Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Ғажайып қалта» Мақсаты



Дата21.12.2021
өлшемі14,45 Kb.
#104377
Байланысты:
stud.kz-11886



Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы № 4

Тобы:«Балапан» I-кіші

Тәрбиеші: Тлюупова Ұлдай Ерғалиқызы

Білім беру саласы:”Қатынас”

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Ғажайып қалта»

Мақсаты:

а)Көкөністер,жемістер туралы түсінік беру.Оларды сипаттап айтуға үйрету.

ә)Сөз қорларын дамыту,еске сақтау қабілеттерін,сұраққа жауап беруге жетілдіру.

б)Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Балалармен көкөністер мен жемістер туралы жұмбақтар шешу.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,сергіту сәті,ойын.

Қажетті көрнекіліктер мен құралдар: көкөністер мен жемістердің суреттері.

Билингвалдық компонент: тәтті-сладкий,көкөністер-овощи,жемістер-фрукты, себет-карзина, тәрелке-тарелка.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңберіне тұрғызу.

Дөңгеленіп тұрып:

-Арайлап атқан таңымыз аппақ,

Арайлап атқан таңымыз ашық,

Арайлап атқан таңымыз жарқын,

Арайлап атқан таңымыз қуанышты болсы!



Балалар шеңберге тұрады. Тәрбиешімен бірге өлеңдер жолын қайталап,қимылдар жасайды.

-Арайлап атқан таңымыз аппақ,

Арайлап атқан таңымыз ашық,

Арайлап атқан таңымыз жарқын,

Арайлап атқан таңымыз қуанышты болсы!


Іздену-ұйымдас тырушы

Ғажайып сәт: «Ғажайып қалта».

Балаларға «Ғажайып қалта» ойынын ойнайық. Қазір мен Ғажайып қалтадан жемістер мен көкөністерді бір-бірлеп көрсетемін. Ал,сендер оның атын атап,түсін ажыратасыңдар. Және де ол көкөніспен, әлде жеміспен соны атайсыңдар.Жемістер мен көкөністердің үлкен-кіші,тәтті-ащы екенін ажырату,қайда өсетіні жөнінде айтқызу.



Дыбыстық жаттығу.

Ті-ті- тәтті.

Ал,балалар енді бір сергіп алайық.



Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолымызды көтеріп,

Алма ағашындай жайқалып,

Әдемі болып өсеміз.
Үлестірмелі суреттермен:

«Кім жылдам?» дидактикалық ойын.

Шарты: Шашылып жатқан көкөністер мен жемістерді тәрелкеге жинайды. Шапшаңдыққа,жылдамдыққа үйрету. Кім көп,тез жинаса сол жеңеді.

Билингвалдық компонент: тәтті-сладкий,көкөністер-овощи,жемістер-фрукты, себет-карзина, тәрелке-тарелка.
Дидактикалық ойын: «Дұрыс сал!»

Шарты: көкөністер мен жемістерді дұрыс салу.


Балалар ғажйып сәтке таң қалады. Ойын ойнауды тағатсыздана күтеді.
Балалар тәрбиешімен бірге көкөністер мен жемістерді ажыратып айтады. Олардың түстерін де атап кетеді.
Жаттығуды қайталайды.

Балалар тәрбиешімен бірге сергіту сәтін жасайды.

Жемістердің суреттерін тәрелкеге, ал көкөністерді себетке жинайды.

Қайталайды: тәтті-сладкий,көкөністер-овощи,жемістер-фрукты, себет-карзина, тәрелке-тарелка.

Балалар көкөністер мен жемістерді көрсеткен затқа дұрыс салды.




Рефлексивті коррекциа лаушы

Балаларға сұрақтар беріп,қайталату.

Балаларды мадақтап,мақтау.



Балалар қайталайды.

Балалар түрлі қимыл-қозғалыстар жасайды.




Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: көкөністер мен жемістердің атауларын.

Қандай түсініктерді игереді: көкөніс,жемістер туралы түсінікті.

Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: сөз тіркестерін дұрыс айтуды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет