Бұранданы кескіндеу және сызбада белгілеу



Дата18.05.2022
өлшемі105,89 Kb.
#143629
Байланысты:
бұранда

Бұранданы кескіндеу және сызбада белгілеу

Бұранда

Тетіктерді бұранданың көмегімен біріктіру ажырамайтын біріктірулерге жатады.

Тетіктің өзегіндегі немесе тесігіндегі винттік кертік бұранда деп аталады.

Бұранданың екі түрі бар, олар бекіту бұрандасы және жүріс бұрандасы.Бекіту бұрандасы тетіктерді біріктіру қызметін атқарады, ал жүріс бұрандасы қозғалыс берілісі қызметін атқарады.

Метрлік бұранда бекіту бұрандасына жатады, оның төбесіндегі бұрышы 60° болатын үшбұрышты профилі бар (182-сурет).

  • Бұранданың осьтік қимасының контуры бұранданың профилі деп аталады. Профилінің пішініне қарай бұрандалар үшбұрышты, тікбұрышты, трапециялы, тіреуіш, дөңгелек бұрандалар болып бөлінеді (181-сурет).

Сыбайлас екі өркеш арасындағы, бұранданың осі бойымен өлшенетін арақашықтық бұранда қадамы (Р) деп аталады.

Сыбайлас екі өркеш арасындағы, бұранданың осі бойымен өлшенетін арақашықтық бұранда қадамы (Р) деп аталады.

Бұранданың сыртқы диаметрі (d) – бұранда профилінің өзектегі шығыңқы ұштары бойынша немесе тесіктегі ойыстар бойынша өлшенетін диаметр.

Бұранданың ішкі диаметрі (d¹) – бұранда профилінің өзектегі ойыстар бойынша немесе тесіктегі шығыңқы ұштары бойынша өлшенетін диаметр. Сызбаларды орындау кезінде бұранданың ішкі диаметрін шартты түрде 0,85d деп қабылдайды.

  • Сызбада өзектегі бұранданы кескіндегенде бұранданың сыртқы диаметрін тұтас негізгі сызықпен, ал ішкі диаметрін тұтас жіңішке сызықпен көрсетеміз (183-сурет).

Сол жақ көріністе фасканы (жүзін) кескіндемейді, бұл бұранданың ішкі диаметрін шеңбер диаметрінің төрттен бір бөлігінде үзілген тұтас жіңішке сызықпен түсіру үшін жасалады. Осы шеңберді түсіру кезінде доғаның бір ұшын центрлік сызыққа шамамен 2 мм-ге жеткізбейді, ал оның екінші ұшы екінші центрлік сызықты осы шамада қиып өтеді. Тілінген бөліктің ұшы тұтас негізгі сызықпен көрсетіледі (183-сурет).

  • Сол жақ көріністе фасканы (жүзін) кескіндемейді, бұл бұранданың ішкі диаметрін шеңбер диаметрінің төрттен бір бөлігінде үзілген тұтас жіңішке сызықпен түсіру үшін жасалады. Осы шеңберді түсіру кезінде доғаның бір ұшын центрлік сызыққа шамамен 2 мм-ге жеткізбейді, ал оның екінші ұшы екінші центрлік сызықты осы шамада қиып өтеді. Тілінген бөліктің ұшы тұтас негізгі сызықпен көрсетіледі (183-сурет).

Тесіктегі бұранданың алдыңғы көріністе кескінделуінде бұранданың ішкі және сыртқы диаметрлерін штрих сызықтармен көрсетеміз (184-сурет).

Тесіктегі бұранданың алдыңғы көріністе кескінделуінде бұранданың ішкі және сыртқы диаметрлерін штрих сызықтармен көрсетеміз (184-сурет).

Алдыңғы көріністе де фасканы көрсетпейді, ал бұранданың сыртқы диаметрін шеңбердің төрттен бір бөлігінде үзілген тұтас жіңішке сызықпен жүргіземіз. Мұнда доғаның бір ұшын жеткізбейді, ал оның екінші ұшы центрлік сызықты бірдей шамада қиып өтеді. Бұранданың ішкі диаметрін тұтас негізгі сызықпен жүргізеді. Бұранданың шекарасын штрих сызықпен көрсетеді (184-сурет).

  • Тесіктегі бұранданы көбіне тілікте көрсетеді (185-сурет), оны сыртқы диаметр бойынша тұтас жіңішке сызықпен және ішкі диаметр бойынша тұтас жуан сызықпен кескіндейді. Тілікте штрихтауды әрқашан тұтас жіңішке сызықты қия отырып, тұтас жуан сызыққа дейін жеткізеді.

Көрінетін бұранданың шекарасын оның сыртқы диаметрінің сызығына дейін тұтас жуан негізгі сызықпен жүргізеді.

Көрінетін бұранданың шекарасын оның сыртқы диаметрінің сызығына дейін тұтас жуан негізгі сызықпен жүргізеді.

Сызбада метрлік бұранда М әрпімен белгіленеді, оның қасына бұранданың сыртқы диаметрінің шамасы жазылады да, одан кейін бұранданың ұсақ қадамы көрсетілуі мүмкін (мысалы, М20х1,5) (186-сурет).

Егер сыртқы диаметрдің шамасынан кейін бұранда қадамының шамасы көрсетілмесе, онда бұл бұранда қадамының ірі (әдетте, 5 мм-ден артық) екендігін білдіреді.

  • Бұрандаларды оң және сол жақ бұрандалар деп бөледі. Сол жақ бұранда жағдайында оның белгіленуінен кейін LN жазуын қосып жазамыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет