
02fd -> Сабақтың тақырыбы: Тоқырау жылдарының идеологиясы және кокп-ның ұлттық саясаты Сабақтың мақсаты: Білімділік
02fd -> Сабақ 6 сынып Информатика пән мұғалімі: Хамитова Ж. С
02fd -> Сабақтың: реті №27 Тақырып: Халық дәстүрлі асыл қазына Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: Қамқорлық


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет