Бөлімі: Тіл дамыту. Тақырыбы: Топпен танысу(саяхат). Мақсаты



бет1/6
Дата27.12.2016
өлшемі1,06 Mb.
#6231
  1   2   3   4   5   6


=== №1 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас.Таным.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы:Топпен танысу(саяхат).

Мақсаты:а)Балаларды балабақша өмірімен,топ бөлмесімен таныстуру,ондағы жиһаз атауларын атауға,олардың қызметін сипаттап беруге үйрету.

ә)Педагогтің сұрақтарына жауап беріп,диалогтік сөйлеуге дағдыландыру.

б)Топтағы жиһаздарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:№1демонстрациялық материал,(«Нені қайда қоямыз?»дидактикалық ойынына керекті№1үлестірмелі материалдар жинағы.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс:әңгімелесу,топқа саяхат.

Сөздык жұмыс:топ,бөлме,кереует,қолжуғыш.



Билингвальды компонент:топ-группа,бөлме-комната,кереует-кровать.


Оқу іс-

әрекет

кезектері




Педагогтің іс-әрекеті



Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивациялық

Қозғаушылық

Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып,

Е.Өтетілеуұлының өлеңін оқіды.

Білер қазақ баласы,

Сәлем-сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен

Біздер сәл.ем береміз.



Балалар педагогпенбірге сәлемдесіп,жылы тілектерін айтады.



Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар,сендер бүгін таңертен тұрып қайда келдіңдер?

-Сендерге балабақшада ұнай ма ?



Балабақша өмірімен таныстырады.

Педагаг өзін таныстырады.

-Балалар,мынау біздін тобымыздың бөлмесе.

Бөлмеміз жарық,әрі кең.Топта сендерге арналған көп ойыншықтар бар.


Балаларға демонстрациялық қөрмекілікті көрсете отырып,балабақшамен таныстыру.

-Мынау не?

-Оған не саламыз?т.б.сипаттарын түсін,көлемін айту.
-Мынау не?

-Оған не саламыз?

-Қандай ойыншық көріп тұрсыңдар?

-Мынау не?(Керует-жаттатын төсек).

-Онда не істейміз?(Ұйықтаймыз,т.б.)
Билингвальды компонент:топ-группа,бөлме-комната,керует-кровать.
-Мынау не?(Қолжуғыш.Қолымызды жуамыз.
Педагог балаларды топ бөлмелерімен,ондағы құрал-жабдықтармен,заттармен таныстырады.Балаларға әр бөлменің өзіндік ерекшеліктері бар екен,тотағы заттарды ұқыптылықпен ұстау керек екенін түсіндіреді.
1 үлестірмелі материалмен жұмыс.

«Нені қайда қоямыз?»дидактикалық ойыны.Дәптердегі заттарды атай отырып,оларды қай жерге қоятынын айту.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан топ жиһаздарын сұрау,балалардың топтық және жеке әрекеттін,олардың жауаптарын талдайды.

Балабақшаға.

-Ұнайды.

Педагогті тыңдайды.


-Шкаф.

-Киімімізді,баскимді саламыз,аяқкиімді,пальтоны саламыз.

-Ойыншық шкафы.

-Ойыншықтарды.

-Аю,қоян,піл,машинаны көріп тұрмыз.

Топ-группа,бөлме-комната,керует-кровать сөздерін қайталайды.

-Қолжуғыш.Онда біз беті-қолымызды жуамыз.

Заттарды атап,олар қайда тұратының айту.(Мысалы,сырт киМысалы,сырт ким және аяқкиім заттарын киім ілетін шкафтарға жинайды).Топ ішінде серуен жасайды.



Рефлексиялық- түзетушілік

Сергіту сәт:

Кәне,қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып,ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

(Б.Серікбаев).

Суретті көрсете отырып,сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетті қорытындылайды.Балаларды мадақтайды.


Бөлмеден бөлмеге жүреді,әр бөлме заттарын атайды,сұрақтарға жауап береді.Әр бөлменің заттарын қалай қолдану керегін айтады және көрсетеді.Қимылып келтіріп жаттығуды орындайды.

Топ жиһаздарын атап,олардың не үшін қажет екенін айтады.



Күтілетін нәтиже

Орындайды:топтағы заттардың аттарын атап,киімдерін киім ілетін шкафқа жинауды;

Түсінеді:заттарды ұқыпты күтіп ұстау керектігін;

Қолданады:сұрақ-жауап арқылы диалогпен сөйлеуді

=== Технологиялық карта - 2



Білім беру саласы: Қатынас.Шығармашылық.

Тақырыбы: «Шұбар тауық»ертегісі.

Мақсаты:а)Балаларға ертегі мазмұнын әңгімелеп беру.Ерекесектердің айтқанын тыңдап,түсіне білуге,сұрақтарына жауап беруге үйрету.

ә)Есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайтып , байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.

б)Ертегі мазмұны арқылы бір-біріне қамқор болуға,сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:№2демострациялық материал.(Ертегі кейіпкерлерінің суреттері), «Шөжелерім»әні жазылған үнтаспа .

Алдын ала жүргізілетін жұмыс:бейнетаспадан «Шұбар тауық»ертегісін көрсету. .

Сөздік жұмыс:шұбар тауық,қауырсын,жұмыртқа,тышқан.

Билингвальды компонент:ата-дедушка,әже-бабушка,тауық-курица,жұмыртқа-яйцо,тышқан-мышь.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту.

-Балалар,бүгін күн қандай?

-Күн ашық па?

-Жылдын қай мезгілі?т.б.

Шұбар тауық туралы өлең оқып береді.

Шұбар тауық мүлдем

Жолатпайды барса.

Ұясында жүрген

Балапаны қанша?

Балапанын тауық

Қызғанады жаман.

Қанатымен жауып,

Санатпайды маған.

(Ұ.Есдәулетов)


Сұрақтарға жауап береді.

Балалар өлеңнің мазмұнынан түсінгендерін айтып беруге тырысады.



Ізденістер, ұйымдастыру.



Демонстрациялық көрнекілікті көрсету.

-Балалар,сендер білесіңдер ме,тауықтар қандай түсті болады?Ақ түсті,қызыл түсті,шұбар ала түсті тауықтар болады екен.Мен сендерге осы «Шұбар тауық» ертегісін әңгімелеп беремін.

Баяғыда бір атай мен әжей күнін әзер көріпті.Олардың жалғыз шұбар тауғы болыпты.Тауық бір күні алтын жұмыртка тауыпты.Атай жұмыртқаны жерге ұрыпты,бірақ әлгі жұмыртқа жара алмапты,әжей де ұрып-ұрып жара алмапты.Бір тышқан зырылдап жүріп,құйрығымен қағып кетіпті,сол кезде жұмыртқа жерге түсіп кетіп,жарылып қалыпты.Атай мен әжей жылапты.Сонда оларды Тауық былай деп жұбатыпты:

-Жыламашы,аташым!Мұңаймашы,әжешім!

- Балалар,сендерге ертегі ұнады ма?

-Онда,осы шұбар тауықтан алынған қауырсыннан

«Қаурсынды үрлеу»ойынын ойнайық.(Шұбар тауық,қауырсын сөздерімен сөздік жұмыс жүргізіледі)



Тыныс алу жаттығуы.

Жеңіл қауырсынды «уф-уф-уф» деп үрлеуді көрсетеді.



Сергіту сәті:

Қанат жаям жалма-жан,

Талпынғандай ұшуға.

Иілем де қол созам

Аяғымның ұшына.

Бір!Екі!Бір!Екі!

(С.Қалиұлы).

Дидактикалық ойынІ: «Балапандарды тамақтандыру».

Ойын шарты: «Шөжелерім» әнін тыңдата отырып,қимылмен балапандарға жем шашуды көрсету.



Балалар ертегіні тыңдайды.

-Ия,ұнады.

Балалар қауырсынды үрлеп ойнайды.

Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.

Әнді тыңдай отырып,қимылымен балаларға жем шашады.



Релаксация

Өзін-өзі бағалау

Педагог жеке-жеке балаларғаертегі кейіпкерлерінің суретін көрсете отырып,сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

Билингвальды компонент:-дедушка,әже-бабушка,тауық-курица,жұмыртқа-яйцо,тышқан-мышь.

-Балалар,ертегі кімдер туралы?

-Атай мен әжейдің қандай тауығы болыпты?

-Ол не тауыпты?

-Жұмыртқа қандай болыпты?

-Жұмыртқаның түбіне жеткен не?

-Атай мен әжейді тауық не деп жұбатыпты?



-Ата-дедушка,әже-бабушка,тауық-курица,жұмыртқа-яйцо,тышқан-мышь.

-Атай мен әжей туралы.

-Шұбар тауығы.

-Алтын жұмыртқа.

-Қатты.


-Тышқан.

-«Жыландар,мен сендерге алтын емес,қарапайым тамақ болатын жұмыртқа тауып беремін»,-деп жұбатыпты.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды:ертегіні тыңдап,мазмұның айтуды;

Түсінуі керек: «Шұбар тауық» ертегісінің мазмұнын;

Қолданады:жаңа сөздерді сөйлемдер кұрастыру үшін.

= Технологиялық карта -4



Білім беру саласы: Қатынас .Шығармашылық.Таным.

Тақырыбы: « Балалар текшелермен ойнайды(сюжеттік сурет бойынша әңгіме құрастыру).

Білім көздері: Тіл дамыту

Мақсаты:а)Балаларды сюжеттік сурет,жеке заттарды,кейіпкерлердің әрекеттерін атау бойынша әңгіме құрастыруға үйрету.

ә)Педагогтің сурет бойынша құрастырылған әңгімесін тыңдап,зат есім мен етістіктерді қатыстырып,сөз тіркестерін құрастыра білуге және етістіктіктерді жекеше және көпше түрде (құраймын,құраймыз,ойнаймын,ойнаймыз) қолдана білу дағдыларын дамыту.

б)Балаларды достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:№4 демонстрациялық материал (балалардың текшелермен ойын суреттері),№4 үлестірмелі материал (түрлі заттардың суреттері,оларды түсі бойынша қосу).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: балалардың текшелермен ойыны.

Сөздік жұмыс:қақпа,қорған,мұнара,текше.

Билингвальды компонент:қақпа-ворота,қоршау-забор,мұнара-башня.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту.

Шаттық шеңбері.

Қуан,шаттан,алақай,

Қуанатын келді күн!

Қайырлы таң,

Қайырлы күн!

Күліп шықты бүгін күн!



Педагогпен бірге қайталайды.

Ізденістер, ұйымдастыру.



Демонстрациялық көрнекілікті қолдану.

Педагог балаларға сурет бойынша әңгіме тыңдатуын сұрайды.

-Балабақша бөлмесінде Олжас пен Марат текшелерден мұнара салып жатыр.Мұрат пен Самат машиналармен текшелерді әкеліп, түсіріп алуын өтініп тұр.Жұлдыз бен Тасқын кітап оқып отыр.Сөрелерде көп ойыншықтар тізіліп тұр.

Педагог балалардан Олжас пен Миша не құрастырып жатқанын сұрайды (Мұнара).


Билингвальды компонент:қақпа-ворота,қоршау-забор,мұнара-башня.

-Жұлдыз бен Тасқын не істеп отыр?(Кітап оқып отыр).

-Мұрат пен Самат текшелерді немен тасып жатыр?

-Балаларға тағы да текшелер не үшін қажет?

(Үлкен қорған құрастырмақшы).

-Қарандаршы,балалар,шынында да өте әдемі көк қақпа құрастырды.

-Балалар,үйшікпен тілімізді шығарып,мына сөздерді қайталайық.

Мұ-на-ра сөзіндегі а дыбысына көңәл бөлу;тек-ше сөзіндегі е дыбысына көңіл бөлу;қоршау сөзіндегі о дыбысына көңіл бөлу.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан а-е-о-дыбыстарының айтылуын қайталату.

Сергіту сәті:

Санайықшы жаңаша,

Бір,екі,үш!

Желбіре,жалауша,

Достыққа біздің күш!
№4үлестірмелі материалмен жұмыс:

«Түсі бойынша қос».

Ойын шарты:суреттегі заттарды түсі бойынша сызықпен қосу.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.



Балалар қайталайды.


-Мұнара,қақпа,қоршау құрастырып жатыр.
Қақпа-ворота,қоршау-забор,мұнара-башня

Сөздерін қайталайды.


-Жұлдыз бен Тасқын кітап оқып отыр.

-Мұрат пен Самат текшелерді машинамен тасып жатыр.

-Мұнара,қақпа,қоршау құрастырып жатыр.

Педагогтің әңгімесін тыңдайды,құрастырған мұнарасы туралы әңгімелейді.


Балалар қайталайды.Қимылын келтіріп,жаттығуды орындайды.

Суреттегі заттарды түсімен ажыратып,бір түспен боялған заттарды сызықпен қосады.




Релаксация

Өзін-өзі бағалау

Педагог балалардан сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

-Балалар,сендер текшелермен мұнара,қақпа,қоршау құрастыра аласындар ма?



Дидактикалық ойын: «Не құрастырдың?»

Балаларды мадақтау.




Балалардың жауабы.

-Құрастырамыз.Дидактикалық ойынға балалар қызығушылықпен қатысады.



Күтілетін нәтиже:

Түсінеді:артикуляциялық жаттығуларды орындау арқылы дауысты дыбыстарды(а,ә,о,е )қалай керектігін;

Қолданады:әңгімені тыңдап,сол әңгімені мазмұндай білу іскерліктерін.

= Технологиялық карта -5



Білім беру саласы: Қатынас.Таным.

Тақырыбы: «Дыбыстарды дұрыс айтайық(а-ә,о-ө).

Білім көздері: Тіл дамыту

Мақсаты:а)Балаларға даусты дыбыстарды (а-ә,о-ө) дұрыс айтуға үйрету.

ә)Артикуляциялық жаттығулар арқылы дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.

б) Үй құстары мен үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:№5 демонстрациялық материал(әріптердің дыбысталуына байланысты суреттер).Төлдердің суреттері.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс:әңгімелесу.

Қостілдік компонент:әтеш-петух,лақ-козленок.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту.

Педагог балаларға шаттық шеңберіне тұруды ұсынады.

Алдымыздан кезеккен

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

(Е. Өтетілеуұлы).


Шаттық шеңберге тұрады,педагогпен бірге қайталайды.



Ізденістер, ұйымдастыру.



Демонстрациялық кқрнекілікті қолдану.

Педагог балаларға кішкентай баланың суретін көрсете отырып:

Келгенше апам жұмыстан

Бесікте ойнап жатады.

Әрнені ұғып дыбыстан

«А-а-а»-деп үн қатады.

Бұл кім?

-Кішкентай бала «а-а-а»- деп ән салады екен.Кәне,бәріміз қайталайықшы.

Кейбір балалардан жеке-жеке сұрайды.Педагог бұзау,лақ,әтештің суреттерін көрсетеді.Олардың қалай дыбыстайтынын айтады.

Ақ бұзауым ұнайды,

«Мө-мө»-деп сүт сұрайды.

Ақ бұзау жақсы фермада,

Апарамын көрмеге.

(Е.Өтетілуұлы).

-Бұзау қалай дыбыстайды?(«мө-мө-мө» деген дыбысты қайталату).

-Балалар,бұзауды еркелетіп, «әукім-әукім-әукім» деп шақырады.

Педагог лақтың суретін көрсетеді.

Лағым-ау, лағым,

Естімей ме құлағың?

Айтқан сөзді ұқпайсың,

Келмей ме әлде тіл алғын?

(Н.Меңгітаев).

-Ал мынау ешкінің төлі-лақ.

Лақ қалай дыбыстайды?


Педагог әтештің суретін көрсетеді.

Оятпа,әтеш,сен бізді,

Өзім де сездім,таң атты.

Сенсіз-ақ білем мезгілді

Танимын енды сағатты.

(А.Сопыбеков).

-Бұл-әтеш.Әтеш қалай дыбыстайды?

-Әтеш «қо-қо-қоқ»деген дыбыс шығарады.


Билингвальды компонент:әтеш-петух,лақ-козленок.
Сергіту сәті:

Лағым,лағым,лағым

Шошағаңдаған шұнағым.

Секіресің секеңдеп

Ойнағандай еркелеп.

Дидактикалық ойын:

«Төлдер қалай дыбыстайды?»ойыны арқылы әр малдың төлдерінің қалай дыбыстайтынын айту.


Жеке жұмысты қажет ететін балалардан төлдерің қалай дыбысталуын қайталату.

Суретке қарайды, жауап береді.

-Сәби.

«А-а-а-а»деп хормен және жеке-жеке қайталайды.


-Бұзау-сиырдың төлі.

-Мө-ө-ө.


-Лақ-ешкінің төлі.

-Мә-ә-ә.

«Қо-қо-қоқ» деп балалар қайталайды.
Әтеш-петух,лақ-козленок сөздерін қайталайды.

Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.

Мал төлдерінің дыбыстауын қайталайды.
Балалар қайталайды.


Релаксация

Өзін-өзі бағалау

Педагог балалардың іс-әрекетін бағалайды.

Қандай үй жануарларының төлдерін білесіндер?

-Үйлеріңде қандай үй жануарлары бар?

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылайды.




Сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды :үй жануарларының төлдерін дұрыс атап,олар туралы білетіндерін әңгімелеуді;

Түсінуі керек:есте сақтау қабілетін жетілдіріп, дыбыстарды дұрыс айту керектігін;

Қолданады:үй құстары мен жануарларға қамқорлық жасауды.

= Технологиялық карта -6



Тақырыбы: «Көкөністерден көже жасау(дидактикалық ойын).

Білім көздері: Қатынас.Таным.

Мақсаты:а)Балаларды ыдыс-аяқ атаулары бойынша сөздік қорларын молайып,байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру, «ш» дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру.

ә)Демонстрациялық әрекеттер бойынша әңгіме құрастыруды жалғастыру (сөздерді қолдану:тазалау,жуу,турау,қайнату),жеке сөздерді айтуға ынталандыру.

б)Ыдыс-аяқты ұқыпты ұстауға, аспазшылырдың еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:№6 демонстрациялық материал (көкөністердің суреттері),№6үлестірмелі материал (көкөніс суреттері бойынша түстерін бояу).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс:асханаға бару.

Сөздік жұмыс:көкөністер,аспазша,көже. .

Қостілдік компонент:көкөністер-овощи,аспазшы-повар,көже-суп.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту.

-Бүгінгі күнімізді бір-бірімізге жақсы тілек айтудан бастайық.

-Армысыз,қайырымды Аспан ата!

Армысыз,мейірімді Жер-ана!

Армысыз,шұғылалы алтын Күн!

Қуан,шаттан,алақай!

Қайырлы таң,қайырлы күн!

Бәріміз күндей жарқырайық!


Тәрбиешімен бірге қайталайды.

Ізденістер, ұйымдастыру.



Демонстрациялық көрнекілікті қолдану.

- Балалар,көкөністер туралы мына өлеңді тыңдайықшы:

Шолып едім бақшаны,

Көкөніс біткен көңілді.

Жасыл,сары,қызыл,көк

Сан алыан көкөніс.

-Өлеңде не туралы айтылған?
(Демонстрациялық көрнекілікті қолдану).

Тәрбиеші балалардан көрнекілікті пайдаланып,сұрақ-жауап әдісі арқылы көкөністердің пішінін,түсін сұрайды.

Тәрбиеші көкөністерге не жататынын,оларды жылдаң қай мезгілінде жинайтынына тоқталады.

-Үйде аналарың,әжелерің көкөністерді қосып,тамақ әзірлейді.Қазір мен сендерге көкөністердін қалай көже жасалатын көрсетемін.

Дидактикалық ойын: «Тамақ әзірдеу»(ойыншық ыдыстармен көрсетіп әңгімелеу).

-Плитаға ішінде суы бар кастрөлді қоямыз,суымыз қайнағанша картопты тазалаймыз,суға жуып,пышақпен бөліп тураймыз,қайнап жатқанда суға саламыз.Керекті көкөністерімізді:орамжапырақ,сәбіз т.б. жуып,турап,кастрөлге саламыз.Табаға пиязды қуырып аламыз.

-Қуырған кезде қандай дыбыс шығарады?

(Ш-ш-ш).


Тәрбиеші пиязды кастрөлге салып,сорпаны арастырады.

-Өкінішке біздің плитамыз жанбайды,сондықтан қазір аспаз апайымызды шақырамыз,көжемізді әрі қарай нағыз плитаға апарып,түскі асқа пісіріп берсін.

Аспаз келіп:

«Түскі асқа осы көкөністерден көже пісіріп беремін»,-деп уәдесін беріп,шығып кетеді.

Билингвальды компонент:көкөністер-овощи,аспаз-повар,көже-суп.

Сергіту сәті:

Өн бойымды тік ұстап,

Таянамын бүйірді.

Бастап кетем дұрыстап

Сайгүлікше жүруді,

Бір!Екі!Бір!Екі!

( С.Қалиұлы).

№6 үлестірмелі материалмен жұмыс:көкөністерді бояйды.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан көкөніс түрлерін,түстерін сұрау.

Өлеңді мұқият тыңдайды.

-Көкөністер туралы.
Сұреттегі көкөністтердің атын,пішінің,түсін атайды.

Балалар «ш-ш-ш»деген дыбысты бірнеше рет қайталайды.

Көкөністер-овощи,аспаз-повар,көже-суп сөздердін қайталайды.

Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.


Көкөністерді түстеріне сәйкес бояйды.

Балалардынжауабы тыңдалады.


Релаксация

Өзін-өзі бағалау

-Балалар,көкөністерден пісірген көжемізді неге құямыз?

-Ыдыстарға нелер жатады?

-Бұл заттар аналарыңа не үшін қажет?

-Оларды қалай пайдаланады?

Сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды,балаларды мадақтайды.


Сұрақ –жауап арқылы жауап береді.

-Ыдыстарға.


Кастрөл,қазан,шәйнек,қасық,пышақ,

Тәрелке,табақ,кесе-бұлар ыдыстар.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды:сұрет бойынша әңгіме құрастыруды және көкөністерді түсіне сәйкес бояуды;

Түсінуі керек:көкөністердің пішінін,түрін,түсін ажыратуды,ыдыстарды қалай атау керектігін;

Қолданады: баяндау(әңгімелеу)мәтінін құрай білу істерліктерін.

= Технологиялық карта -7 20.10.2015



Тақырыбы: Ерке төлдер(жануарлардың суреттері бойынша әңгіме құрастыру).

Білім көздері: Тіл дамыту.

Мақсаты:

а)Тәрбиешінің көмегімен үй жануарлары туралы қысқа әңгіме құрастыруды,жануарлардың төлдерінің аттарын жекеше,көпше түрде атаудыүйрету(бота,ботақандар,құлыншақ,құлыншақтар т.б.).

ә)Сұрақ-жауап арқылы балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

б)Үй жанауарларына қамқорлы көрсетуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: №7демонстрациялық материал (үй жануарларының төлдерімен суреттері), №7үлестірмелі материал) үй жануарларының төлдерімен суреттері,оларды төлдерімен сәкестендіру).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет