Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә. Ж. ҚАзақстан тарихы


  Ұлт-азаттық көтерілістер



Pdf көрінісі
бет41/78
Дата31.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#107177
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   78
Байланысты:
buiraeva zho akhantaeva zh kazakstan tarikhy
buiraeva zho akhantaeva zh kazakstan tarikhy, 0012237a-acb08d87
 3.5
 
Ұлт-азаттық көтерілістер. 
Ұлы  жүз  қазақтарының  қоқандықтарға  қарсы  күресі. 
ХVІІІ  ғ.  аяғы  мен  ХІХ  ғ. 
басында  Қазақстанның  оңтүстігінде  Хиуа,  Бұқара  және  Қоқан  хандықтарының  мүдделері 
қақтығысқа  түсті.  ХІХ  ғ.  басына  қарай  күшейген  Қоқан  хандығының  күш-қуаты  артып, 
Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу мақсатын қояды. Осылайша өзінің қазынасын толықтыру, 
мал  шаруашылағын  дамыту,  сонымен  қатар,  Ресей  мен  Қытайды  байланыстыратын  Орта 
Азиядағы керуен жолдарына бақылау орнатып, мұсылман халықтары тұратын территорияны 
басып алу еді. 
1810  жылы  Оңтүстік  Қазақстанды  жаулап  алған  уақыттан  бастап  1865  жылы  Ресей 
империясының қол астына өткенге дейін қоқандықтар Ұлы жүз территориясында әкімшілік 
қадағалау  жүргізіп  Ақмешіт,  Жаңа-Қорған,  Күміс-Қорған,  Шым-Қорған,  Шолақ-  Қорған, 
Созақ және т.б. бекіністерді салды. Бұл кезеңде Хиуа мен Бұхара Қоқанға қарағанда әлсіздеу 
болды.  
Қоқан  хандығының  қол  астына  Ұлы  жүздің  көп  рулары:  Бестамғалы  (35  мың  үй), 
Сыйқым (5 мың үй), Шымыр (9 мың үй), Жаныс (7 мың үй) қарады. Жоғарғы әкімшілік билік 
Ташкент  әкімінде  (наместник)  болды.  Оның  екі  көмекшісі:  1)  Саркар  (мырзабасшы)  салық 
жинаумен  және  азаматтық  істермен;    2)  батыр  басшы  (әскери  басшы)  әскери  іс  және 
көшпенділер мәселесімен айналысты. Билерге артықшылықтар беріліп салықтан босатылды, 
олардың  кейбіреулері  «дата»  лауазымын  алды.  Бұқара  халықтың  негізгі  бөлігі  «зекет» 
салығын  (шариғат  бойынша  мүліктің  1/4    бөлігі)  төлеп  тұрды.  Қазақтар  әскери 
міндеткерліктер  атқарып,  олар  қарсылық  көрсеткендерді  тыныштандыру  жорықтарына  да 
қатыстырылып отырды. 
Қоқандықтардың  қазақтарға  түрлі  салықтар  салуы  қарапайым  адамдарға  үлкен 
ауыртпалық  түсіріп, ішкі әлеуметтік қайшылықтарды тереңдетіп, халық ішінде кедейлердің 
көбеюіне  әкеліп соқты. Қоқандықтар билік жүргізген тұстағы ауыр жағдайлар елдің есінде 
қатты  сақталып  қалды.  Қазақ  халқы  қоқан  билігіне  қарсы  наразылықтар  көрсетіп  отырды. 
1810 ж. Ташкент өңірінде тұратын қазақтар салық төлеуден бас тартты. Қоқан ханы Әлім бек 
қарсылық  көрсеткендерді  тыныштандыруға  және  Сайрам,  Ташкент,  Түркістанды  бағыныру 
үшін  12  мың  әскер  жіберді.  Қоқандықтардың  қолына  түскен  төңіректегі  қазақтар 
тонаушылыққа  ұшырады.  Қоқандықтар  Түркістанды  басып  алуы  кезінде  оның  билеушісі 
Тоқай  Төре  Бұхараға  қашуға  мәжбүр  болды.  Бұхараның  әмірі  Тоқай  Төреге  Бұхарадағы 
соғысқа  жарайтын  қазақтардан  жасақ жинап  алуға  рұқсат  берді.  Жасақ  жинап  жарақтанған 
Тоқай  Төре  алдымен  Созаққа  бекініп,  одан  кейін  Түркістанды  қоршауға  алды.  Оған  қарсы 
қоқандықтар Ташкенттен 300 жауынгермен Базар бахадүрді аттандырды. Олар жолда Тоқай 
Төреге  көмек  көрсеткен  1000  отбасынан  тұратын  қазақ  ауылына  шабуыл  жасап,  ауылды 
тонап,  көп  пайда  түсіріп,  адамдарын  тұтқындап  алып  кетті.  Түнде  Тоқай  Төре  Созақты 
тастап  қашуға  мәжбүр  болды.  Одан  кейін  қазақтардың  қарсылығы  біраз  уақыт  басылды. 


82 
 
Тоқай  Төре  уақытша  Бұхараны  паналады,  ал  кейін  ол  Бұхара  әмірінің  балалары    билікке 
таласқан тұста өлтірілді. 
1821  ж.  Тентек  төренің  бастауымен  қазақтардың  Қоқан  үстемдігіне  қарсы  көтеріліс 
болды.  Көтерілісшілердің  саны  12  000  дейін  жетті.  Олар  Сайрам,  Шымкент,  Әулие-Ата 
қалаларын  алып,  бірнеше  бекіністі  қоршады.  Көтеріліске  Түркістан,  Шымкент,  Сайрам, 
Әулие-Ата  төңірегін  мекендеген    қазақтар  қатысты.  Көтерілісшілерге  қарсы  Абул-Қалым-
Аталық басқарған әскер жіберілді. Тентек төре әскерін екіге бөлді. Бір бөлігі Тентек төренің 
басшылығымен Сайрамда, ал екіншісі Шымкентте бекінді. Ұзаққа созылған қоршаудан кейін 
көтерілісшілер  қаруын  тастауға  мәжбүр  болды.  Тентек  төре  жеңілісті  мойындап, 
қоқандықтарға  «баж»  немесе  «жол»  салығын,  «зекет»  төлеуге  және  Қоқанға  баласын 
сыйлықтармен жіберуге келісім берді. 
Ұлы  жүз  қазақтарының  1810-1820  жылдардағы  қоқандықтарға  қарсы  күресте 
жеңілуінің  негізгі  себептері:  қоқандықтардың  әскери  басымдығы,  көтерілісшілердің 
арасында  ауызбірліктің  болмауы,  Бұхара  әмірінің  көмегіне  арқа  сүйеген  көтеріліс 
жетекшілерінің  беделінің  төмен  болуында  еді.  Дегенмен  де,  бұл  Ұлы  жүз  қазақтарының  өз 
еркіндігі  мен  тәуелсіздігі  жолында  қоқан  үстемдігіне  қарсы  шыққан  ұлт-азаттық  күресі 
болатын.     
1822-1842  жж.  Қоқан  хандығының  тағына  Омар  ханның  кіші  баласы  Мадалы  хан 
(Мұхамед  Әли)  отырды,  оның  тұсында  жекеленген  облыстар  мен  Ташкенті  өз  алдына 
билеген  Күшбегілердің    ролі  күшейді.  Ұлы  жүздің  басып  алынған  территориясының  бір 
бөлігі және Сырдария бойындағы қазақтар  Ташкент Күшбегіне жылына 20 мың алтын ақша 
төлеп тұруға міндетті болды.  
1816 жылдан 1821 жылға дейін Арынғазы Хиуаға қарсы азаттық күресін жүргізді. 1815 
жылы Арынғазының әкесі Әбілғазы хан өлгенде ол 30 жасқа толады. Оған дейін Кіші жүздің 
иеліктерінде қайраткерлік танытқан Арынғазы ел арасында біршама бедел жинаған болатын. 
1816  жылы  ел  ішінде  тәртіп  орнату  мақсатында  старшындардың  билігін  шектеп, 
сұлтандардың  өз  білгендіктерін  істеуін  тоқтатқан  еді.  Сондай-ақ,  ол  билер  соты  мен 
молдалардың  да  өкілеттілігін  шектеді.  Арынғазының  ел  арасында  беделінің  өсуіне 
байланысты  старшындардың  көпшілігі  оны  Кіші  жүзге  хандыққа  бекітуді  сұрап  патша 
әкімшілігіне  өтініш  білдіреді.  Арынғазы  болса,  хиуалықтардың  үстемдігін  біржола  жойып, 
сонымен қатар бір хандық құруды жоспарлайды. Бір хандық қана құру Ресейдің келісімінсіз 
мүмкін  емес-ті.  Сондықтан,  Ресеймен  жақындасуды  ойлаған  Арынғазы  Орынбор  генерал-
губернаторы Эссен мен Шекаралық комиссия төрағасы А. Веселицкийдің қолдауына сүйене 
отырып,  патшадан  қолдау  көрсетуді  сұрау  үшін  1821  жылы  Санкт-Петербургке  аттанады. 
Бірақ,  оның  үміті  ақталмайды.  Бұхар  мен  Хиуа  хандықтарының  өкілдерімен  кездесу 
ұйымдастырамыз деген желеумен патша әкімшілігі оны шақырып, тұтқындап, Калугаға  жер 
аударады. Ол 1833 жылы сонда қайтыс болады.   
ХІХ  ғасырдың  20-30  жылдары  патшалық  Ресейге  қарсы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет