Адам болмысы екіге бөлінеді:
Адам тікелей жанды, нақты кісі ретінде өмір сүреді. Оның үстіне адамның өмір сүруінің табиғи алғышарты оның денесінің өмір сүруі. Яғни адам, ең алдымен, «сүйек пен еттен жаралған пенде». Сонда адам денесі – табиғат бөлшегі. Денесінің болуы адамды шектеулі, өткінші жан етеді. Ерте заманнан адамдар өз өмірлерінің ұзақтығының ұлғаю мүмкіндіктерін іздестірген. Ағылшын биологтарының айтуынша, барлық жағдайлар жасалса, адам денесі бір мың жыл өмір сүре алады. Өмір ұлғаю үшін не керек? Біріншіден, адам денесінің тіршілігін қамтамасыз ету қажет. Екіншіден, адамның ең алғашқы құқығы өз өмірін сақтаумен, адамзаттың аман-есендігімен байланысты. Үшіншіден, жаңа организм ретінде адамдар тұқым қуалаушылық заңдарына бағынады, мұны жойып жіберуге немесе жоққа шығаруға олар дәрменсіз. Төртіншіден, философия адамның денесі және оның ынтызарлығы, қуаныш-реніші, психикалық жай-күйі, ойы, мінез-құлқы, ерік жігері, іс-әрекеті, бір сөзбен айтқанда, арасындағы байланысты үнемі іздестіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |