Мотивациялық қозғаушы
Жылулық шеңбері
Шаттық шеңбері
Миға шабуыл
Ұйымдастыру, іздену
Жаңа сабақ
Ой толғау
Топпен жұмыс
Рефлексивті түзетушілік
Кері байланыс іс – әрекеттің бағалау кезеңі
Оқу іс-әрекетін қорытындылау
Жылулық шеңбері
|
Балаларды шаттық шеңберге тұрғызып, келген қонақтармен сәлемдеседі.
Білер қазақ баласы,
Сәлем – сөздің анасы
Сыныпқа келген қонақтарға
Әрдайым әдеппен
Ақ көңілмен ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Күндей жарқырап
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық.
Ал балалар көңіл күйлерің қалай?
Сендерге бүгінгі оқу іс – әрекетіне сәттілік тілеймін.
Жаңа оқу іс – әрекетін бастамай тұрып, біраз сұрақтарға жауап беріңдерші?
Қазір қандай жыл мезгілі?
Көктем мезгілінде қанша ай бар?
Көктем туралы кім әңгімелеп береді?
Бүгінгі аптаның қаншасыншы күні?
Екінші күн қалай аталады?
Жаңа оқу іс – әрекеті:
Бүгін балалар біз білім еліне саяхат жасаймыз. Оқу іс – әрекетіміз жарыс түрінде өтеді. Сондықтан біз екі топқа бөліндік.
І – топ: «Күн»
ІІ – топ: «Жұлдыз»
«Күн» тобының ұраны:
Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз
Сабақты жақсы оқып
Сыныпқа барамыз.
«Жұлдыз» тобының ұраны:
Біз әдепті баламыз
Оттай болып жанамыз
Сұрақ қойса ойланып
Дұрыс жауабын табамыз.
Балалар бағаларымыз жұлдызша арқылы бағаланады, сабақ соңында жұлдызша көп жинаған топ жеңеді.
1 – тапсырма: «Математика»
«Күн» тобы
Сұрақ: 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.
Сұрақ: 1 аптада неше күн бар?
Апта күндерін ата?
«Жұлдыз» тобы
Сандардың көршісін тап. Тақтаға жазу.
Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?
Дидактикалық ойын: «Өз орныңды тап»
Мақсаты: Балаларды тура, және кері санауға үйрету
Логикалық есептер.
«Күн» тобы
Бір жұдырықта неше саусақ бар?
Қонжық екеу, табаны нешеу?
Табақта үш алма, қолымда екі алма, қосқанда барлығы болады неше алма?
«Жұлдыз» тобы
Ақ балапан, сары балапан, шұбар балапан, қара балапан барлығы неше балапан?
Үш қоянда неше құлақ бар?
Маратта 5 іні, Мұратта 2 іні. Қоссаң бес+екіні, нешеу болады?
2-тапсырма: «Сауат ашу»
«Күн» тобы
Дыбыс дегеніміз не?
Дауысты дыбыс дегеніміз не?
Қандай текшемен белгіленеді?
«Жұлдыз» тобы
Әріп дегеніміз не?
Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
Қандай текшемен белгіленеді?
Ойын: «Дыбыстар үні»
Шарты: дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату.
тапсырма : «Тіл дамыту»
«Күн» тобы
Көкөністерге не жатады?
Олар қайда өседі?
Біздің Елбасымыз кім?
Үй құстарын ата?
«Жұлдыз» тобы
Жемістерге не жатады?
Олар қайда өседі?
Үй жануарларын ата?
Ойын: «Төлін тап»
Шарты: бір-бірнен адасып қалған төлдерді енелеріне қосу.
«Күн» тобы тапсырма: Көкөністерді теріп себетке жапсыру.
«Жұлдыз» тобы тапсырма: Жемістерді теріп ағашқа жапсыру.
Балалар бүгінгі оқу іс – әрекетінде не істедік?
Көктем мезгілі туралы не білесіңдер?
Сендерге сабақ ұнады ма?
Балалар екі топтың да жұлдызшаларын санайық. Қай топ көп жинаса, сол топ жеңеді.
Балалар, бүгін сендер оқу іс – әрекетіне жақсы қатыстыңдар, барлықтарың сұраққа жауап бердіңдер, бәріңе сыйлық тапсырамын.
Қолымызды ұстайық
Үлкен шеңбер құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау – саламат болайық
|
Балалар жақсы көңіл күймен келген қонақтармен сәлемдеседі.
Балалар орындарына жайғасады.
Жақсы
Көктем
3 ай. Наурыз, сәуір, мамыр
Балалар көктем туралы әңгімелеп береді.
Екінші
Сейсенбі
Қызығушылықты ояту
Балалар орындарынан тұрып, топтарының ұрандарымен таныстырады.
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
10,9,8,7,6,5,4,3,2,1
7
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
5 , 9 ,
7 , 6 8
Бес -5 саусақ
Сегіз – 8 табан
3+2=5
Барлығы
5 алма
1+1+1+1=4
Барлығы 4 балапан
2+2+2=6 құлақ
5+2=7 іні
Дыбысты естиміз айтамыз
Айтқанда ауыз қуысында кедергі болмайды.
Қызыл текшемен
Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.
Көк текшемен
Сәбіз, қырыққабат, құлпынай, қызанақ, картошка, пияз
Жерде
Н.Ә. Назарбаев
Тауық, әтеш, үйрек, қаз, күрке тауық.
Алма, шие, алхоры, жүзім, банан, шабдалы, өрік
Ағашта өседі
Сиыр, қой, ешкі, жылқы
Балалар көкөністерді себеттерге жапсырады.
Жемістерді ағашқа жапсырады.
Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап берді.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті жөнінде ойларын ашық айтты.
Тәрбиеші екі топтың да еңбегін бағалап, мадақтау сөздерін айтып сабақты қорытындылайды.
Балалар іс – қимылмен орындап, қонақтармен қоштасады.
|