Болмыс және материя. Болмыстың негізгі түрлері Болмыс ұғымының тарихи сипаттамасы және философиялық мәні Болмыстың негізгі түрлері



бет2/8
Дата07.02.2022
өлшемі48,88 Kb.
#83170
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
aaa8064c-dd48-4862-a135-5385c0e9c465

Болмыс ұғымы – философияның ең ежелгі әрі маңызды категорияларының бірі. Ол жалпылай алғанда «бар болу», «өмір сүру» проблемасын қамтиды. «Болмыс» түсінігінің арғы түбірінде «болу», « бар болу» деген мағынаның жатқанын аңғару қиын емес. Бұл түсінік адамның айнала қоршаған ортаны біртұтас әлем есебіне танып-білуге ұмтылуынан туындаған.
Осы заманғы философиялық әдебиеттен «болмыс» сөзінің екі түрлі мағынасын аңғаруға болады. Тар мағынада болмыс – адамның санасынан тәуелсіз, тысқары өмір сүретін объективті, материалдық дүниені білдіреді. Ал кең мағынада алғанда болмыс түсінігі бардың бәрін, өмірсүретіннің барлығын – материалдық дүниемен қоса рухани дүниені де, яғни адамдардың санасын, ақыл-ойын, жан сезімін қамтиды. Басқаша айтқанда, болмыс – бар болуды, өмір сүруді айқындап белгілейтін,реальды дүниенің (шынайы дүниенің) барлық түрлерін қамтитын кең ауқымды философиялық ұғым. Бар болудың қарама-қарсы ұғымы, әрине, жоқьолу. Тұтас дүние туралы ой толғағанда бар болумен, болмыспен ғана шектелсек, сыңаржақты болар едік. Бар болу жоқ болуға ауысуы, өмір сүру өмір өмірден кетуге әкеліп соғуы, немесе керісінше, болмаудан болуға, жоқтыңөмірге келуіне жағдай тууы мүмкін. Ендеше, болмыс туралы айтқанда болмыссыздың ұғымын қоса еске алған жөн. Олар өзара тұтастықта, ажырамас ауыспалы диалектикалық байланыста екенін атап өту керек. Бүгін бар нәрсеге айы-күні келгенде жоққа айналады, болмыс болмыссыздыққа ауысқандай. Бірақ жоқтың өзі мүлде жоққа айналмайды, басқа сапалық түрге ауысып, өмір сүре береді, санада ізі қалады. Сөйтіп, болмыс пен болмыссыздықтың арақатынасы салыстырмалы (относительді) мәнге ие болады. Әрине, болмыс туралы ой толғау дүние «бүгін бар», «осында бар» және «осылай бар» деген қарапайым түйіндермен ғанашектелмейтіні түсінікті. Себебі дәл осы арада әлгілерге қоса дүниенің"өткені мен ертеңі қандай?», «осында бар болса, басқа жерде де, барлық жерде де бар емес пе?» деген сияқты сұрақтар заңды түрде туындай-ды ғой. Осы сұрақтарға жауап қайтару барысында тарихта бірқатар философтар бұл шексіз дүние өткінші емес, әрқашан болған, болса береді деп тұжырымдады.Енді біреулер дүние болды, бар және бола береді, бірақ кеңістікте де, уақытта да бастамасы мен ақыры бар деп көрсетуге тырысты. Осындай ой-толғамдар дүниенің өмір сүруінің тұрақтылығы мен өткін-шілігі туралы пікірлердің өзара қарама-қайшы қауышуына түрткі болды. Ал бұдан келіп дүниенің тұрақтылығы мен әрбір жеке заттардың, жеке адам өмірінің өткіншілігінің арақаты-насы қандай деген келесі сұрақ туындады. Сөйтіп, болмысқа қатысты мәселелердің біртұтас желісі қалыптасты. Философия тарихында болмыс ұғымын тұңғыш пайдаланып, оны мәселе ретінде қарастырған көне грек ойшылы Парменид (б.з.б. VI-Vғғ.) еді. Оның пікі-рі бойынша, болмыс дегеніміз – бар болу, өмір сүру, одан басқа ештеңе жоқ, ал жоқ болу – болмыссыз-дық. Парменид әлемнің болмыс есебінеде тұтастығына, тұрақтылығына, мәңгілігіне, ең бастысы, бар болуына, өмір сүретіндігіне көңіл бөледі.Парменидтің замандасы атақты көне грек философы Гераклит үшін ең маңызды нәрсе –дүниенің мәңгі қозғалыста екендігі. Ол дүниені алаулап, лапылдап жанатын, енді бірде өшуге бет алып, бықсып барып қайта тұтанып, жанатын мәңгілік от есебінде қарастырады. Оның пікірінше, болмысқа қарама қайшылықтар мен олардың өзара әрекеттесуі тән. Сондықтан болмыс өзгермелі. Болмыс пен болымсыздық ажырамас бірлікте. Екеуі де тең өмір сүреді. Бірі екіншісін тудырады, бірі екіншісіне өтіп, өзгеріп, құбылып отырады. «Бәрі өткінші, бәрі өзгермелі» деп үйретті ол.
Ендігі бір көне грек философы Левкиппоның ілімін жалғастырушы шәкірті Демокрит (б.з.б. 460-370 жылдар шамасы) болса;бүкіл дүниенің, әлемдегі барлық заттар мен құбылыстар атомдардан құрылады.Олар бір-бірінен бостық(еш нәрсе жоқтық-пустота) арқылы ажыратылады. Бостық – бір жағынан, сан алуан заттардың және құбылыстардың өмір сүруіне, екінші жағынан, олардың қозғалысқа түсуіне жағдай жасайды. Сөйтіп, бұл дүниеде атом (болмыс) және бостық, еш нәрсе жоқтық (болмыссыздық) қана бар деген тұжырымға келеді.Антикалық дәуірдің ұлы философтарының бірі Платонның (б.з.б. 427-347) ойынша, болмыс дегеніміз – мәңгілік өмір сүретін, өзгермейтін сана тектес рухани идеялар дүниесі. Идеялар – заттар мен құбылыстардың түп негізі, оларды анықтап өмірге келтіруші. Заттар дүниесі өткінші, пайда болады, тозады, өледі, яғни шынайы болмыс емес, бар болғаны идеялар дүниесінің күңгірт бейнесі ғана.
Діни дүниетаным үстемдік еткен орта ғасырлық философияның өзегі – Құдай болмысы. Құдай мәңгі, уақыттан да, кеңістіктен детысқары тұр. Ол бүкіл әлемді, табиғатты, дамуды жаратушы. Қайта өрлеу дәуірінде, әсіресе, Жаңа заман дәуірінде ғылым мен техниканың өрістеп дамуына байланысты философияда адамға, ғылым мен ақыл-ой жемістерін адам игілігіне пайдалануға бетбұрыс болғаны белгілі. Осыған орай болмыс ұғымын табиғатпен ұштастыруға, адамның жаратушылық құдіретімен, ақыл-ой пәрменділігімен байланыстыруға ұмтылыс пайда болды (Ф. Бэкон, Р. Декарт). Неміс классикалық философияның аса ірі өкілі Г. Гегель шынайы болмыс – «абсолютті идея» деп тұжырымдады. Ол Платон арнасын жалғастыра отырып, болмыс мәселесіне объективті идеализм тұрғысынан келгенімен, ең бастысы болмыс ұғымына диалектикалық сипат беріп, даму процесінде қарастырады.Л. Фейербах болса шынайы болмыс – табиғат, ал табиғаттың ғажап туындысы әрі жетістігі – адам деп есептеді. К.Маркс пен Ф.Энгельс философияға «қоғамдық болмыс» деп аталатын жаңа түсінік енгізді. Қоғамның қызмет атқаруы, өзгерісі мен дамуы объективті заңдылықтарға бағынады және оның материалдық негізі бар, деп тұжырымдады олар.
XX ғасырда пайда болып, өріс алған алуан түрлі философиялық ағымдардың арасында (олар туралы алдыңғы тарауларда толық айтылған болатын) болмыс мәселесіне ерекше көңіл бөліп, жан-жақты қарастырған экзистенциализм – өмір сүру философиясы болады. Оның түп қазығы, басты мәселесі – адам, оның осы заманғы шиеленіскен қайшылықтар мен тарихи-әлеуметтік апаттарға толы жағдайда өмір сүру мүмкіндігі.
Қысқаша тарихи шолу барысында байқағанымыздай, болмыс ұғымы өте күрделі әрі сан қилы. Философиялық ой-өрістің тарихи қалыптасып дамуының әр дәуірінде бұл түсініктің тмазмұны тереңдеп, жаңа қырлары ашылып отырған. Енді болмыс ұғымының философиялық мән-мағынасын қарастырып көрелік.
Сонымен, болмыс мәселесінің бірінші қыры мен сыры мынадай сұрақтар мен жауаптар тізбегімен топшыланады: не бар, не өмір сүреді? Дүние деген не? Ол қайда? Осында және басқа жердің бәрінде. Ол қашаннан және қалай бар? Қазір де бар, бұрын да болған және бола береді, ол түпкілікті. Жеке заттар, организмдер, адамдар, олардың тіршілік қызметі қаншалықты ұзақ жасайды? Олар шектеулі, ауыспалы, өткінші. Халқымыз ежелден-ақ:
Қарап тұрсам, дүние шолақ екен,
Бір-біріне адамдар қонақ екен.
Тіршіліктің барында сыйласа біл,
Бұл дүниенің қызығы сол-ақ екен,-
деп пайымдаған ғой. Бабаларымыз әр адам өмірін «қамшының сабындай қысқа» екенін, «қас-қағым» екенін де ескертіп, мәнді, мағыналы өмір сүруге шақырған ғой. Өйткені уақыт бір орында тұрмайды. Заман озады. Халқымыз:
Былтыр құлын, биыл тай,
Біреу кедей біреу бай,
Диірменнің тасындай
Шыр айналған дүние-ай!-
деп түйіндейді.Осыдан келіп тұтастық ретіндегі табиғат болмысының түпкілікті, тұрақтылық сипаты мен заттар, адамдар, табиғат құбылыстары болмысының өткінші, көшпелі сипаты арасындағы қайшылықтардың өзара байланысы мен бірлігі шығады. Болмыс мәселесінің түбірі, оның күрделілігі, міне, осымен сипатталады, Басқаша айтқанда, дүние өмір сүру үрдісіне, болмысында біртекті емес: жалпы алғанда ол тұрақты, ал оның жекелеген жақтары, құрамдас бөліктері, заттары мен құбылыстары көшпелі, өткінші, халықтың қарапайым сөзімен айтқанда, «алдамшы, жалған дүние». Тұтастық ретіндегі дүниеніңболмысын бүкіл дүниедегі бардың болмысынан ажыратып қарауға болмайды. Алайда дүниенің болмысы мен дүниені құрайтын заттар, құбылыстар мен тіршілік иелері болмысының арасында айырмашылық бар. Сөйте тұра дүниенің өмір сүруіне ажырамас бірлік, әмбебап тұтастылық тең.
Дүние тұрақты, тұтас нәрсе ретінде адамның санасынан тыс және оның еркінен тәуелсіз өмір сүреді. Әрине, бұл тұтастықтың өзі алуан түрлі көрініс тауып отырады. Әр адам күнделікті тіршілігінде табиғатпен, қоғаммен, басқа адамдармен өзінің ортақ бірлігін іздеуге тырысады. Сонымен бірге оған заттар мен рухани құбылыстар, табиғат пен қоғам арасында, өзі мен басқа адамдар арасында айтарлықтай айырмашылықтар мен өзгешеліктердің бар екендігі өзінен-өзі белгілі болады. Сөйтіп, заттар мен құбылыстардың арасында ортақтық бар ма, оларды не біріктіреді деген сұрақ алға тартылғанда, философтардың жасаған қорытын-дысы мынау: табиғат заттары, рухани құбылыстар (ой, пікір, т.б.), қоғам және табиғат, түрлі жеке адамдар – бәріне ортақ нәрсе – олардың «бар» екендігі, өмір сүріп отырғандығы және де олардың жеке-жеке, өз бетінше емес, өзара байланыста, белгілі бір бірлік, тұтастық дүние құрамында екендігі.
Болмыстың философиялық проблема есебіндегі екінші қыры мынаған саяды: табиғат, адам, ойлар, идеялар – бәрі тең өмір сүреді, бірақ өмір сүру түрлері әр қилы, сөйте тұра олар бар болуы арқылы шексіз де тұрақты дүниенің тұтас бірлігін құрайды.Сонымен, табиғат дүниесі болған, бар және бола береді: адам, қоғам пайда болғаннан бері бар, бола да бермек дейміз. Олардың бәрі өзіндік айырмашылығын, ерекшелігін, шектілігі мен өтпелілігін сақтай отырып, дүниенің біртұтастығын, тұрақтылығы мен түпкілігін қамтамасыз етеді. Осы тұр-ғыдан алып қарайтын болсақ, дүние өзінің өмір сүруі мен дамуының ішкі және объектив-ті логикасы арқылы әрбір ұрпақ үшін нақты ақиқат болып табылады. Ең маңыздысы – адам санасының өзі ерекше болмыс, ол да өмірдің шынайы, нақты процесі. Дүниеде бардың болуы, яғни табиғи заттар мен процестер,түрлі құбылыстар, адамның өз ақыл-ойы мен қолөнері арқылы табиғатты өзгертіп жасаған заттар мен құбылыстары, қоғамдық өмірдің сан қилы қарым-қатынастары – бәрі әрбір адам үшін, оның санасы мен іс-әрекеті басқа адамдар үшін және оның өзі үшін іс жүзіндегі нақтылы ақиқат. Әрқайсымыз өзіміздің тәнімізге, жан-дүниемізге, өткеніміз бен бүгінімізге және келешегімізге, басқа адамдармен, қоғаммен қарым-қатынасымызға ерекше ақиқат, айрықша болмыс ретінде қарайтынымыз рас. Ендеше. Өмір сүру барысында тек заттық дүниеміз ғана емес, рухани құбылыстармен де – ақыл-ой, сана, көңіл күйі, жан сезімі – нақты ақиқат ретінде санасуға тура келеді.
Қысқасы, болмыс мәселесінің үшінші қыры – дүниеде бардың, өмір сүретіннің бәрі – нақты ақиқат; бұл ақиқаттың өмір сүруінің, дамуының іштей логикасы бар, ол адам санасынан нақты бейнесін таба алады дегенге келіп саяды.
Жоғарыда айтылған болмыс туралы ой-пікірлерді жинақтай келе былайша тұжырымдауға болады: 1) дүние бар, ол шексіз де тұрақты тұтас нәрсе ретінде өмір сүреді; 2) табиғат және рухани құбылыстар, жеке адамдар мен қоғам – бәрі әртүрлі болғанымен тең өмір сүреді; 3) дүние – ақиқат және ол адамдардың санасы мен іс- әрекетінен нақты көрініс таба алады. Болмыс ұғымы заттар, процестер, құбылыстар қасиеттерін нақты түрде қамтымайды, өмір сүру фактісін белгілеумен ғана шектелмейді. Керісінше, олардың арасындағы жалпылық сипаттағы күрделі байланыстардың тұтастығы мен бірлігін талдап қарастыруға иүикіндік береді. Болмыстың философиялық түсінігі арқылы абстракциялық ойлаудың биік деңгейіне көтерілеміз, табиғат пен адам, адам мен оның жан- дүниесі, рухы, жеке кісі мен қоғам арасындағы айырмашылықтардан оқшауланамыз. Бұдан болмыс таза ой, идея екен деген пікір тумауға тиіс. Болмыс ұғымы арқылы дүниенің бар екеніне иланып, оны құрайтын құбылыстардың бәріне тән, бәрін біріктіретін неғұрлым ортақ, жалпы әлемдік байланысты іздестіреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет