Будда (санскрит сөзі – көзі ашылған деген мағынада) діні



бет10/12
Дата02.05.2020
өлшемі77,68 Kb.
#65482
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
2-тапсырма

Англикан шіркеуі - ағылш. The Church of England - протестант шіркеуілерінің бірі; құдайға құллшылық ету жолы мен ұйымдық принциптері жағынан басқа протестант шіркеулеріне қарағанда католик шіркеуіне жақын.

Англикан шіркеуі - Англияның мемлекеттік шіркеуі. 16 ғасырдағы Реформация кезеңінде пайда болған.

Томас Кранмер (1489—1556), Кембриджском университет Докторы, 1533 жылдан Кентерберий архиепископы

Оны король басқарды ("Суперматия туралы акт", 1534). Оның діни уағызы мен ұйымдық формалары негізінен католиктік күйінде қалды. Эдуард VI тұсында Томас Кранмер (1547-1553) протестант және католик дінінің уағыздарынан құрастырып жазды.

Елизавета Тюдор тұсында "39 сүредегі" (1571 ж.) діни уағыз кальвинизмге сәл жақындатылды. Англикан шіркеуі абсолютизмнің берік тірегіне айналады. 17 ғасырда ағылшын буржуазиялық революциясының теңгеурінімен таратылды, ал 1660 ж. Стюарттар әулеті тұсында қалпына келтіреді.

Англикан шіркеуі басшысы - король; епископтарды іс жүзінде сол тағайындайды. Олардың ішіндегі ең үлкені - кентерберий архиепископы, одан кейінгісі - йорк епископы. Епископтардың едәуірі лордтар палатасына мүше. Шіркеудің негізгі ережелерінің бәрін парламент бекітеді. Шіркеуді ұстауға жұмсалатын шығынды көбінесе мемлекет көтереді. Англикан шіркеуінің жоғарғы иерархиясы финанс олигархиясы мен және Англияның ақсүйек жер иелерімен тығыз байланысты.

Англикан шіркеуінде 3 бағыт бар:


  1. жоғарғы шіркеу (High Church) католицизмге негұрлым жақын;

  1. төменгі шіркеу ( Law Church ) пуратанизм мен пиетизмге жақын;

  1. кең көлімдегі шіркеу (Braod Church) барлық христиандық ағымды (Англикан шіркеуіндегі басты бағыт) біріктіруге тырысады.

8. Протестантизм және кәсіпкерлік этикасы

Т. Мордың (1478-1535) «Утопия» және Т.Кампанелланың (1568-1670) «Күн қаласы» атты алғашқы гуманитарлық шығармаларында жастардың оқуын өндірістік еңбекпен байланысуы туралы идеялар айтылған. Балаларды еңбек іс-әрекетіне міндетті түрде дайындау керек деп есептеген, қоғам өмірінде мамандық пен қолөнердің рөліне демократиялық көзқарас білдірген.

XVIII ғасырда білім беру мекемелері жүйесіне жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындары, училищелер (1714) енді. ХVІІІ ғасырдың аяғында кәсіптік білім беру жүйесінде білімге бағытталған алдыңғы кезеңнің тенденциясынан өзгешелігі бар жаңа идея пайда болды. Мұнда негізгі акцент құралдарды және өндірістік технологияларды меңгере алуға қойылды. Социал-утопистердің К.А. Сен-Симон (1770-1825), Ш.Фурье (1772-1837), Р.Оуэннің (1771-1858) қоғамды қайта құру бағытында жасалған жобаларында жастарды кәсіптік дайындауға келесі идеялар ұсынылды: еңбектің жалпылығы, балалардың «индустриалды ұранының» дамуы, жалпы білім беру жүйесінде кәсіптік мектептердің теңдігі.

Русьта, ежелде пайда болған қолөнер ХVІІІ ғасырға дейін жастарды кәсіптік дайындаудың негізгі формасы болып қала берді. І Петрдің қолдаушылары В.Н. Татаринцев (1868-1750) пен В.И. Геннин (1676-1750) мемлекеттік тау-зауыттық мектептер жүйесін жасады, сонымен қатар алғашқы регламенттер – болашақ жұмысшыларды тәрбиелеу және қолөнерге оқыту әдістемесі мен ұйымдастыру туралы құжаттар жиынтығын жасады. Либералды-буржуазиялық педагогиканың өкілі Н.И. Пирогов (1810-1881) қоғамдық тәрбиелеу идеясына негізделген, тар маманданудан айырылған кәсіптік білім беруді ойластырған. Ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский (1824-1870) өзінің «Петербургтағы қолөнер оқушылары», «Жексенбілік мектептер», «Астаналарда қолөнер мектептерінің қажеттілігі» атты мақалаларында қолөнерге оқыту жүйесіне сын білдірді. К.Д. Ушинский жаңа типті қолөнер білімінің келесі функцияларын көрсетті:

- экономикалық - ғылым мен техниканың талаптарына сай қолөнерді орындау;

- әлеуметтік - отандық мамандарды дайындау;

- салттық - балалар еңбегін пайдалану;

- педагогикалық - кәсіптік мектептер жүйесін құру, оқу мен еңбек арасында байланыс орнату, психология мен педагогика талаптарына жауап беретін кәсіптік оқытудың әдістемесін құру.

Кәсіптік білім берудің әдістемесі мен теориясының дамуына үлкен үлес қосқан «Техникалық білім беру» (1892-1917) журналы болды. 1862 жылы Ресейдегі кәсіптік білім берудің көрнекті қайраткерлері Е.Н. Андреев пен А.Г. Неболсин басшылық еткен Орыс техникалық қоғамының Техникалық білім берудің тұрақты комиссиясы ашылды.

Бастауыш және орта білім берумен қатар, қоғамдық өмірдегі жаңа құбылыс ретінде кәсіптік-техникалық оқыту жүйесі өмірге келді. Ол екі бағытта дамыды: бастауыш мектептерде қол еңбегін дамыту; шеберлер дайындайтын оқу орындары мен төменгі техникалық училищелерді ашу қолға алынды. Жалпы білім беретін мектепке қол еңбегін ендіру мәселесі жалпыресейлік техникалық және кәсіптік білім беруге арналған жалпыресейлік үш съезде (1889-1890, 1895-1896, 1903-1904 жж.) қаралды.

XIX ғ. соңы мен XX ғ. басында Ресейде техникалық білім берудің бастауыш шеберханалық училищелер мен төменгі және орта техникалық училищелер тәрізді жаңа жүйесі құрылды.

Кәсіптік педагогиканың дамуына білім берудің мемлекеттік жүйесінің негізі болған ғалым-механик және қаржы министрі И.А. Вышегорский жасаған «Ресейдегі өндірістік білім берудің жалпы жоспары» (1884 ж.) атты жобасы үлкен үлес қосты. Орыс ғалымдары мен инженер-педагогтары (Д.И. Менделеев, В.К. Делл-Вос, В.И. Гриневецкий, И.А. Стебут, А.И. Гурнов, Д.К. Советкин, С.А. Владимирский, М.В. Лысковский) кәсіптік білім беруге негізгі талаптарын қалыптастырды:

- дамып келе жатқан экономикаға сай болуы;

- дайындалып жатқан мамандардың бәсекелестікке төзімді болуы;

- жалпы білім беру базасында кәсіптік білім берудің дамуы;

- кәсіптік мектептердің әртүрлілігі және әрдеңгейлілігі;

- оқытуды өндірістік еңбекпен ұштастыру.

Қазақ халқы арасында еңбек тәрбиесі туралы Ыбырай, Шоқанның тағылымдары, оның жастарды жан-жақты жетілдірудің тәрбиелік негізі болып есептеледі. Ыбырай өзінің «Атымтай жомарт», «Әке мен бала», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» атты балаларға арналған әңгімелерінде балаларды еңбек арқылы жан-жақты жетілдірудің үлгісін көрсетті. Ол еңбек тәрбиесінің жеке адамды қалыптастырудағы рөлін «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімелерінде білімнің жаңа адамды қалыптастырудағы рөлі мен маңызын көрсете білген.

Ыбырай Алтынсарин – қазақ педагогикасын құру, мектеп ашу арқылы оқу-ағарту тарихында қазақтың тәрбие тағылымының, оның ішінде еңбек тағылымының еңбек пен еңбек тәрбиесінің теориясын жасаушы тұнғыш педагог. Ол, 1883 жылы Торғай қаласында ашылған қолөнер мектебіне еңбек сабағын енгізіп, оқушыларды еңбекке үйрету бағдарламасын жасап, училищенің басты мақсаты оқушылардың еңбек тәрбиесін жақсарту деп біледі. Алтынсарин ең бастысы өзінің халқын сүйген. Ол осы тұрғыда былай деп жазған болатын: «Қазақ табиғатынан ақын жанды, дарынды халық, осы халыққа жетпей жүрген екі нәрсе бар: ол біріншіден – олардың білімімен кенжелігі, екіншіден – еңбек етуге баулуы және еңбек тәрбиесінің жетіспеуі деген екен. Одан әрі пікірін жалғастырып «Қазақ халқы азбаған халық, оның ой-пікірі еркін, оның келешегі үшін, оған тек сана-сезімі жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді халықтық еңбек өнерін үйрену керек» деген болатын.

Шоқан Уәлихановта еңбек пен еңбек тәрбиесінің пайда болып, оның дамуын ғылыми тұрғыда шешті. Еңбек тәрбиесінің теориясы, оның практикада қолданылуы – еңбектің дене еңбегі мен ой еңбегі болып бөлінуіне байланысты дамиды деген тұжырым жасады



9. Ислам әлемнің жаратылысы туралы 10. Исламның шарттары мен тыйымдары
Ислам (араб.: إسلام‎) — әлемдік монотеисттік-ибраһимдік дін. Христиандықтан кейін дүниеде көп таралған дін. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Алланың заңдарына) «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Алланың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы Құран Кәрім (араб.: القرآن الكريم‎) — классикалық әдеби араб тілінде (араб.: الفصحى‎) Алла тарапынан түсірілген деп сеніледі.

Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Алла әрдайым адамзат баласын тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус) т.б. бар.. Мұсылмандардың сенімі бойынша соңғы пайғамбар — Алланың елшісі Мұхаммед ﷺ.



Исламның шарттары :
Ислам дінін қабылдаған мұсылмандарға ең алдымен мына төмендегі бес шартты орындау басты міндет болып саналады:
1 Исламның шарттарының біріншісі «Калима-и шаһадат» айту. Калима-и шаһадат айту дегеніміз, «Әшһәду әллә илаһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мұхаммәдән абдуһу уә расулуһу». Яғни ақыл есі дұрыс, балиғат жасына толған, сөйлей алатын әрбір адамның: «Аспан мен жерде Аллаһтан басқа ғибадат етуге лайықты ешкім жоқ. Ғибадат етуге лайықты тек Ол ғана.» «Ол мәңгі бар. Ол барша әлемнің билеушісі. Оның ешқандай кемшілігі жоқ. Оның есімі Аллаһ» деп осы айтқанына бар ықыласымен сенуі. Сондай-ақ Оның құрметті елшісі әдемі, нұрлы, сүйкімді жүзді, көркем мінезді, қара қасты, қар көзді, мүбәрәк маңдайы ашық, көлеңкесі жерге түспейтін, жұмсақ сөзді, араб жарты аралында туылғаны үшін араб ұлтының өкілі болып саналған Хашими ұрпағынан «Абдуллаһтың ұлы Мұхаммед алейһиссалам, Аллаһтың құлы әрі елшісі, яғни Пайғамбары». Уаһбтың қызы Аминаның ұлы.
2 Исламның екінші шарты күн сайын бес рет, уақыты кіргенде, шарттарына сай намаз оқу. Әрбір мұсылманның, күнде уақыты келгенде бес уақыт намаз оқуы және әрбірін уақтылы оқығанын білуі парыз. Намаздың парыз, уәжіб, сүннеттеріне мән бере отырып, бар ықылас ниетін Аллаһу та’алаға беріп, уақытын өткізбей оқу керек. Құран Кәрімде намазды «салат» деп айтқан. «Салат» сөздікте адамның дұға етуі, періштелердің истиғфар (кешірім) оқуы, Аллаһу та’аланың мейірім етуі деген мағыналарға келеді. Исламда «салат» дегеніміз ғылымхал кітаптарында білдіргеніндей белгілі әрекеттерді орындау және белгілі нәрселерді оқуды білдіреді. Намаз ифтитах тәкбірімен басталады. Яғни, ер кісілердің қолдарын құлақтарына дейін көтеріп, кіндік тұсына түсіріп жатқан кезде «Аллаһу акбар» деуімен басталады. Соңғы отырыста, басын алдымен оң жаққа бұрып, сосын сол жаққа бұрып сәлем беру арқылы намазды бітіреді.
3- Исламның бес шартының үшіншісі, Мал-мүлкінің зекетін беру. «Зекеттің» сөздіктегі мағынасы тазалық, мадақ және жақсы, әдемілік дегенге келеді. Исламда зекет дегеніміз қажеттілігінен артып нисап делінген белгілі мөлшердегі дүние мүлкі бар адамның, дүние мүлкінің белгілі бір бөлігін Құран кәрімде айтылған мұсылмандарға міндетсінбей беру дегенді білдіреді. Зекет жеті түрлі адамға беріледі. Төрт мазһабта да төрт түрлі зекет малы бар: Алтын мен күмістің зекеті, саудадағы сатылатын заттың зекеті, қорадағы малдың зекеті және егіндіктің зекеті. Төртінші зекеттің түріне Ушр делінеді. Егіндік жинала салысымен ушр беріледі. Ал жоғарыдағы аталған үш зекет мал нисап мөлшеріне жетіп, содан бір жыл өткен соң беріледі.
4 Исламның бес шартының төртіншісі Рамазан айында ораза ұстау. Ораза ұстауға саум деп айтылады. «Саум» сөздікте бір нәрсені өзгелерден қорғау, сақтау дегенді білдіреді. Бұл үш нәрсе: Ішу, жеу және жыныстық қатынас. Рамазан айы, аспанда жаңа ай (һилал) көрінгенде басталады. Күнтізбедегі есеп бойынша есептелінбейді.
5- Исламның бес шартының бесіншісі, шамасы жеткенде өмірінде бір рет қажыға бару. Жолы қауіпсіз және тәні сау болып, Меккеге барып келгенше үйінде қалған бала-шағасына жететіндей мал-мүліктен артылған ақшамен барып келе алатын адамның, өмірінде бір рет Қағбаны зиярат етуі және Арафат тауында тұруы парыз болады.
Жоғарыда аталған Исламның бес шартының ең үстемі Калима-и шаһадат айту және оның мағынасын түсіну. Одан кейінгісі намаз оқу, ораза ұстау, қажыға бару, ең соңғысы зекет беру. Калима-и шаһадаттың үстем болғаны ғалымдардың ауызбірлігімен білдірілген. Қалған төртеуінің дәрежесінің реті жоғарыда айтқанымыздай. Калима-и шаһадат айту мұсылмандықтың ең басты белгісі. Бес уақыт намаз пайғамбарлықтың 12-ші жылында, яғни хижреттен бір жыл және бірнеше ай бұрын Миғраж түнінде парыз болды. Рамазан оразасы, хижреттің екінші жылы Шабан айында парыз болды. Зекет беру ораза парыз болған жылы Рамазан айында парыз болды. Ал қажылық болса, хижреттің тоғызыншы жылында парыз болды.

11. Сопылар және сопылық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет