Ішкі бұранданы ою қолмен де, механизацияланған құрал-жабдықтарды пайдаланумен де орындалады. Бұл процесс арнайы құрал – бұранойғыш арқылы жүзеге асады.
Бұранойғыш (2.26-сурет) құралдың кесу жиектерін құрайтын бiрнеше түзу немесе бұрама жырашықтары бар қыздырылған бұраманы айтады. Олар, сонымен қатар, кесу процесiнде пайда болатын жоңқалардың орналасуын және кесу аймағынан оның шығарылуын қамтамасыз етеді.
Бұранойғыш екi бөлiктен тұрады - жұмыс және соңында текшелі шығыңқысы бар құйрық бӛлік (қол бұранойғыштарда). Бұранойғыштың жұмыс бөлігі негізгі әдіпті өңдеу үшін сылынылатын (кесетiн) және бұранданың соң өңдеуін жүзеге асыратын калибрлеуші бөліктерден тұрады. Бұранойғыштың құйрық бөлiгі (бұранда қолмен оюда) оны айналтұтқа немесе патронда (механикаланған құралды пайдалануда) орнықтыру үшін қызмет етеді.
2.27-сурет. Бұранда кескіштер: а — домалақ: 1, 2 — сәйкесінше калибрленуші және алынушы бөлік; 3 — жоңқалы жырашық; б — текше (итермелі): 1 — бұранда кескіш тұтқа;2 — бұранда кескіштің жартысы
Бұранойғыштарды жинақ түрінде 2-3 данадан қолданады. Бұранойғыштарды айыру үшін олардың құйрық бөлігіне бұранда өлшемімен қатар домалақ сызбалар жүргізеді: бір - бастапқы; екі –орта; үш – соңғы бұранойғыш үшін.
Сыртқы бұранданы тілуді арнайы құрал – бұранда кескіш арқылы жүзеге асырады. Ол кесуші қырлар жасайтын, ойылған жырашықтары бар сомын болып табылады.
Бұранда кескіштің (2.27-сурет) жұмыс бөлігі екі бөліктен — алынатын және калибрлеуші бөліктерден тұрады. Алынатын бөлік — бұранда кескіштің екі жағына орналасқан конус тәрізді (40-60° бұрышта) болады, ұзындығы 1,5 — 2 орамды құрайды. Калибрлеуші бөлігі бұранда кескіштің ортасында орналасып, ал, ұзындығы – 3-5 орамды құрайды.
Сыртқы бұрандаларды қолмен кесу үшін домалақ, текше (жылжытпалы) және арнайы (құбырлардағы бұрандаларды кесу үшін) бұранда кескіштері қолданылады.
Домалақ бұранда кескіштерді (2.27, а сурет) бүтін және орта диаметрлі бұранданың шамасын реттеуге мүмкіндік беретін тілікті (пружина тектес) етіп шығарады. Бұранда кескішті бұранда кесу кезінде бұранда кескіш орналасқан арнайы айналтұтқа арқылы айналдырады, ол айналып кетпес үшін, винттер арқылы ұсталып тұрған және бұранда кескіш орналасқан қырылған жері бар домалақ жақтау болып табылады. Жақтауды оған бұрап қатайтылған екі тұтқа арқылы айналдырады.
Жылжымалы бұранда кескіш (2.27, б сурет) екі жартыдан (2) тұрады. Оларды арнайы тұтқалары бар екі жақтауға- клуппада (1) бекітеді.
2.28-сурет. Құбырлы бұранданы кесуге арналған клупп:
1 — корпус; 2 — тұтқалары; 3 — бұрамдықты беріліс; 4 — бұранда кескішті жылжыту тұтқасы; 5 — бұранда тұтқалар
Достарыңызбен бөлісу: |