Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде


Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қызмет атқарады



бет2/10
Дата25.01.2023
өлшемі7,67 Mb.
#166383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
!!!!!!!!!!1 тема БE

Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қызмет атқарады:
  • Болашақта пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады;
  • Ұйымның қаржылық-ақпараттық мәліметін өңдейді, сондай-ақ оны керек уақытына дейін сақтайды;
  • Қаржылық-ақпараттық мәліметті пайдаланушыларға уақтылы ақпарат беріп отырады, ал бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйымды басқару барысында түрлі шешімдер қабылдайды.



Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты - ұйымдардың даму тенденциясын анықтау үшін мәліметтерді қолдану және оларды талдау, әр түрлі альтернативтерді таңдау, басқару шешімдерін қабылдау, сонымен қатар, болжау кезінде инвесторлар мен кредиторларға тиімді ақпараттар беру, потенциалды ақша ағымдарын салыстыру және оларды бағалау, ұйымдардың табыстылығын анықтау болып табылады.
Бухгалтерлік есеп және оның міндеттері
Шаруашылық есеп кәсіпорындардағы өндіріс процестерін бақылап, есепке алады. Есеп-қисапқа алынған мәліметтер кәсіпорын шаруашылығының жан-жақты өсіп-дамуын көрсетеді.
Жалпы шаруашылық есеп 3 түрге бөлінеді:
- жедел (оперативтік)
- статистикалық
- бухгалтерлік
Шаруашылық есептің міндеттері:
Жедел есеп - шаруашылық операциялары мен процестерін олар жасалып жатқан кезде қадағалауға және бақылауға арналған.
Статистикалық есеп - қоғамдағы статистикалық саны мен сапасы бар өзгерістерді, табиғаттағы құбылыстарды, шаруашылықтағы өзгерістерді тек қана сан жағынан есепке алып қоймай, сапалық қасиеттерін де есепке алып, табиғи заңдылықтарын зерттейді.
Бухгалтерлік есеп - кәсіпорындар жұмысына бақылау жасап, есепке алып, кұнделікті қорытынды шығару.
Бухгалтерлік есептің ерекшелігі - өндірістегі өнімінің өзіндік құнын есептеуде, өндірістің қаржылық нәтижесін шығаруы болып табылады.
Бухгалтерлік есептің тағы бір ерекшелігі кәсіпорындағы барлық процестерді құжаттар арқылы үздіксіз есепке алады, бір жүйеге келтірілген есеп беру мәліметтерінің жинағын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет