Бөрлі аудындық саз мектебінің оқытушысы Құмарғалиева Эльмиранның ашық сабағы. «Төменгі сынып оқушыларымен жұмыстану»



бет1/5
Дата21.07.2017
өлшемі1,64 Mb.
#21567
  1   2   3   4   5
Бөрлі аудындық саз мектебінің оқытушысы Құмарғалиева Эльмиранның ашық сабағы.

«Төменгі сынып оқушыларымен жұмыстану»

1

Кіріспе

Өнер – қай халықтың болмасын тарихымен бірге жасасып, біте қайнасқан ұлы құбылыс. Ежелден өнер сүйген табиғатына әнге әуес, күйге құмар халқымыздың рухани қазынасы өте бай. Сол мұралар үшін құлақ түрсек, ата –бабамыз басынан өткерген қилы – қилы замандармен сан ғасырлардан шежіре болып сыр шертеді.

Қазақтың ежелден келе жатқан қасиетті де қастерлі музыкалық аспаптарының бірі - қобыз. Ғасырлармен үндескен қобыз аспабы халқымызға рухани азық болып, атадан балаға, ұрпаққа мирас болып біздің заманымызға жеткен.

Қобыз - адамның нәзік сезімін, қуаныш – күйінішін, ой – қиялын музыка тілімен өте дәл, әдемі суреттейтін үнге аса бай, аса құнды аспап.

Ұлттық өнеріміздің шығу тарихы және даму кезеңдері Қорқыт ата бабамыздың есімімен тығыз байланысты. Қобыздың бойында он жеті ғаламның үні бар деп тегін айтпаған. Қобыз үні адамның жан – дүниесін басқа таза әлеммен байланыстырады. Рухани , таза сезімдерді адам жанына ұялатып , адалдықпен шындыққа баулиды. Қобыз – қиын – қыстау , тар жолда Қорқыттың талдырмас қорегі, ақыл- ойын өрбіткен , арып шаршағанда шабыт берген, сергіткен өмір серігі. Сөз жоқ, бұл – музыкалық мәдениет тарихындағы құдіретті құбылыс. Аңыз бойынша, қобызды жасаған – ұлы даланың ұлы жырауы Қорқыт ата. Осы аспапта тұңғыш ойнағанда, қобызшы- сазгерде, саздың орындаушысы да өзі еді.

Қобыз аспабы жаңа заманға лайықталып, жетілдіргенге дейін, яғни қазіргі сатысына жеткенше екі ішекті қарапайым түрінде болды. 1930 жылдары А.Жұбановтың басшылығымен қазақтың халық аспаптары оркестрі құрылып, тапсырыс бойынша музыкалық аспаптар жасайтын шеберлер Э.Романенкомен, Қ.Қасымов қобыздың жаңа түрлерін, оның ішінде үш ішекті прима - қобызды (бұрауы кіші октавадағы соль және бірінші октавадағы ре, ля дыбыстарына келтірілді) жасады. Осылайша ансамбль, оркестрлерде және жеке орындауда бүгінгі таңда орындаушыларымыз жеткен абырой - атақты қобыз өнерінің биіктігі деп есептейміз. 1953 – 1954 жылдары Республикалық еңбек сіңірген мұғалім,

Үлкен орындаушылық тәжірибесі бар Д.Тезекбаевтің жасаға чертежі бойынша музыкалық аспаптар жасайтын шеберлер А.Першин мен А.Тұрдыбаев жаңа төрт ішекті прима – қобыз жасап шығарды. Төрт ішекті қобыздың айырмашылығы тек қосылған төртінші ішегінде ғана емес, оның құрылысына, жасалуына айта қаларлықтай жаңалықтар қосылды, дыбыс көлемі өсті, аспаптың мойыны қысқарып ойнау тәсілі жеңілденді, сол қол саусақтарын ішекке дұрыс ыңғайлы қалыптасрыруға жағдай туды. Осы айтылған өзгерістер жаңа төрт ішекті қобызды ірі виртуоздық пьесалар мен этюдтер ойнау және күрделі шығармалар орындау дәрежесіне көтерді.

Ата - баба ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қолы жеткен еліміздің білім, тәрбие беру негізіндегі басты мақсат – рухани жан дүниесі биік, жеке тұлға қалыптастыру. Ал, тұлғаны музыкаға тәрбиелеу дегеніміз – ол оқушы бойындағы белгілі бір қызығушылықты ояту, қажетті құндылық бағдарын қалыптастырып дарындылық көзін ашу.

Оқытушының мақсаты –білімді де білікті, мемлекетіміздің болашағы үшін қызмет ететін оқушы – орындаушы даярлау болып табылады.

2. Қобыз өнерінің тарихи бастауы және насихатталуы

Қобыз – қазақтың ежелден келе жатқан халық аспабы. Қобыз аспабы – жылқының ширатылмаған құйрық – жалынан таратылған екі ішегі бар, ожау пішіндес сошақша тұрқы ағаштан ойылған, төменгі бөлігі әжептәуір қусырыла жасалып, теріден керген мембран жапсырылған, үстінгі бөлігі дөңгелек әрі беті ашық етіп жасалған аспап. Жылқының жалынан керген ысқышты (смычок) қос ішекке үйкелей ысқылау арқылы саз алынады; үстіңгі ішегі мелодия шығарады, ал төменегі ішегі бурдоник рольін атқарады. Қобыздың қырыққа жуық аттың құйрық қылынан керілген екі ішекті ысқышы болады. Оның қыл қобыз аталуыда содан шығар. Қобыз үнінің төмендеп, қайта жоғарлап дыбыс шығаруы – ішектеріне саусақ ұшын ғана тигізіп, керілген қылды тырнақпен сәл ғана итеріп, оң қолдағы ысқышты көлденең ұстап, ішекке ысқылағанда қою – қоңыр мұңлы саз естіледі. Біреулер қобыз үнін құс дауысына ұқсатса, музыка зерттеуші Б.Сарыбаев қобыз үнін «ащы - зарлы, өксікті үн шығаратын» адам дауысына ұқсатады. Қобыздың саз аспабы ретіндегі тағдыры тайғақ , жолы қиын - қыстаулы болды. Себебі әу бастан - ақ қобыз- бақсының сиқыр жасайтын құралы деген пікір қалыптасқан болатын.

Аңыз бойынша, қобызды жасаған – ұлы даланың жырауы Қорқыт ата. Осынау аспапта тұңғыш ойнаған да, тұңғыш қобызшы – сазгер де, саздың орындаушысы да өзі еді. Қорқыт туралы түрік төркіндес халықтар арасында көптеген аңыздар сақталған. Сол аңыздың бірі мынандай. Дала музыкасының атасы Қорқыт өмірдің өткіншілігімен күресіп, ажалды жеңуді армандайды. Ажалдан қашқан ол қай жерге бармаса да, алдынан қазылып жатқан көр шығады. Адам ғұмырын ұзартуды көксеген сазгер жер бетінен безінеді. Сөйтіп ағаштан қобыз ойып жасайды да, оған ішек тартып , ажал судан өте алмас деген оймен су үстіне – қайыққа отырып алып, бар арман - сезімін қос ішектен төгеді. Қобыз сарынын ажалдын өзі тоқтата алмай, жағалауда елтіп тыңдайды екен. Күндіз –түні шанақтан қолын алмай күй төккен Қорқыт ата бір сәтке қалжырап қалғып кеткенде, соны аңдыған ажал жылан болып келіп сазгерді шағып ажал құштырады. Алайда халықтың жадында ұлы қобызшының мәнгі өлмес күйлері қалады. Қорқыттың есімі де оның кеменгерлігімен дүниеге келген қобыз аспабы да, ол шығарған күй - сарындар да атадан балаға, ұрпақтан – ұрпаққа жетіп ұлы өнердің өрісі кеңейіп, мәңгілікке жол тартты. Бұл аспап халқымыздың тарихи-этникалық мәдениетінің көне көзі, рухани қазына мүлкі, эпостық және аспаптық музыкалық өнерімізді күні бүгінге дейін сақтап жеткізуші ұлттық мұрамыз. Классикалық қобыз музыкасының аты аңызға айналған ең соңғы хас шебері ХІХ ғасырдың ортасында дүниеге келген Ықылас Дүкенұлы. Әрі сазгер асқан күйші Ықылас қобызда ойнау тәсілдерін, диапазонын кеңейтумен қатар, орындаушылық шеберліктің нүктесі жоқ екендігін көрсетіп, қобыздың саз шығару мүмкіндігін молайтып, бақсылардың қобыз тарту мәнерінен өзгеше стильді өмірге әкелді. Ата – бабасынын сазгерлік дарыған Ықыласты халық «жеті атасынан қобызшы екен дейді». Ол Қорқыт бабасының қобызда ойнаған шығармалық мұрасының желісін жеткізуге үлес қосты. Ықыластың өз баласы Түсіпбек және Әбікей, Сүгір есімді жастар оның шәкірттері болды. Сөйтіп Ықылас мұрасы келер ұрпаққа дарыды. Ал олар біздің заманымыздың асқан қобызшылары болған Жаппас Қаламбаевпен (1909-1970), Дәулет Мықтыбаевтың (1904-1976) тәлімгерлері еді. Біздер осы екі өнер саңлақтарына шексіз қарыздармыз. Шын мәнінде осы екеуінің арқасында музыкалық қобыз аспабының барлық құпиясымен қасиетінің қыры мен сыры сақталып өткеніміздің баға жетпес асыл мұрасын шашау шығармай жоғалтпай бізге жеткізіп, қалдырып кеткен. Қобызда ойнап ең алғаш рет концерттік эстрадаға шыққан, 1968 жылы Алматы консерваториясында ашылған қылқобыз класына бірінші сабақ берген де осы екі тарлан.

Жаппас Қаламбаев 1909 жылы Шымкент облысы Созақ ауданының «Талап» колхозында дүниеге келеді. Қобызда ойнауды ол өз бетімен бала жасында үйренеді. Ықластың күйлерін Жаппас оның мұрагері атақты күйші домбырашы Сүгірден үйреніп тәлім алады. Классикалық қобыз күйлерінің домбыралық үлгісін қайта қыл қобызға лайықтап ойнаған да Жаппас. Жаппас Қаламбаев 1934 жылы өткен Республикалық халық аспаптарында орындаушылардың І–слетіне қатынасты. Содан бастап ол Құрманғазы оркестрін ұйымдастырушылардың бірі болып, оның басы-қасында жүрді. 1934 жылдан 1967 жылға дейін осы оркестрдің солисі, әрі альт-қобыз тобының жетекші концертмейстері болып істеді. А.Жұбановтың айтуынша: «Құрманғазы оркестрінде ойнап жүрген (50-60 ж. кезіндегі) барлық қобызшылар алғашқы сабақты осы Ж.Қаламбаевтан алған». Ж.Қаламбаевтың шәкірттерінің ішінде Қазақ ССР-ң халық әртістері Г.Баязитованы, Ф.Балғаеваны, өнертану ғылымының кандидаты, профессор Б.Сарыбаевтардың есімдерін ерекше атауға болады. Алматы консерваториясында қылқобыз класы ашылғаннан соң 1968-1970 жылдары Ж.Қаламбаев осында ұстаздық етіп концерттік-әртістік қызметтерімен бірге атқарып жүрді. Ж.Қаламбаев музыкалық фольклор нұсқаларын жинап зерттеп халық музыкасының ең бір озық сирек кездесетін шығармаларын жазып алып таратып оны жіктеп шешіп шәкірттеріне үйретті. Өзі де күйлер шығарып романстар жазды. Ж.Қаламбаев Қазақстан композиторлары Одағының мүшелігіне 1939 жылы алғашқылардың бірі болып қабылданды.

Ал Дәулет Мықтыбаев аты аңызға айналған атақты күйші Ықластың ұрпағы. Ол 1904 жылы Қорғалжын ауданы Ақмола облысында дүниеге келеді. Қылқобыз ойнауды Ықластың шәкірті Әбікен Тоқтамысұлынан, ал ең бір таңдаулы дейтін шебер де қиын қобыз күйлерін ағасы- Ықластың ұлы Түсіпбектен үйренеді. Ол 1934 жылы Республикалық халық аспаптарында орындаушылардың І-байқауына қатысып алғаш рет көпшілік алдына сахнаға шықты. Оның концерттік қызметі 1937 жылдан Қарағанды облыстық филармониясында солист болып жүрген кезден басталды. Ол қазақтың Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармониясында, Қазақконцертте 1945-1965 жылдары қобызшы-солист болып істеді. Ж.Қаламбаевтан кейін 1970-1976 жылдар арасында Алматы консерваториясында қылқобыз класын жүргізді. Оның шәкірттері Ықыластың орындаушылық дәстүрін шебер жалғастырушы ізбасарлары қатарында: Қазақ ССР-не еңбегі сіңген әртіс К.Әжмұратов, консерваторияның қобыз бен баян кафедрасының меңгерушісі, профессор Б.Қосбасаров, К.Байсейітова атындағы саз мектебінің ұстазы А.Жұмабековтар бар. Д.Мықтыбаевтың қобызға арнап шығарған өз күйлері және халық музыкасын қобызға ыңғайлап өңдеген үлгілері бар.

Қобыз өнерінің өзіндік ерекшелігі дәстүрі бар. Күй тартылар алдында немесе соңында күйдің мазмұны, шығуы, кімге арналғаны, қандай жағдайда туғаны жөнінде айтылатын аңыз-әңгімелері болады. Олар «күй мен аңыз», «күй аңызымен», «аңыздағы күй», «күй-аңыз» (Ә.Мұхамбетованың айтуы бойынша) «Ақсақ құлан», «Қорқыт күйі» дегендей. Қыл қобыз күйлерінің репертуарын көбейтіп молайтуға Д.Мықтыбаев пен Ж.Қаламбаевтың қосқан үлестері ерекше. Екеуі ең алғашқылар болып қазақтың халық әндерімен домбыра күйлерін қобызға лайықтап тарту арқылы орындаушылардың репертуарын айтарлықтай толықтыра түсті.

Ежелгі екі ішекті қыл қобыз аспабы әуелгіде үш ішекті болып жетілдірілді: оның тарамыстан созылған екі ішегі кіші октаваның соль нотасынан бірінші октаваның «до - ре» нотасына дейінгі диапазнды ұстай алатын. Ал металдан керілген үшінші ішек болса, бірінші октаваның ля нотасында құлақ күйі келтірілетін сонда ішектер қобыз тембріне жұмсақ әуез үстейтінде, тембрлік бояуды қоюлататын. Үш ішекті қобызда алғаш күй тартқандар Қазақстанның халық артистері Г.Баязитова мен Ф.Балғаева. Көп ұзамай, реконструкциялау ақырында үш ішекті аспаптың орнын, төрт ішекті қобыз басты: бұл аспаптың негізгі артықшылығы - құлақ күйі квинтаға келтірілген төрт метал ішек тартылғандығында. Аспаптың мойыны едәуір қысқартылғанымен, төртінші ішек диапазонды едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді. Оркестрмен төрт ішекті қобыздың бірін –бірі байытушылық роліне Республикадағы қобызшылар мектебінің орындаушылық мәдениетінің өскендігіне және пернелер жоқ бола тұра, әуенбі бірегей тәсілмен – ішекке тырнақ тигізу арқылы шығаратын аса күрделі аспаптың бүгінгі таңдағы ұстанымы жоғары. Кәсіби өнер қасиетіне жету, әлем таныған үздік саз үлгілерін насихаттау, орындаушылық мәдениеттің жоғарылауы техникалық ойнау тәсілдерінің кең диапазондығы, жеке орындаушы аспаптың оркестрдегі жетекші функциясы – төрт ішекті қобызға тән, осы артықшылықтар саз аспабын жетілдіру тарихындағы сәтті табыс болып табылады.

Балаларды қазақтың ұлттық музыкалық аспабы – қобызда оқыту жұмысы алғаш рет 1952 жылы К.Байсейітова атындағы республикалық он бір жылдық арнайы орта білім беру музыка мектебінде басталды. Одан бұрын қобыз аспабы тек қана, Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияда 1945 жылы алғаш ашылған күннен бастап үйретілді. Консерваториялық білім алып шығатын жоғары білімді профессионал қобызшы дайындау үшін аспапты оқыту үшін мектеп жасындағы балғын балаларды үйретуден бастауға тура келді. Ол 1952 жылдан бастан қолға алынды, сол жылы қобыз төрт ішекке көшкен еді. Оған алғаш қозғаушы болған және эксперимент жасатып, Европалық скрипка аспабының озық жетістіктерін үйрене отырып, оны ұлттық аспап - қобызға лайықты қолдана білген Қазақ ССР – іне еңбегі сінген мұғалім Д.Тезекбаев болды.

Қобыз репертуарының өрісін кеңейтуге орасан үлес қосқан еліміздің музыкалық мәдениетінің өкілдері .өздерінің жоғары шеберлігімен орындаушылық мәдениетінің ірге тасын қалады. Бұл қатарда алдымен Құрманғазы академиялық оркестрінің тұңғыш кәсіби қобызшылары, бас імізде қобызшылар тобының концертмейстерлері болған Қазақстанның халық артисттері Г.Баязитованың , қажырлы педагог, қобыздан вибрация алудың хас шебері, сол тәсілін шәкірттеріне дарыта білген профессор Ф.Балғаеваның жұлдызын жандырып, осынау ғажайып аспапқа даңғыл салушы А.Жұбанов атындағы республикалық музыка мектебіне тұңғыш профессионал қобызшы – ұстаздар шоғырын дайындап берген әйгілі скрипка профессоры, кейін Ленинград консерваториясына шақырылған маман И. Лесманның есімдерін айтамыз. Еліміздің мәдениеті мен өнерінің тарихынан лайықты орын алған Ф.Балғаева білім – тәжірибесін бүгінгі жеткіншектерге дарытып жүрген қобызшылардың бүтін бір буынын даярлап шығарды.Республикаға танымал музыканттар әрі тәжірибелі педагогтар М.Каленбаева, Р.Нұрпейсова , З.Бисембаева, Л.Шөженова С.Құсайынова Қ.Намазова, Т. Кәрібаев, Г.Ізтілеуова есімдері , жаңа дәстүрлі мектептен тәрбие алып, өз кезегінде жарқын қабілет – дарынымен , шынайы шеберлігімен жаңа жұлдыздар тәрбиелеуші еліміздің талантты қобызшылары: ҚР халық артисі, консерватория профессоры Г.Молдакәрімова , ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері КАЗНУИ профессорлары Р.Мұсаходжаева мен Г.Оразәлиева ,ҚР еңбек сіңірген артисі Т.Қарақожаева оқыған К.Байсейітова атындағы дарынды балалардың республикалық музыка мектебінің ұстазы әрі директоры Д.Тезекбаевтың есімі құрметпен аталады.Олар педагогтық жұмыстарын еліміздегі және шетелдегі концерттерге шығумен қатар жүргізуде. Орайлы тұста қандай да көркем өнердің келешегін айқындайтын ұрпақтар жалғастығы , орындаушылық шеберлік пен білім – тәжірибиені ізбасарларымызға қапысыз дарыту екенін даралап айтуымыз керек. Ұстаз –тәлімгердің дәстүр жалғастығындағы рөлі баға жеткізгісіз .Еліміздің орындаушылық мәдениетінде тамаша педегог, ҚР еңбек сіңірген артисі , консерватория профессоры М.Каленбаева айрықша орын алады.



Қобыз үйренудің алғашқы шарттары. 

Оқытушы бірінші кездесуге мұқият дайындалады. Өйткені, оқушы үшін елеулі оқиға. Шәкірт музыка мектебіне алғашқы сабаққа келгенде қызықты да ғажайып құбылыспен жүздесетіндей жұмбақ көңілімен табалдырықты аттайды. 


Бірінші сабақтың әсері баланың жанында ұмытылмастай терең із қалдырады, тағылымы есте берік сақталады. Ол заңды құбылыс. Қабылдау мүмкіндігіне қарай баланың ойында өзінің оқытушысына және оның алғашқы сабағына деген оң немесе теріс пікірі қалуы сөзсіз. Сондықтан оқытушы алғашқы кездесуде балаға жақсы әсер қалдыруға ұмтылады. Ол шәкірттің тек қана игі әсер алуына, сыныпта оның өзін еркін ұстауына, сабақта белсенді де ынталы отыруына, берілген музыкалық тақырыпты жете игреуіне көмектесуге міндетті.

Бәрімізге белгілі, қобызда ойнауды үйренудің алғашқы кезеңі негізінен алғанда, шәкірт үшін қызығы аз, зеріктіретін процесс. Сондықтан алғашқы сабақтардан бастап қобызға баланың қолдарын дұрыс қоюдан басқа, музыка саласындағы басқа дағдыларды да таныстыра отыру керек. Мысалы ән айту, салатын әндерін іріктіру, ноталық сауатын ашу. Жаңа дағдыға қадам жасау шәкірттің ынтасын оятып қызықтырып отырады.

Сабақ беру әдістемесі педагогикалық тәсіл-амал жүйесінен тұрады. Соның көмегімен оқытушы оқушыға өзінің білімін жеткізеді. Бұл тәсілдер – ұстаздардың көптеген ұрпақ тегі тәжірибесі негізінде дүниеге келген. Осындай тәжірибелердің негізінде қобызда ойнаудың да қиындығы – сол мен оң қолдың бір мезгіл әр түрлі қимыл-әрекеттер жасауы керектігінде, дыбыс әдемі шығуы, тырнақ көбесін дұрыс қолдана білуге байланысты екендігі анықталады. Істің мәнісі алғашқы үйрету әдісінде. Алғашқы үйрену қиынға соғатын оқушылар үшін оңайланатын амал-әдістер жасалуы керек. Тұтас жинақталған амал - әдістерді үйреткеннен гөрі жеке-жеке тәсілдермен үйреткен жеңілдеу тиеді. Жекелеген амал-әдістерді әрқайсысын бөлек үйреніп болғаннан кейін оларды тұтас қосып үйрету әрине,жақсы нәтиже берері сөзсіз. Бала тәрбиесіндегі қоршаған ортаның шешуші роль атқаратыны анық. Әрине бірінші орында отбасы мен мектеп. Оқытушы оқушысы мен оның ата-аналарымен жақсы қатынаста болуы керек. Мұндай өз - ара байланыс шәкіртінің мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал етуіне, көзқарасы мен талғамын ұштауға, білім мен ой-өрісін кеңейтуге, тіпті жан-жақты жетілуіне музыка құдыретімен әсер беруге көмектеседі. Ал мұндай жағдайға жету үшін шәкіртінің алдында оқытушының беделі жоғары, бала қызығатын өмірлік әлеуметтік мәселелеріне қанық болуы керек. Оқытушы оқушының әуелі қобызды дұрыс ұстауын қадағалап, содан кейін оның қолдарының бос қойылуын, ысқышты дұрыс ұстауын үйретеді.

Қол қойылымы

Оқытушы назары қолдың сыртқы сипатына емес, бұлшық еттердің еркін қимылына көңіл бөлуі керек. Бүкіл дене бұлшық еттерін еркін қозғалысы шәкірттің ешбір қиындық көрмей қолдарының дұрыс қойылуы үшін де, сондай-ақ ойын ырғағы үшін де тиімді табиғи қалып табуына көмектеседі. Аспапта ойнаған тұста балаға ең алдымен қолдарының, сондай-ақ денесін ің және аяқтарының дұрыс бағыты аса қажет. Отырғанда денесін дұрыс ұстау физиологиялық тұрғыдан да дұрыс екенін түсіндіру. Ойнау барысында қолдар үздіксіз өзгеріс үстінде болады. Оқушы аспапта ойнау шеберлігін меңгерген сайын өзінің қол қойылымын, отырысын қадағалауы керек. Ұзақ ақыт бойына қобызда шаршамай ойнау үшін музыкант өзін еркін ұстаумен қатар денесін жинақы сақтауы, орындықтың жарты бөлігіне немесе үштен біріне жайғасып отыруы тиіс.



Оң қолдың қойылымы

Оң қол бос, бірақ белсенділік жағдайында болуы керек. Сұқ саусақ ысқыштың сыртқы жағынан сүйемелдей жанасады. Ортаңғы және аты жоқ саусақ өз еріктерінше бос жатуы керек. Негізгі төрт саусақтың орта буындары шамамен бір деңгейде болуы тиіс. Барлық саусақтың да формасы – кейпі сәл дөңгеленген бейнеде беріледі. Бас бармақ та дөңгеленіп шеңбер сипатта ысқыш тұтқасында шамамен ортаңғы саусаққа қарсы, бірақ түйіспей орналасады. Ал саусақтардың дұрыс қойылуы дағдыға айналған кезде шәкірттің саусақтарына ысқышты ұстатып, қолдың ысқышты дұрыс ұстап тұрғанын тексеру керек. 


Ысқышты төмен жүргізгенде оң қолдың буыны сәл иіледі, ал жоғары жүргізгенде буыны иіледі де салбыраңқы кейіп алады. Оқушы ысқышты «ре» ішегімен дұрыс жүргізгеннен кейін, «ля» ішегін де қатар меңгеруі керек. 
Оқытушыға ысқышты жүргізудің практикалық дағдысын қалыптастыруды дамытуға кіріскенде, алдымен баланың қолының талмауына септесетін, неғұрлым жеңіл жаттығуды іріктеп, істі содан бастауды ескерген жөн. Алғашқы жаттығулар үшін ысқышты ортасы содан соң жоғары бөлігін пайдаланған дұрыс. Оқушы ысқышты әрбір бөлігінде ойнап үйренгеннен кейін, ысқыштың түгел бойымен орындалатын жаттығұларға ешбір қиындықсыз көше алады. Оқытушы оқушының қолын дұрыс қойылуы мен еркін болуын және қобызда дыбыстың құлаққа жағымды, таза шығуын үнемі бақылау керек.

Сол қолдың қойылымы

Сол қолды шынтақтан ішек деңгейіне дейін иіп көтеру қажет. Барлық саусақтар дөңес кейіпте болып тұрады. Алақан қобыз мойнына жабыспай орналасады. Оқушы қобыздың төмен сырғып кетпеуі үшін, оны екі тізесімен қысып ұстайды. Қобызды өз бетімен жақсы ұстауды меңгерген соң, ішек басуды және дыбыс шығаруды үйренугекіріседі. Алдымен саусақтарды ішекке дұрыс қою үйретіледі. Мұнан кейін әр саусақты түсіріп – көтеріп үйреніп, шәкірт шеберлігін, қозғалыс дәлдігін танытады. 


Қобызда ойнаған кезде саусақтар ішек аралығына қойылуы қажет, ішекке тырнақтарды тік тигізіп ұстау керек. Бір ішекте ойнағанда барлық саусақтар ішекке бәрі бірге емес, біртіндеп кезекпен дөңестене орналасады. Қолдың анағұрлым еркін қозғалысын сақтау үшін, бас бармақ мойынға жеңіл ғана тиіп тұруы тиіс. Саусатардың барлық төрт ішек бойында ауысуы ыңғайлы болуы үшін бас бармақ қобыз мойнына емін-еркін орналасады да, қобыз мойнын қыспай, шамамен орта «ре» және «ля» ішегіне қарама – қарсы орналасады. 
Саусақтардың аталған міндеттерді орындауын жеңілдету үшін, қолды асылған қалыпта ұстау қажет. Қолдың жоғары не жоғарлау ұсталуы біржағынан ойналатын ішекке де, позиция – ұстаным тұғырына байланысты. Ішекке саусақтардың еркін жүруі үшін қолды алғашқы позицияда біршама «орта» биіктікте ұстаған жөн. Сол қолдың дұрыс жолға қоюдың қарапайым тәсілдері осы.

Қобызда ойнаған кезде біз сол қолдың төрт саусағын пайдаланымыз, әр саусақтың өз нөмірі бар. Мысалы, 4-ші «соль» ішегінде, «соль» нотасы ашық ішек болса, 1-ші сұқ саусақпен «ля» нотасын, 2-ші ортаңғы саусақпен «си» нотасын, 3-ші аты жоқ саусақпен «до» нотасын, 4-ші шынашақпен «ре» нотасын аламыз. Нотаның астына немесе үстіне қойылатын цифрлар осы ноталарды қай саусақпен ойнайтынын көрсетеді. Бас бармақ қобыз мойнының артқы жағында еркін жылжып тұруы керек. Сол қол саусақтарының буынын қатайтпай бос ұстаған жөн. Мысалы саусақтардың 4-ші «соль» ішегінде орналасуы:



Оқушы қобыздың төрт ішегінде саусақтардың орналасуын игергеннен кейін үйренуді «соль» мажор гаммасынан бастаған жөн. Осы жағдайда «соль» мажордың ыңғайлы болатыны сол, ол ойын кезінде қобыздың барлық төрт ішегін қамтиды.

Оқушының музыкалық орындаушылық тәсілін жетілдіре түсудің ең басты шарты - оң қолмен сол қолды еркін, әрі табиғи түрде дұрыс ұстауға үйрету. Пьеса ойнағанда: штрих, аппликатура орындаушылық шеберлікті жетілдіруге байланысты талаптарды сауатты үйрету керек. Оқушыны шығарманың характеріне байланысты: динамикасына, екпініне, мазмұнына жұмыс жасай білуге үйретіп, шәкірттің творчестволық белсенділігін, әсемдік сезімін тәрбиелеп өсіру керек. Түрлі аспаптарда қосылып ойнау ансамбль дағдысын үнемі жетілдіріп отырамыз.Тыңдаушы көпшілік алдына шығып: сахнада ойнауға, концерт қоюға, оқушыны тәрбиелейміз.

Сабақта шығарманы күй табақтармен, магнитофон арқылы оқушыға тыңдатып, есту қабілетін арттырамыз.



Сынып сағаты - «Киелі Қорқыт ата қобызы»2013ж өткізілді.

Мақсаты: Сан ғасырдан өткен Қорқыт қобызының үнін бүгінгі

ұрпаққа үлгі ету. Атадан балаға мұра еткен қыл қобыз

аспабының  шеберлерімен танысу. Күйлер арқылы оқушының

бойына жақсы қасиеттер беру. Шығармашылық қабілеттерін

дамыту.

Сынып сағатын «Қорқыт – қобыз» әнімен бастаймыз.



Орындайтын: қобыз аспабының 5 сынып оқушысы Халықбергенова Лира.

«Қорқыт-қобыз»

Әнін жазған: Рамазан Тайманов

Сөзін жазған: Оңталап Нұрмаханов

Қорқыт бабамыздан қалған,


Қобыз - өкініш пен арман.
Тыңдасаң, сыр айтады,
Өкініп мұң айтады.

Оғыз - ұрпақтары тірі,

Қобыз заманының үні.                                                    
Бозінген боздағаны,
Жүректі қозғағаны.

Қорқыт, әруағы қозған,


Қобыз, қиялынан озған.
Шежіре шер артады.
Өнердің алды аспаны.

Қобыз - дүниенің шегі,


Қорқыт - тәңірімнің тегі.
Мәртігін мақұлдатқан,

Өлместің отын жаққан



Гұлнұр Оразымбетованың орындауында бейне клип «Қорқыт қобыз» әні оқушылар назарына ұсынылды.

Қорқыттың өмір жолы

Қорқыт-VIII ғасырда Сыр бойында бұрыңғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Сонымен бірге ол туралы көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін қайтпас күрескер сипатында айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді екен. Ұлы күйшіге өзі іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты көрінеді. Ол күйлерін толласыз тартып, дүниеден өтеді. Өзі өлгенмен артында күйлері, ұлғатты сөздері қалады.
Каталог: uploads -> doc -> 0641
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0641 -> Тіл дамыту Аңдардың қысқы суықтан қалай қорғанады?
0641 -> Аты –жөні,тегі: Шәуленбек Қырмызы
0641 -> Сабақтың тақырыбы: «Жанартаулар. Ыстық бұлақтар. Гейзерлер» Сабақтың мақсаты: Білімділік:
0641 -> Сабақ №29 Сынып: 5 Күні: Пән: Қазақстан тарихы Тақырыбы: Ғарышты игеру
0641 -> Тақырыбы: «Бар жақсылық табиғаттан таралған»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет