Материалдық нүктенің қозғалысының кинематикалық сипаттамасы Әдетте дене қозғалысын сипаттау үшін декарттық координаталар жүйесі қолданылады. Декарттық координаталар жүйесінде А материалдық нүктенің орны x, y, z координаталарымен немесе
радиус-векторымен беріледі.
1.1 – сурет. Декарттық координаталар жүйесіндегі радиус векторы
Радиус-вектор деп – О координаталар басынан берілген нүктеге дейін жүргізілген векторды айтады. x, y, z осьтерінің бірлік орттарын
векторының координаталар осіне проекциясы берілген нүктенің декарттық x, y, z.координаталарға тең.
Қозғалыстағы материалдық нүктенің x, y, z координаталары және
радиус-векторы уақыт өткен сайын өзгереді.Сол себептен материалдық нүктенің қозғалысы үш скалярлық теңдеумен анықталады
немесе бір векторлық теңдеумен
(1-2) немесе (1-3) теңдеулері материалдық нүкте қозғалысының кинематикалық теңдеулері деп аталады.