Ботакөз Лесбекқызы мен Мадина Тулкунқызы Сандар тізбегі



бет1/84
Дата14.12.2022
өлшемі4,6 Mb.
#162738
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Байланысты:
Математикалық сауаттылыққа тест тапсырмалары
Әбдірахман Дәулет ЖМҚБ 02-20 КДС срс 3., эссе, 9 сыныпқа арналған 0-дік срезdocx, пед жаңа, Иммун тест



АЛҒЫ СӨЗ

Ұлттық бірыңғай тестілеу 2017 жылы жаңа форматқа ауысқанына байланысты, талапкер үш негізгі міндетті пәннен тестілеуден өтетіні белгілі. Соның ішінде міндетті үш пәннің бірі математикалық сауаттылық. Бұл кітапта математикалық сауаттылықта кеңінен қолданылатын тақырыптарды қарастырдық. Есептерді тақырыбы бойынша жинақтадық. Бұл кітапта алдымен тақырыптың анықтамасы жазылып, артынша мысалдар келтірілген, сол тақырыпқа байланысты есептер берілген. Есептердің кең ауқымды түрлері жинақталған бұл кітапта есеп шығарып жаттығуға, есте қалуына көп көмек береді.


Сіздердің назарларыңызға ұсынылатын «Математикалық сауаттылық» шағын жинақталған кітабы, бірыңғай ұлттық тестілеуден табысты өту үшін, тестке өз бетінше дайындалуды мақсат еткен әрбір талапкерге, мұғалімдер мен репетиторларға арналған.
Бұл кітап жоғары оқу орнына түсушілерге өте пайдалы кітап болады деген сенімдеміз.


Ботакөз Лесбекқызы мен Мадина Тулкунқызы

Сандар тізбегі


Сандар тізбегі дегеніміз – натурал сандар мен мүшелерін нөмірлеп шығуға болатын шексіз сандар жиыны. Натурал аргументті функция сандар тізбегі, ал тізбекті құрайтын сандарды тізбектің мүшелері деп атайды.


1-МЫСАЛ.Сандар белгілі бір заңдылыкпен берілген. Бесінші санды табыңыз 22; 202; 2002;...
А) 2000002 В) 2002 С) 20002
Д) 220002 Е) 200002
Шешуі: Бесінші санның арасында төрт нөл болады.
Жауабы: Е) 200002


2-МЫСАЛ. 5, 8, 4 және 1 төрт цифрымен жазылған ең үлкен және ең кіші төрт таңбалы сандардың айырмасын табыңыз.
А) 4393 В) 7056 С) 4356
Д) 7083 Е) 4383
Шешуі: 8541-1458=7083
Жауабы:Д) 7083


Дәрежелі сандардың қандай цифрмен аяқталатындығына
байланысты ережелер
Математикалық сауаттылық емтихандарда дәрежелі сандардың қандай цифрмен аяқталатындығына байланысты есептер кездеседі. Енді соларға тоқталайық.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет