Кіндікті өңдер алдында акушерка қолдарын мұқият жуып, спиртпен сүртіп, стерильді қолғап пен маска киеді.
Нәресте жағында қалған кіндік қалдығын 70% этил спирті мен 0,5% хлоргексидин глюконанатының ерітіндісінен малынған стерильді тампонмен сүртеді, содан кейін кіндікті үлкен және сұқ саусақтар арасында қысады.
Арнайы стерильді қысқышқа стерильді металлдық скобканы Роговин кіргізеді, теріге жақын кіндік сақинасынан 0,5 см төмен кіндікке салады.
Кіндіктің қалдығын скобкадан 0,5-0,7 см жоғары кеседі.
Кіндік жарасын 5% калий перманганатының ерітіндісімен немесе 70% этил спирті мен 0,5% хлоргексидин глюконанатының ерітіндісімен өңдейді.
Кіндікке скобканы салғаннан кейін пленка тәрізді препаратарды қолдануға болады.