Газет – журнал беті
Математикалық сауаттылық емтихандарында газет және журнал беттеріне байланысты есептер бар. Оларды шығару үшін мынадай ережені білу қажет:
Егер газет немесе журнал n беттен тұрса, онда кез келген қос бетінің қосындысы n+1 болады
|
Мысалы 40 беттен тұратын газетті қарастырайық. Оның ең алғашқы бетінде "1"нөмері, ал ең соңғы бетінде "40"нөмірі жазулы тұрады.
Осылай қос беттен жаятын болсақ, газеттің бір жағында "1"нөмері , ал екінші жағында "40"нөмері тұрады. Екеуінің қосындысы: 40+1=41
Ал осы беттердің артында, яғни 1-ші беттің артында "2"нөмері, ал 40-шы беттің артында "39"нөмері жазулы тұрады. Олардың да қосындысы тұрақты болады: 39+2=41
|
Солай солай жалғаса береді:
38+3=41
37+4=41
36+5=41
35+6=41
|
1-МЫСАЛ.
Асқар көшеден бір газет парағын тауып алды. Оның бір жағында 27-ші бет , ал екінші жағында 10-шы бет жазулы тұрды. Сонда газет неше беттен тұрған?
А ) 40 В) 37 С) 36 Д) 44 E) 46
Шешуі : Ереже бойынша: егер газет немесе журнал n беттен бұрса, онда кез келген қос бетінің қосындысы n+1 болады. Осы ереже бойынша қос бетінің нөмірлерін қосамыз:
n+1 = 27+10
n+1 = 37 Сонымен газет 36 беттен тұрады.
n = 37-1
n = 36
Жауабы :C) 36
2-МЫСАЛ. Айбек ортасындағы парақтары жыртылған журнал тауып алды. Оның бір жағында 18-ші бет, ал екінші жағында 59-шы бет жазулы тұрды. Сонда журнал неше беттен?
А ) 78 В) 74 С) 77 Д) 75 E) 76
Шешуі: Ереже бойынша: егер газет немесе журнал n беттен бұрса, онда кез келген қос бетінің қосындысы n+1 болады. Осы ереже бойынша қос бетінің нөмірлерін қосамыз:
n+1 = 18+59
n+1 = 77 Сонымен газет 76 беттен тұрады.
n = 77-1
n = 76
Жауабы : Е) 76
Сандардың арифметикалық ортасы
Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады.
1-МЫСАЛ. Шахмат ойыны жарысында 11-сынып оқушылары: 13, 13, 12, 13, 10, 13, 12, 10 ұпайлар алды. Олардың осы алған ұпайларының арифметикалық ортасын табыңыз.
А ) 13 В) 12 С) 10 Д) 11 E) 14
Шешуі: Оқушылардың алған барлық ұпайларының қосындысын тауып, оны ұпайлар санына бөлу керек:
Оқушылардың алған ұпайларының арифметикалық ортасы 12.
Жауабы : В) 12
Достарыңызбен бөлісу: |