Бөлімі: Қозғалысқа, егіннің түсімділігіне берілген есептер Мектеп



Дата06.11.2019
өлшемі42,42 Kb.
#51259
Байланысты:
ҚМЖ. Бірлесіп жұмыс істеуге берілген есептерді шығару

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Қозғалысқа, егіннің түсімділігіне берілген есептер


Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Бірлесіп жұмыс істеуге берілген есептерді шығару

Оқу мақсаты:



4.5.1.2**

есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану

4.5.1.1

есепті сызба, алгоритм, дөңгелек диаграмма, график түрінде модельдеу



Бағалау критерийлері

• шамалар арасындағы тәуелділікті орнату және түсіндіру;

• модель бойынша есепті құрастыру;

• есептерді шешу алгоритмі кезеңдерін айту;

• есептер мен олардың шешімдерін салыстыру;



Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

үлес, бөлшек сан



Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.


сызба, график, схема, бағыт;

үштік шама, шамалар тәуелділігі;

жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс;


Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

шамалар арасындағы тәуелділікті біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар


Сабақтың басы

(Т)Кіріспе тапсырма. Ауызша есептеу. 1 минуттық құмсағатын пайдаланып оқушыларға интербелсенді тақтадағы тапсырмаларды жеке орындауға ұсыну. 1 минут уақыттан кейін:

— 1 минутта қанша тапсырма орындадыңдар?

— Неліктен 1 минутта орындаған тапсырмалары-

ның саны әртүрлі? Содан соң тағы 1 минут уақыт беріп, ұқсас тапсырмаларды топта орындауға ұсыну. Орындамас бұрын, оқушылар топта тапсырманы қалай орындайтыны туралы ақылдасып алу керек (тапсырмаларды бөліп

алу, немесе бірлесе орындау). Сұрақтар

қою:


— 1 минутта қанша тапсырма орындадыңдар?

— Топпен 1 минутта орындаған тапсырмалардың

саны жеке орындаған тапсырмалардың санымен бірдей

ме? Неліктен?

Оқушылар бірлесе орындаған есептер саны ар-

тық болғаны туралы қорытынды жасайды.



Таратпа қағаздар


Сабақтың ортасы

(Ж)Сәйкестерін тап. Тапсырманы жұптасып қанша уақыт жұмсағанын сұрау.

№2 слайд Таратпа қағаздар



(Т)Шығарып көр. Тапсырманың мақсаты есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану есептің

шартын оқып, кесте құру арқылы шығару дағдысын қалыптастыру.

а) -Тапсырмада не белгілі?

-Қандай сұрақ қойылған?

-Тапсырманың сұрағына бірден жауап беруге бола ма, әлде жоқ па? Неліктен?

-Алдымен не істеу керек? Неліктен? – деген

сұрақтарға жауап беру.Тапсырманы талдағаннан кейін оқушыларға тапсырманы орындауға уақыт беру. Топ өкілі жауабын тақтаға жазып,

шешімін түсіндіреді.Басқа оқушылар жазылған шешімді тексеру.

Жауабы:

1200 : 400 +1200 : 240 = 8 (т);



1200 : 8 = 150 (рет).

Жауабы: мәшинелер бірлесіп тасыса, құмды 15 рет қатынау арқылы жеткізеді.


№3 слайд


Таратпа қағаздар

ә) (Ұ) Оқушылар ұжыммен есептің шартын талдайды, кесте құрып есепті шығарады.

Оқушылардың сұрауымен жауабын тақтаға жазады.Басқалары өз шешімін тақтадағымен салыстырып, талдау жасайды.

Жауабы:

5160 : (212 + 218) = 12;



212 · 12 = 2544;

218 · 12 = 2616.


№ 4 слайд

Таратпа қағаздар


б) (Т) Оқушылар тапсырманы топта талқылайды, қорытындыларын шығарады. Әр топтың өкіліне тақтаға жауабымен шығуды ұсыну.Өз жауабын дәлелдеу. Оқушылардан сұраққа жауап беру үшін, нені білу керектігін сұрау.

Жауабы:


150 : 15 + 150 : 10 = 25 (ағаш);

150 : 25 = 6 (күнде).

Жауабы: екі сырлаушы бірлесіп жұмыс істесе, осы жұмысты 6 күнде орындай алады.


№ 4 слайд

Таратпа қағаздар




(Ө)Ойлан

Тапсырманы орындамас бұрын, сағатты минутқа

аудару керектігін еске түсіру. Содан кейін

тапсырманы өз бетінше орындау.

Жауабы:

1 сағ 10 мин = 70 мин;



9 70 – 4 70 = 350 (л);

400 – 350 = 50 (л).

Жауабы: бөшке 1 сағат 10 минутта толып үлгермейді.


№ 5 слайд


Таратпа қағаздар

(Ө) Тұрғын үй.

Тапсырманы ең бірінші болып бітірген оқушының жұмысын тексеру. Ол оқушы

екінші оқушының жұмысын тексереді және тапсырманы орындап бітірулеріне қарай тізбек одан ары жалғаса береді.

Жауабы: 2016 жылдың қыркүйек айында.


№ 6 слайд

Таратпа қағаздар


(Ж)Орындап көр.

Тапсырма оқушылардың ойлауын жандандыруға бағытталған. Оқушыларға кеспеқағаздарды тарату. Бір жұпқа тапсырманы тақтада орындайды, ал қалған оқушылар өз жұмыстарын салыстырып тексереді. Керек болған жағдайда қателерін жөндеу қажет.



№ 7 слайд

Таратпа қағаздар




)Ауызша есепте

Тапсырманы оқушылар ауызша орындайды.

Жауабы:

а) (3061 + 1939) + 1025 = 5000;



ә) 2048 + (1728 + 1072) = 4848;

б) (3333 + 667) + (1110 + 890) = 6000;

в) (2005 + 1995) + (3303 + 2697) = 10000

№8 слайд


Таратпа қағаздар

Сабақтың соңы

Сабақтың рефлексиясы

Рефлексия кезеңінде «Үш М» әдісімен кері байла-

нысты жүргізіңіз.Оқушылардан олар оқу барысында жақсы орындаған үш мезетті атау және келесі сабақта олардың жұмысын жақсартатын бір әрекетті атайды.

№9 слайд






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет