Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә. Ж. ҚАзақстан тарихы


Қазақстан Алтын Орда құрамында



Pdf көрінісі
бет27/78
Дата31.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#107177
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   78
Байланысты:
buiraeva zho akhantaeva zh kazakstan tarikhy

Қазақстан Алтын Орда құрамында. 
1227 жылы Шыңғысхан қайтыс болғаннан кейін 
1235  жылы  Қарақорымда  монғол  ақсүйектерінің  құрылтай  жиналысында  Шығыс  Европаға 
жаңа  жорық  жасау  туралы  шешім  қабылданды.  Монғол  әскерін  Шыңғыс  ханның  немересі 
Батый басқаратын болды. Шығыс Европаны бағындыруға аттанған Батый басқарған монғол 
армиясының  көпшілік  бөлігін  қыпшақтар  құрады.  Сондықтан  деректерде  оның  әскері 
қыпшақтық деп аталған. 1236-1242 жж. Еділ Бұлғариясын, орыс княздықтарын бағындырып, 
Польшаны,  Венгрияны,  Чехияны,  Молдовияны,  Валахияны,  Трансильванияны  талқандап, 
Батый  Еділдің  сағасына  қайта  оралды  да,  мұнда  жаңа  монғол  мемлекеті  –  Алтын  Орданы 
құрды.  Бұл  мемлекеттің  аумағы  шығыста  Ертіс  өзенінен  батыста  Еділ  мен  Әмударияның 
төменгі  сағасына  дейінгі  орасан  зор  жерлерді  алып  жатты.  Алтын  Орда  Шығыс  Дешті 
Қыпшақ,  Хорезм  және  Батыс  Сібір  территориясының  бір  бөлігін  қамтыды.  Бастапқыда 
астанасы  Астрахань  маңындағы  Сарай-Батый  қаласы  болды,  кейін  астана  Сарай-Берке 
қаласына Еділ бойындағы жоғарырақ жерге көшірілді.  
Алтын  Орда  көп  ұлтты  мемлекеттік  құрылым  еді.  Ол  әралуан  халықтар  мен 
тайпалардан құралды. Монғолдардың өздері тіпті аз еді. ХІҮ ғасырда монғолдар іс жүзінде 
түріктеніп  кеткен  еді,  ал  Алтын  Орданың  халқы  «татарлар»  деп  атала  бастады.  Сонымен, 
белгілі  шығыстанушы  Л.Н.  Гумилев  атап  көрсеткендей  (Қиял  патшалығын  іздеу.  Алматы, 
1992, 208-б.) «жеңген монғолдар өздері құрған мемлекетте азшылықта қалып, жеңілген және 
бағындырылған  халықтар  шын  мәніндегі  қуатты  күшке  айналып  шыға  келді.  Ал  тақта 
мығым  отыруды  қалаған  басқарушылар  бұл  күшпен  барған  сайын  жете  санасуға  тиісті 
болды». 
Алтын  Орда  алғашқы  кезде  Монғол  империясының  бір  бөлігі  болды,  сөйтіп,  әуелгі 
кезде  монғолдың  ұлы  ханына  қарайтын,  бірақ  Батый  хан  (1242-1256)  өзін  тәуелсіз  билеуші 
ретінде  ұстады.  1260  ж.  Монғол  империясы  тәуелсіз  ұлыстарға  бөлінді.  Алтын  Орда 
Батыйдың  інісі  Берке  ханның  (1256-1266)  тұсында  дербес  мемлекетке  айналды.  Ол  елді 
басқарған кезде Алтын Орда Монғол империясынан біржолата бөлінді. Одан кейінгі Мөңке-
Темір  хан  (1266-1280)  тұсында  Алтын  Орда  тұңғыш  рет  өз  атынан  теңге  құя  бастады.  ХІІІ 
ғасырдың  80-ші  жылдары  Алтын  Ордада  беклербек  Ноғайдың  есімімен  байланысты 
дағдарыс  басталды.  Ноғай  Шыңғысханның  бір  ұрпағы  ретінде  Батый  мен  Берке  кезінде 
мемлекеттегі  екінші  адам  болды.  Оның  ниеті  өзінің  дербес  мемлекетін  құру  еді.  Ол  өзіне 
Дунай, Днестр, Днепр бойындағы елдерді бағындырып алды. Тоқты хан кезінде (1298-1312) 
алауыздық өзара күреске ұласып, 1300 жылы Ноғай жеңіліс тапты, содан кейін ғана Алтын 
Орданың бірлігі қайтадан қалпына келтірілді.  
Өзбек  ханның  (1312-1342)  және  оның  баласы  Жәнібектің  (1342-1357)  тұсында  Алтын 
Орда  барынша  күшейді.  1312  жылы  Өзбек  хан  исламды  мемлекеттік  дін  етіп  жариялады. 
Орыс  княздықтары  Алтын  Ордаға  тәуелділіктерін  мойындап,  ұлы  ханның  қолынан  «князь» 
атағын  алып,  алым-салық  төлеп  тұрды.  Бірақ  билеушілердің  хан  тағына  таласып,  өзара 
қырқысуының салдарынан Жәнібек хан қайтыс болғаннан кейін Алтын Орданың құлдырауы 
басталды.  1357-1380  жылдары  ондаған  хан  ауысады.  Сөйтіп,  бұл  жылдар  Алтын  Орда 
тарихында  «Ұлы  дүрбелең  кезеңі»  деп  аталады.  1380  жылы  Алтын  Орданың  уақытша 


43 
 
билеушісі Мамай Куликово даласында Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен жеңіледі. 
Жошының  ұрпағы  Тоқтамыс  хан  Мамайдың  әлсірегенін  пайдаланып,  Алтын  Орда  билігін 
тартып алады. Өз билігін әскери жеңістермен нығайту үшін ол 1382 жылы Мәскеуге жорық 
жасап,  оны  талқандап,  өртейді.  Ол  сонымен  қатар  Мәуераннахр  мен  Кавказдың  ар  жағына 
бірқатар  жорықтар  жасайды.  Тоқтамыстың  кезінде  (1380-1395)  Алтын  Орда  уақытша 
күшейеді. Бірақ ХІҮ ғ. соңында Әмір Темір Алтын Ордаға бірнеше рет жорық жасап (1389, 
1391, 1395 жж.), оны ойрандап кетеді. Алтын Ордаға Темір мемлекетімен болған соғыс өте 
ауыр  тиді.  Осы  соққыдан  ол  оңала  алмайды.  ХҮ  ғ.  орта  кезінде  Алтын  Орда  құлайды.  Ол 
Сібір хандығы, Ноғай Ордасы, Қазан хандығы, Қырым мен Астрахан хандықтарына бөлініп 
кетеді.  
Алтын  Ордада  Жошы  ұлысының  мемлекеттік  құрылысының  негізгі  бастамасы 
сақталды.  Жошы  ұрпағының  мемлекеті  саяси  құрылысы  жағынан  ұлыстарға  бөлінген,  өз 
кезегінде ұлыстары неғұрлым ұсақ үлес-иеліктерге бөлшектенген әдеттегі көшпелі мемлекет 
болған  еді.  Алтын  Орданың  ішкі  басқару  жүйесінде  қызмет  адамдарынан,  әскери 
ақсүйектерден құралған әкімшіл-чиновниктік аппараты маңызды орын алды. Армияны және 
мемлекеттің  ішкі  істерін  басқару  үшін  ерекше  лауазымдар  белгіленді.  Алтын  Орданың 
билеушісі - хан ондағы барлық қарулы күштердің бас қолбасшысы саналды. Ханның атынан 
бүкіл әскери істі беклербек басқарды, ал азаматтық биліктің басында уәзір тұрды. Беклербек 
уәзірден  дәреже  жағынан  жоғары  тұрды.  Ол  басқа  мемлекеттермен  дипломатиялық 
қатынастарды басқарды және азаматтық істерді шешкен кезде жоғары сот билігін атқарды.  
Алтын Ордада атқарушы орган – диуанның басында уәзір тұрды. Атқарушы өкіметтің 
орталық  органы  –  диуанның  қарауында  қаржы,  салық  және  басқа  ведомстволар  болды. 
Диуанның хатшысы бітікші деп аталды. Уәзір мемлекетті азаматтық тұрғыдан басқару ісінде 
ханның кеңесшісі болды. Мемлекеттік басқару жүйесінде даруғалар мен басқақтар маңызды 
орын алды. Даруғалар негізінен салық жинаумен айналысты, басқақтар басқару міндетін де 
атқара  отырып,  жергілікті  халыққа  әскери  бақылауды  жүзеге  асырды.  Олар  сонымен  қатар 
қалалар мен бағынышты ұлыстардан алым-салық та жинады.  
Монғол әскерлерінің басқыншылығы жаулап алған елдер үшін өзінің зардабы жағынан 
ауыр апат әкелді. Ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың 
саяси,  әлеуметтік  және  этникалық  дамуын  тежеді.  Монғолдардың  шапқыншылығы 
салдарынан  өндіргіш  күштер  әлсіреді.  Көптеген  қалалар  қиратылып,  ортағасырлық  қала 
мәдениетіне  үлкен  зиян  келтірілді.  Әсіресе,  Оңтүстік  Қазақстан  мен  Жетісу  өңіріндегі 
отырықшылық өмір мен егіншілік мәдениетіне бұл ауыр соққы болып тиді. Бағындырылған 
халықтан  алынатын  алым-салық  та  ауыр  және  көп  болды.  Зерттеушілердің  айтуынша 
салықтың 20 шақты түрі болған.  
Дегенмен,  монғол  басқыншылығының  апатты  зардаптарымен  бірге  кейбір  жағымды 
жақтары да болған. Монғол өкіметтері сауда-саттық пен халықаралық байланыстың дамуына 
жағдай жасады, жер-жердің бәрінде пошта және көлік қатынасы қызметін енгізді. Монғолдар 
бір орталыққа бағынатын өкімет идеясын әкеледі, бұрын ұйымдаспаған тайпалардың басын 
қосады.  Көшпелі  өмір  тәртібін  Шыңғысханның  заңдар  жинағы  –  «Ясасына»  сәйкес  келтіре 
бастайды.  Кейін  «Ясаның»  кейбір  нормалары  қазақ  заңдарында  белгілі  дәрежеде 
пайдаланылады.  Мемлекеттіліктің  әлеуметтік  ұйымы  мен  түрлерінің  көптеген  нормалары 
монғол  дәуірінен  кейін  Қазақстанда  пайда  болған  мемлекеттерде  қажетке  асырылады. 
Монғол жаулаушылығы Қазақстан жеріндегі этникалық процестер барысына да әсер етеді.    
 
Бақылау сұрақтары: 
 
1.
 
Жошы қай жылдары «орман халықтарын» өзіне бағындырды? 
2.
 
Шыңғыс  хан  үш  ұлына  Жошы,  Үгедей,  Шағатай  ұлысына  бөліп  берген 
ұлыстық жерлерге қандай территориялар жатты ? 
3.
 
Алтын Ордадағы «Ұлы дүрбелең кезеңі» қай жылдар? 
4.
 
Алтын Ордадағы атқарушы ұйым қалай аталды? 


44 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет