Бөлімшелерде 2015 жылдың 1 жартыжылдығына әскери және қызметтік дайындықты ұйымдастыру талдауы



Дата05.06.2017
өлшемі32,39 Kb.
#17683
Бөлімшелерде 2015 жылдың 1 жартыжылдығына әскери және қызметтік дайындықты ұйымдастыру талдауы
2015 жылдың 1 жартыжылдығында облыс өртке қарсы қызмет гарнизонында кезекші қарауылдар жеке құрамының әскери және қызметтік дайындығы ҚР ТЖ министрінің 2010 жылғы 12 шілдедегі «... дайындық ережесі» № 245 бұйрығына сәйкес әзірленген ӘҚД тақырыптық жоспарының негізінде ұйымдастырылды.

Жеке құрамның әскери даярлық деңгейі, бірінші кезекті авариялық-құтқару жұмыстарын өткізу сапасы, өрт сөндіру алға қойылған тапсырмаларды орындауға жеке құрамның дайындық дәрежесіне толық байланысты. Оқу процесін ұйымдастыру және өткізу өрт сөндіруді іске асыру бойынша тапсырмаларды орындауға жеке құрам кәсіби деңгейін төмендетуге апаратын жағымсыз факторларды анықтау мақсатымен бөлімшелер басшылары тарапынан күнделікті бақылауды талап етеді.

2014 жылдың қарашасында КӨСҚ-мен бөлімшелерде ӘҚД ұйымдастыру тәртібін реттейтін сағат және тәртіп бойынша оқу уақытын бөлу жылдық жоспары, ӘҚД кесте-жоспары және басқа құжаттар әзірленді және бастықпен бекітілді. Облыстың барлық бөлімшелер басшыларымен, «ӨСжАҚЖҚ» ММ аппаратының қызметкерлерімен «... дайындық ережелері» талаптарына сәйкес тақырыптық жоспарды құру және маңызды тәртібі бойынша, ӘҚД бойынша бір айға сабақ кестесін құру дұрыстығы, қызметкерлер санаты арнайы дайындауды ұйымдастыру жөнінде жұмыстар жүргізілді. 18, 19, 20, 21, 22, 24, 25, 26, 28, 29-ӨСБ басшыларына ӘҚД сабақтарының кестесін әзірлеу, объектілерге шығумен ПАСР тактикасы бойынша жоспар-қысқаша жазба құру, ӨТШ шешімі, ӨТО жоспары бойынша қысқаша жазба әзірлеу жөнінде тәжірибелік көмек көрсетілді.

Бөлімшелердің жеке құрамымен ӨТО және ӨТТШ өткізу кестесіне сай өрт-тактикалық оқулар және сабақтар жүргізілді. Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары гарнизондарында өткізілген оқулар нятежелері бойынша өрт сөндіру жедел штабы жеке құрамының, лауазымдық тұлғаларының әрекетіне талдау жүргізілді, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери жарғысы білімін жетілдіру бойынша кезекші қарауыл жеке құрамымен сабақтар өткізілді. «ПАСР тактикасы және өрт сөндіру» бойынша тәжірибелік сабақтар жүргізу барысында тиісті объектілерде өрт сөндіру жедел құжаттамасын өңдеу жүргізілді. Бөлімшелердің газ түтінінен қорғау қызметінің жеке құрамымен «Газ түтінінен қорғау қызметінің жеке құрамымен сабақтар ұйымдастыру және өткізу» әдістемелік нұсқауының негізінде таза ауада, ЖТК және психологиялық дайындық жолағында жүргізілді.

Үстіміздегі жылдың 1 жартыжылдығында көп адамдар жүретін объектілерде, 15 ірі өрт қауіпті объектілерде ӨТО жоспарланды және жүргізілді (2014 жылы 46, аз санды өрт сөндіру бөлімшелерінде ӨТО жүргізбеу туралы ҚР ІІМ ТЖК кешенді тексерісі барысында ескертуге байланысты саны төмендеді). Сол сияқты Павлодар, Ақсу, Екібастұз, қалаларында, Ертіс а., Баянауыл к., Железинка а., Қашыр а., Көктөбе ауылдарында 25 әр түрлі объектілерде қосымша ӨТТШ өткізілді (сауда, мектепке дейінгі және оқу, мәдени-ойын-сауық, тіршілікпен қамтамасыз ету объектілерде және басқа мекемелерде).

ӨТТШ өткізу барысында КӨСҚ қызметкерлерімен РТП және жеке құрам әрекеті бойынша келесі ескертулер анықталды: әскери өрістеу өткізуде ҚТ сақтамау, әскери учаскелермен қарым-қатынастың болмауы, , өрт сөндіру орнына сапасын барлау жасау, ақпаратты толық көлемде бермеу.

Сол сияқты Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларында, Ертіс а., Баянауыл к., Железинка а., Кашыр а., Көктөбе а. 10 сауда объектілерінде қосымша ӨТТШ өткізілді.

ММ аппаратының қызметкерлерімен аудандық бөлімшелерге кешенді тексеріс жүргізу барысында әр түрлі объектілерде 15 қосымша ӨТТШ өткізілді (мектепке дейінгі және оқу, мәдени-ойын-сауық, тіршілікпен қамтамасыз ету объектілерінде және басқа мекемелерде).

215 жылдың аяғына дейін жеке құрамның әскери дайындығын ұйымдастыруды жақсартуға бағытталған негізгі тапсырмалар:

- облыс гарнизоны өрт сөндіру бөлімдерінің басшы құрамының кәсіби деңгейін арттыру;

- ӨТТ шешімі бойынша тәжірибелік сабақтар өткізу сапасын жақсарту;

- қызметкерлер санатын арнайы дайындау бойынша сабақтар өткізілу сапасын жақсарту;

- аз санды бөлімшелерде әскери және қызметтік дайындық жүйесінде сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу сапасын жақсарту.
Аталмыш бағытта қызметтің әрекетін жақсарту мақсатымен төмендегілерді орындау қажет:

1. 18, 21, 22, 24, 25, 26, 28-ӨСБ жоспар-қысқаша жазба әзірлеу сапасын жақсарту, КӨСҚ-не оларды қарау үшін уақытында ұсыну.

Орындауға жауаптылар – бөлімшелер бастықтары. Қарауға ұсыну мерзімі әр айдың 10-на дейін.

2. Сабақ өткізу басшылары ӨТТШ, ӨТО өткізу алдында оларды өткізуден 20 күн бұрын ММ-не қарауға әзірлемені ұсыну қажет. ӨТТШ және ПТУ өткізу нәтижелері туралы ММ-не анықтамамен баяндасын.



3. Бөлімшелер бастықтары қарауыл бастықтарының жоспар-қысқаша жазба әзірлеуін және жеке құраммен ӘҚД бойынша сабақтардың сапалы өткізілуін бақыласын.
Орын.: М.Қ. Байзелдинов

тел. 64-40-46

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет