2.Болмыстың негізгі түрлері
Тұтас дүние өзіндік ерекшеліктерімен дараланатын, бірақ өзара байланысты болатын сансыз көп түрлі заттардың, құбылыстар мен процестердің, құрылымдар мен жүйелердің, тіршілік иелерінің, адамдардың жалпы бірлігін, өмір сүруін қамтиды. Аталған әрбір құбылыстың өзіндік даралық мәні бар дейтін болсақ, онда тұтас дүниені мәндердің мәндісі деп қарау орынды, Дүниені құрайтын әрбір даралықтың, құбылыстың тек өзіне тән, өзін басқа емес, дәл осының өзі етіп тұрғанын анықтаушы ерекшелігі бар. Осы анықтаушы ол құбылыстың дара болмысының мәні болып табылады. Дара болмысты мойындай отырып, оларды жинақтап қарау, ортақ белгілері мен қасиеттерін іздестіру арқылы болмысты түрлерге топтастыру таным мен өмірлік практика үшін мейілінше қажет.
Болмыстың түрлері туралы проблема философия үшін де өте маңызды. Осы тұрғыдан алғанда болмыстың мынадай негізгі түрлерін ажыратуға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |