Болмыстың негізгі түрлері:
Заттар (денелер) процестер болмысы:
а) бірінші табиғат;
б) екінші табиғат;
Адам болмысы:
a) заттар дүниесіндегі адам болмысы;
б) адамның өзіндік болмысы.
Рухани болмыс:
a) жеке адамның рухани болмысы;
б) қоғамның рухани болмысы.
Әлеуметтік болмыс:
қоғамдағы және тарих процесіндегі жекелеген
адам болмысы;
б) қоғам болмысы.
Тарихи тұрғыдан келгенде адам қызметінің, өмір тіршілігінің негізі - табиғат заттары мен табиғи процестер.Бірінші табиғат - ол адамзатқа дейін пайда болған, адамдардың санасынан тысқары және тәуелсіз өмір сүреді. Ол теңіздер, мұхит, ормандар, ауа, жер, т.б. Кейін адам Жер табиғатына қуатты да кең әрекет етуші болып алды. Бұрын табиғатта өмір сүрмеген, адамдар өндірген заттардың, процестердің, жай-күйлердің тұтас дүниесі пайда
болды. К. Маркс оны «Екінші табиғат» деп атады. «Екінші табиғатқа» жататындар: үйлер, материалдық заттар, адам ойлап шығарған өсімдіктер және тірі организмдер (табиғатта кездеспейтін). Ол жасанды табиғат. Қазіргі заманда «екінші табиғат», өзі «бірінші табиғаттың» туындысы болса да, басымды болды.
Достарыңызбен бөлісу: |