12-сурет. Құлынның қағанақ қабықтарының дамуы
1- төл; 2- аланто-амнион; 3- аланто-хорион; 4- прохорион түктері; 5-хорион түктері; 6- сары уызды қуыс; 7- зәрлі қабат (алантоис); 8- сулы кабат (амнион); 9- қан тамырлы қабат (хорион).
Биенің амнион қабығы алантоистің ішкі қабатымен жабысып жатады, ал күйіс малдарында және мегежінде амнион негізінен хорионмен бірігіп жатады.
Амнион сұйығының көлемі сиырларда 3-5 л., биеде 3-7 л., кой мен ешкіде 0,4-1,0 л., ал мегежінде, қаншықта, мысықта өте аз мөлшерде болады. Төл өскен сайын қажетінше осы сұйықты жұтып денесіндегі су алмасу процесінің реттелуін қамтамасыз етеді.
Зәр қабығы (аллантоис) төлдің ішкі қабатынан түзіліп, оның кіндік тесігі арқылы сыртқа созылып шыққан қапшық. Өте жұқа қабық, оның қабырғасы арқылы төлден хорионға, хорионнан төлге қан тамырлары өтеді. Төл мен зәр қабығын жалғастырып тұратын түтікшені урахус деп атайды. Ол кіндік бауының құрамында болады.
Төлдің зат алмасу процесі нәтижесінде бөлініп шығатын қажетсіз заттар (зәр, нәжіс), осы түтікше арқылы несеп қаншығына жинала береді. Буаздықтың соңына қарай биеде бұл сүйықтың көлемі 7-10 л., сиырда 5-6 л., қой мен ешкіде 0,5 л., мегежінде зәр сұйығы өте аз, тіпті мүлдем болмауы да мүмкін.
Бие, қаншық, мысық және қоян төлінің зәр қабығы (алантоис), сулы (амнион) қабығын түгелдей қоршап жатады да, аланто-амнион және алланто-хорион қабықтарын түзеді. Ал куйіс малдарында, мегежін төлінде алантоис амнионды түгел қоршай алмайды, тек астыңғы жағынан ғана жанасады.
Зәр сұйығының шамадан тыс көбейіп кетуі (ірі малда 20 л., уақ малда 3-5 л) бөсір ауруының (водянканың) белгісі болып табылады.
Зәр сұйығы да амнион сұйығындай төлді сыртқы ортаның соқкысынан сақтайды. Туу акті кезінде жатыр мойнының ашылуына көмектесіп, туу жолдарын ылғалдап, оның езіліп-жыртылуынан сақтайды.
Бақылау сұрақтары:
1.Буаздық деген не?
2.Буаздықты анықтау тәсілдерін атаңыз?
3.Ректосервикалды әдісі деген не?
4.Зигота дегеніміз не?
5.Карбункул дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |