Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әр рәсімінің қорытындысы негізінде білім алушылар оқу жетістігі деңгейіне сәйкес максималды жинақталған балл саны түріндегі қорытынды нәтижеге қол жеткізеді. Өз кезегінде оқу жетістігінің деңгейі болашақ тоқсандық бағаны болжаудың көрсеткіші қызметін атқаруы да мүмкін.
Оқу жетістігі деңгейлеріне сәйкес баллдың пайыздық мазмұны
Барлық баллдар, бағалардың есебі электрондық журналда автоматты түрде жүзеге асырылады. Білім алушылардың бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін қою электрондық журналда оқыту тәжірибесін жетілдіру, талдау үшін қолданылатын баллдар, бағалар туралы ақпараттарды көрсетеді. Жиынтық бағалаудың нәтижелері білім алушыларға, ата-аналарға тоқсан барысында, тоқсанның соңында беріледі
Нәтижелерді тіркеу